Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Жаңа жыл, жаңа нұр
Астана қаласы Білім басқармасы
№70 «Құлыншақ» балабақшасы
«Ақбозат» сәбилер тобының
Тәрбиешісі: Князова Мақпал Қамбарбекқызы
Жаңа жылда жаңа нұр
Жүргізуші:
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Тақпақ айтып, би билеп
Жаңа жылды бастайық.
Құрметті қонақтар, ата - аналар көптен күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін дей отыра ортамызға «Ақбозат» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар.
Келді міне жаңа жыл сәуле шашып
Құлпырады табиғат нұры тасып
Жаңа жылды ағайын қарсы алайық
Қарсы алайық қанекей ән салайық дей отырып енді біздің бүлдіршіндеріміз «Жаңа жыл»әнін салып бергелі жатыр.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: ой рахмет балалар. Кезекті балалардың жаңа жылға арналған
,, 8бтақпақтарына кезек берейік.
Руслан: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Арина: Жасыл желмен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Диана: Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Раяна: Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын.
Зере: Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына

Нұрдаулет: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Диар: Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп.
Бағдат: Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жүргізуші: жарайсыңдар балалар.
Әуенмен аққала кіреді
Аққала: Армысыңдар! Бармысыңдар ағайын! Қане құшақ ашайық,
Достық тойын жасайық, Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
Жүргізуші: Қош келдіңіз аққала, төрлетіңіз. Сізді көріп балалар қуанып қалды. Сізге арнап бүлдіршіндеріміз би билеп береді.
Ортаға балалар «Аққала» биін билейді.
Аққала: Жарайсыңдар балаларым. Сендерге көп рахмет. Керемет биледіңдер, бірақ балалар осы жаңа жылдық мерекемізге бір нәрсе жетпей тұрған сияқты. Ол не екен қалай ойлайсыңдар.
Жүргізуші: мен білетін сияқтымын, біздің шыршамыз жағылмай қалыпты ғой. Ендеше балалар сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер шешімін тапсаңдар шыршамыз жағылады.
Жұмбақ: Ақсақалды ата жылына
Бірақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.
(Аяз Ата)
Жүргізуші: балалар шыршаны жағатын ол әрине Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар. Аяз Ата, Ақшақар уу деп айқайлап шақырады.
Олар кіреді.
Аяз Ата: Сәлеметсіңдер ме қонақтар, сәлеметсіңдер ме балалар. Бізде сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Өздерің сүйкімді, тәп - тәтті балалар екенсіңдер.
Аққала: Аяз ата бізде өте қуаныштымыз. Аяз ата біз мына шыршамызды жаға алмай тұрмыз. Сіз бізге жағуға көмектесіңіз
Аяз ата: мен сиқырлы таяқшамды беріп едім ғой
Аққала: мен оны шыршаның жанына қойдым жоғалтып алмау үшін. Ол қайда кеткен.
Әуенмен түлкі кіреді: сендер менсіз шыршаны жағып жаңа жылды қарсы алмақшысыңдар ма? Аяз атаның сиқырлы таяқшасы менде. Мен сендерге оны бермеймін.
Аққала: түлкі оның не аяз ата шыршаны қалай жағады?
Жүргізуші: Түлкі біздің балалардың барлығы өнерлі сізге өлең тақпақтарын айтып берсін.
Түлкі: қане, онда балалардың өлең тақпақтарын тамашалап көрейін.
Амина: Жаңа жылда балалар
Тек қуаныш көріңдер
Айназ: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Албан: Аяз ата келеді
Бізге сыйлық береді
Аяжан: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Нұрали: Шыршаға бардық
Әсем ән салдық
Мақсат: Думанымыз жалғассын
Жаңа жылға тамаша
К. Арина: Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз біз таласа
Түлкі: ой қандай тамаша өлең тақпақтарын, өнерлі екенсіңдер. Олай болса мен сендерге сиқырлы таяқшамды берейін.
Шырша жағылады.
Аққала: ой қандай тамаша шыршамызға енді сән кірген сияқты.
Жүргізуші: шыршамыз өте әдемі болды. Олай болса балалар біз барлығымыз бірге кішкентай шыршамыз әнін шыршаны айнала жүріп бірге орындайық.
Жарайсыңдар балалар, Аяз ата мен Ақшақар сіздер отырып жайғасып алыңыздар.
Осы кезде сахнаға Аяз атаның сыйлыққа толы дорбасын маймыл алып келеді алып келеді.
Сәлеметсіңдер ме балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Биылғы менің жылымда тәрбиелі, тәртіпті, ақылды, білімді балалар болып жүріңдер.
Жүргізуші: ортаға қой жылы кіреді соң мешін кіреді. балалар қараңдаршы мешін жылы да кіріп келді ортамызға. Ал мешіннің қолында біздің Аяз атамыздың сыйлыққа толы дорбасын көріп тұрмыз.
Аяз ата: көрдіңдер ме балалар мешін жылы менің ұмытып кеткен дорбамды алып келді. Солай ма?
Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Би билеп бар бала жүр
Ендігі кезекті тобымыздың биші қыздарына берейік.
Би: Кадрил
Жүргізуші: жарайсыңдар қыздар,
Ал балалар, балалар
Үнсіз қарап тұрмайық
Тақпақтарды жаттаған
Қонақтарға айтайық.
Рамина: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Еламан: Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді

Мади: Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Луара: Қайда қызық болса думан
Аяз ата сонда болды
Ербатыр: Ақ қырауға малынған.
Сақалы да мұрты да.
Әбдірахим: бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Ералы: Жасыл желмен жамылған.
Асыл моншақ тағылған.
Ілияс: Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Асанали: ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, тақпақтарын өте керемет екен. Ендеше барлығымыз бірге ән шырқасақ.
Ән: «Қыс»
Жүргізуші:
Ақ көрпесін сағынған
Ұйқтап жатқан дала нұр
Балаларды сағынып
Келді міне жаңа жылдай отырып, кезекті балалардың жаңа жылға арналған тақтақтарына кезек берейік.
Т. Арнур: тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

Ш. Асанали: Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Ералы: Жасыл желмен жамылған
Асыл моншақ тағылған
Ахмет: Аппақ – аппақ ақша қар
Қар жамылды бақшалар.
Ә. Інжу: Жаңа жылда балалар
Тек қуаныш көріңдер
Аяз ата: қандай өнерлі балапандарсыңдар. Қадамдарың нұр болсын. Мынау Ақшақар қызымыз екеуміз сендерге дайындаған сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Сіздерге көп рахмет!
Ақшақар: жаңа жылда сіздердің барлықтарыңызға денсаулық, жақсылық әкелсін деп тілейміз.
Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар сау болыңыздар. Келесі кездескенше.
Алланың нұры жаусын әрбір үйге
Жақсылықты тілеймін бар әлемге
Жаңа жылда әрбір үйге бақ дарысын
Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын дей отырып балаларымыздың ақ тілектеріне кезек берейік.
Данияр: Жаңа жылда жол болсын
Ерасыл: Берекелі жыл болсын
Дінмұхаммед: Әрбір үйде той болсын
Әліби: Ақ дастархан мол болсын
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Құрметті қонақтар 2016-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін дей отырып №70 Құлыншақ балалақшасының меңгерушісі Жәудір Бақтиярқызына құттықтау сөз кезегін берейік.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама