Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Бастауыш сынып мұғалімі: Алимкулова Кымбат

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Мақсаты: Теңдеу ұғымын танытуды жалғастыру. Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгереді.
Міндеті: 1. Теңдеу шешу тәсілін меңгеру.
2. Теңдеу шешу - теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғыну.
3. Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйрену.
Күтілетін нәтиже: 1. Теңдеу шешу тәсілін меңгереді.
2. Теңдеу шешу - теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады.
3. Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйренеді.
Модульдің қамтылуы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Әдіс - тәсілдер: Топтастыру, миға шабуыл, математикалық диктант, «Кім жылдам?», “3 таяқша” әдісі, «Бірге ойлаймыз» әдісі, «Бір сөзбен» әдісі
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Алтын ереже, суреттер, А3 формат, түсті қағаздар, түрлі - түсті маркер, стикер.
Дереккөздер: Математика 4 - сынып. Ақпараттық ғаламтор желісі

Ұйымдастыру
Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру.
Болам десең – ғарышкер,
Болам десең – дәрігер,
Болам десең – инжинер,
Ең керегі – математика.
Математика өмірде -
Бар білімнің патшасы.
Топқа бөлу.
Конфет арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау
Шешу: 10500: 5=2100
2100+1670=3770
10500 - 2100 - 3770= 5630

Жауабы: Әдебиет - 2100
Көркем әдебиет - 3770
Қалғаны - 5630

Жаңа білімді меңгеру кезеңі
Теориясы:
«Білу» (бір нәрседен хабардар болу, еске түсіру)
(122+18): 70= Е
(64: 8+20): 7= Е
20•(26+14): 100= Ң
1•(30+2)- 4•4= Д
5•4+12= Т
400 - 300 - 36= У

32 4 8 16 2 64

“3 таяқша” әдісі
Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
1 сұрақ
Теңдеу дегеніміз не?
1 жауап
Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі яғни теңдеудің шешуі
1 идея

«Түсіну» (өз түсінігі негізінде әрекет етеді, түсіндіреді)
№1
Теңдеулерді шеш және тексер:
І топ:
х+20•8=2600
х - 560: 7=20000
ІІ топ
40•6+х=9400
3090: 10 - х=209
ІІІ топ
х•(40: 4)=12600
х: (36+64)=543
ІҮ топ
(190 - 90)•х=38600
19200: 10: х=10

«Қолдану» (алған білімін қолдана отырып, проблеманы шешу)
№2
І топ
12+b=72: 2
ІІ топ
а: 10=960: 2
ІІІ топ
(х+20): 5=6
ІҮ топ
2400:(с - 12)=10

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама