Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шаршы және тіктөртбұрыш
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Жетісай қаласы, "№122 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Оңалбаева Меруерт

Сабақтың атауы: Шаршы және тіктөртбұрыш
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға шаршы және тіктөртбұрыштар жайында толық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру.
Дамытушылығы: ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі: бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал
Саған есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Санды тура табатын,
Қиын, әрі қызықты,
Математика болатын.

Қызығушылықты ояту
Математика пәні бізге нені үйретті?
Сұрақ қою арқылы өткен тақырыптарды пысықтау.

Үй тапсырмасы Мысал: 5
50+7=57
98 - 90=8
46 - 6=40
20+6=26
42 - 2 =40
86 - 80=6
58 - 50 =8
40+7=47
17 - 7=10
55 - 50=5
36 - 30 =6
70+4=74

Мағынаны тану
- Балалар, қандай фигуралар шықты?
- Шаршы және тіктөртбұрыш.
- Дұрыс, балалар.
Ал олай болса балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: « Шаршы және тіктөртбұрыш»

Жаңа сабақты меңгерту.
Мысал
1 Есептерді шығару (ауызша)
2. Осы тапсырманы орындау арқылы қандай шешімге келдік?

Сөйлемдерді аяқта
«Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі
Тіктөртбұрыштардың барлық бұрыштары тік болады, төрт қабырғасы, төрт төбесі, төрт бұрышы болады.
Тіктөртбұрыштардың қарама - қарсы қабырғалары тең болады.
Шаршының барлық қабырғалары тең болады.
Тағы бір қасиеті: қарама – қарсы қабырғасын беттестірсек, үшбұрыш шығады.
Ортақ қасиетін табу арқылы
«Венн диаграмма» әдісін қолдану арқылы фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама