коллаж politico.kz
- 18 нау. 2026 10:00
- 23
Жангелдиндегі қанды оқиға: күдіктіге қосымша айып тағылды
Атырау облысы Жангелдин ауылында орын алған қанды оқиғаға қатысты күдіктіге қосымша айып тағылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты тергеу екі бап бойынша жүргізіліп жатыр. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») және 188-бабы 2-бөлігі («Алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық») бойынша айып тағылды.
Тергеу жалғасуда
Атырау облысы Полиция департаменті бірнеше адамды өлтіру және олардың мүлкін иемдену деректері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты құқықтық баға беру мәселесі әзірге нақты айтылған жоқ.