Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 минут бұрын)
Жанболат пен Жазираны арнайы ұшаққа отырғызбай қойды: Әнші жағдайды түсіндірді

Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде өзіне алаңдап хабарласқан жандарға алғыс айтып, қазіргі жағдайын түсіндірді. Оның қысқаша видеосы әртүрлі әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тарап кеткен.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оманнан елге оралу себебі

Әншінің айтуынша, олар қазір Оман мемлекетінің астанасы Маскат қаласында. Елшілік өкілдерінің мәліметінше, елден шығарылатын арнайы ұшақтарға бірінші кезекте аяғы ауыр әйелдер, мүгедектігі бар азаматтар, 5 жасқа дейінгі балалар мен қарттар отырғызылады.

«Заң солай екен. Біз алты адамбыз және бұл санатқа кірмейміз. Сондықтан әзірге басқа елдер арқылы ұшу мүмкіндіктерін күтіп отырмыз», - деді Жазира Байырбекова.

Концерттер кейінге шегерілді

Сонымен қатар, әнші елімізде жоспарланған концерттерін кейінге шегергенін мәлімдеді. Ол билет алған көрермендерден кешірім сұрап, жағдай тұрақталған соң концерттерді басқа күнге ауыстыратынын айтты.

Жаңалықтар

Жарнама