- 02 мам. 2023 00:00
- 278
Жаңа Қазақстан - жаңа ғасыр
Мемлеткет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 16 наурыз жолдаған „Жолдауын” барлығымыз естідік және әлеуметтік желілерден немесе жаңалықтардын көріп танысып шықтық. Бұл жолдаудың негізгі идесы Жаңару мен Жаңғыру жолы.
Жолдаудың мақсаты бойынша еліміз жан-жақты атсалысып, әр облыс, аудандар жіті бақылауға алынып, тексерілді. Көптеген азаматтар жұмыспен қамтылды, көп балалы отбасылар үйлі болды, жаңа үй құрылыстары, жастарды қолдау орталықтары салынды. Бұл еліміз үшін үлкен жетістік
Жаңа Қазақстан жаңа құрылыспен басталу міндет. Әлем жаңалықтарында түркі халқы «Түркия оқиғасы» барлығымызды дүр сілкіндіргені де барлығымызға мәлім. Осы жағдай құрылыс жағынан тайға таңба басты. Құлағымызға алтын сырға ретінде Жаңа Қазақстанда сапалы құрылыс болу шарт.
Жаңа Қазақстан - жаңа депутаттармен қамтылды. Бұл мемлекетіміз үшін жарқын болашақтың кепілі. Қазіргі заманның жанашыр халық зиялылары, белгілі журналист, айтыскер ақында сайлаудан сүрінбей басшылықтың бір бөлігі болды. Сайлаған халық, сеніммен, үлкен үміт артып дауыс берді. Енді сол үміт ақаталады деген ойдамын.
Жаңа Қазақстан - жастар жылы. Өнерлі, ақылды, өнертапқыш жастарымызға жаңа жол ашты. Керемет іс-шаралар өтіп қарапайым өнерлі жастарымызды елге танытты. Көптеген жарыстар өткізіп спорт жағынан да құр қалған жоқпыз.
Жаңа Қазақстан - ішкі істер министрлігін, қарулы күштерді де назарсыз қалдырмады. Алдағы уақытта «Жеңіс күніне» орай үлкен шерулер ұйымдастырылуда. Жас ер азаматтарымызды болашақ үшін, париоттық сезімін ашуда. Еліміздің қауіпсіздігі жақсы қамтылған.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бұл жерде еліміздің дамуының супержоспары орын алынуда. Алдағы уақытта да осы жоспар жақсы нәтиже көрсетеді деп ел болып, халық болып сенеміз. Жаңа Қазақстан - жаңа ғасыр.