Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жаңа жыл - жаңа жыр
Тақырыбы: «Жаңа жыл - жаңа жыр»
Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл күйлерін көтеру. Аяз атаның қыс мезгілінде келетіні жайында түсініктерін қалыптастыру.
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата - аналар, қонақтар, және бүлдіршіндер. Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық,
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық.
«Жаңа жыл - жаңа жыр» атты ертеңгілігіміздің шымылдығын ашу үшін балабақша меңгерушісі ----------------------------- сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Балалар білесіздер ме, бізге алыстан қонақ келе жатыр, қане қарсы алайық.
Музыка ойналады, Ақшақар келеді, балалар амандасады.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме балалар, мені таныдыңдар ма? Мен Аяз Атаның немересі Ақшақармын ғой. Алыстағы қар патшалығынан келдім. Аяз ата сіздерге сәлем айтты өзі де кешікпей келіп қалар. Балалар, бұл қалай сіздердің шыршаларыңның шамы жанбапты ғой. Қане бәріміз бірге шырша шамын жағайық.
Барлығы хормен: Бір, екі, үш,
Шырша шамы жана түс.

Жүргізуші: Ал балалар құр тұрмайық, барлығымыз қосылып ән шырқайық.
Ән: «Шырша әні»

Жүргізуші: Балалар бізге біреу қонаққа келіп тұрған сияқты,.
(Шыршаның артынан қоян секіріп шығады.)

Қоян:
Биші батыр қоянмын,
Ноян десең ноянмын.
Ер болған соң кеш жатып,
Елден бұрын ояндым.
(Қоян секіріп жүреді, алдынан аю шығады, қоян сасқалақтап қалады.)
Қоян: Амансың ба, аю паң?
Аю: Аман ба қоян?
Аю:
Алып батыр балпақпын,
Ақ ниетті дарханмын.
(Аю мен қоян қол ұстасып тұрады, сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.)
Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аюжанға бір сәлем!
Аю мен қоян:
Түлкіжан, түлкіжан!
Жүрген жері күлкілі ән!
(Аю, қоян, түлкі қол ұстасып тұрады, қасқыр келеді.)
Аңдар: Сәлемет пе қасқыр?
Қасқыр: Амансыздар ма достарым?
Аю сені қолдаймын,
Арам ниет болмаймын.
Қадірлі аңдар достасам,
Қастандықпен оңбаймын.
Аңдар қосылып: Жаңа жыл құтты болсын,
Достығымыз мықты болсын!
Жүргізуші: Орманнан аңдарда жаңа жылдық мерекеде өнерлерін көрсетуге келген екен, қане қарсы алайық.
Назарларыңызда «Аңдар»биі.
Ақшақар: Балалар Аяз ата кешігіп жатыр ғой қане дауыстап шақырайықшы.
Балалар: Аяз ата, Аязата, Аяз ата.
Аяз ата: Амансыңдар ма халқым, Жаңа жыл құтты болсын!
Ой айналайындар, қандай әдемі, қандай көңілдісіңдер, шыршаларың қандай тамаша. Мен алыстан сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Аяз ата төрлетіңіз біздің балалардың сізге дайындаған өнерлері өте көп.
Жүргізуші: Балалар біздің арамызда Ескі жыл жүр екен, біз онымен бір жыл бойы бірге болдық, енді бізбен қостаспақшы болған ескі жылды тыңдайық.
Ескі жыл:
Бір жыл бойы сендермен,
Бірге жүрдім ойнадым.
Енді міне балалар,
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: Рахмет саған Ескі жыл, Жыл бойы бізбен бірге болып, көп нәрсені үйреттіңіз, сау болып тұрыңыз.
Балалар: Қош, қош Ескі жыл.
Жүргізуші: Балалар енді Жаңа жылымызды шақырайық.
Балалар: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жүргізуші: Қош келдіңіз жаңа жыл төрлетіңіз.
Жаңа жыл:
Мен жаңа жылмын,
Мен жаңа нұрмын.
Нұрымды да себейін,
Жырымды да төгейін.
Жүргізуші: Енді балаларымыздың жаңа жылға арнаған тақпақтарын тыңдайық.
Еркеназ:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Қош келдің тағыда.
Дайындап жаңа жыр.
Біз күттік тағыда.
Берік:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды,
Қонақтардың бәрінде.
Аяз ата: Балаларым сіздер тақпақты өте жақсы айтады екенсіздер тағы қандай өнерлерің бар қане көрсетіңдерші.
Ақшақар:
Ақшақарлар келіңдер,
Соңыма менің еріңдер.
Би билейік қалықтап.
Би: «Ақшақарлар»
Жүргізуші: Енді балалардың Аяз атаға арнаған тақпақтарын тыңдайық.
Мадияр: Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
Исламбек: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Базарлықты мол алып.
Үмбет: Аяз ата келді,
Тамашаны көрді.
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Қайыңды ауылы «Шапағат»балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Тәрбиеші: Шарафиева Динара Равхатовна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама