Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Астана қаласы,
№64 мектеп - лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Арпабаева Баян Габбасовна
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты.
Басты байлық – адам, ал адам байлығы – білім. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді.
ХХІ ғасыр - білекке емес - білімге, күшке емес - епке тоқтаған заман. Негізгі ой – стандартталып қалған күйден шығып, кең көлемде және жаңаша ойлау. Себебі бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі - білім беруді түбегейлі өзгерту. Әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, мұғалімдер үшін де ең басты маңызды мәселе болып отырғаны: «21 ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?».
«Қазақстанның адам капиталының сапалық өсімінің басты кепілі - білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту жолында біз келесідей шараларды атқаруымыз керек: білім беру үдерісіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу қажет», - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейде жетілдіруге ықпал жасауда.. Осы бағытта әлем елдерінің білім беру тәжірибесінің озық үлгілерінің бірі Англияның Кембридж университетінің тәсілдеріне негізделген оқытудың «Кембридж тәсілі» Бағдарламаның негізгі мақсаты:
• Қазақстандық мұғалімдердің әлемдік білім кеңістігіне ену үшін заман талабына сай үздіксіз білімі мен кәсіби біліктілігін дамытуына көмектесу. Себебі мұғалім - қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы керек.
• Келесі бір мақсаты бүгінгі күннің талабы болып отырған оқытудың инновациялық технологияларының тиімді әдіс - тәсілдерін меңгерту
Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың мәні неде?
1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.
2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.
3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады
қазіргі оқушы:
• Дүниетаным қабілеті жоғары;
• Дарынды, өнерпаз;
• Іздемпаз, талапты:
• Өз алдына мақсат қоя білу керек.
Қазіргі мұғалім
• Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
• Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
• Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
• Оқушылармен ортақ тілтабыса алатын;
• Білімді, іскер, шебер болу керек;
Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана, біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз.. Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50 - ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс - әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады.
Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа аламын. «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану өз сабақтарымда тиімділігі сол, оқушылар бұдан өздерін бақылап, талдау жасап үйренеді. Білімді - өз еңбектері арқылы ой елегінен өткізе отырып, алады.
Бұл технолгияны пайдаланудың тиімді тұстары мыналар:
1. Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
2. Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
3. Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
4. Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
5. Оқытушының уақытын үнемдейді
6. Қосымша мәліметтер береді.
7. Оқушыларға сенімділік білдіріледі;
8. Талантты, қабілетті балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
9. Білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.