Жаңғыру жолы: бір жол, бір белес
ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ: БІР ЖОЛ, БІР БЕЛЕС...»
Көшербай Тілектес
Сыныбы: 10а, ә, б - 11а, ә, б
Өтетін орны: Акт залы
Сабақ мақсаты: Оқушылардың үш тілде еркін ой білдіру қабілеттерін ашуға ықпал ету;
Туған елге деген отансүйгіштік сезімін дамыту;
Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын түсініп, өмір тәжірибесінде қолдана алуларына жол ашу.
Әдістері: Іздендіру, «Еркін микрофон», «Полиглот»
Ресурстар Компьютер, проектор, флипчарт, маркерлер, түрлі түсті қағаз қиындыларынан жасалған қималар, кітап көрмесі. бейнеролик
Жүргізушілер: Тапымов Бекжан, Мерекеқызы Ақмаржан
Тәрбиелік шараның жүрісі: ән әуені ойнап тұрады.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, қымбатты оқушылар! Сәлеметсіздер ме, құрметті қатысушы ұстаздар қауымы мен қадірлі қонақтар! Баршаңызды күздің алғашқы мерекесі Білім күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Әлем назары бүгінгі таңда біліммен қаруланған жастарда болса, жастарымыз терең біліп алсын, тәрбиелі де саналы іспен шұғылдансын деп табысына қуанатын ата - ана және өздеріңіздің мұғалімдеріңіз! Алғашқы сабағымыз Елбасымыздың Ұлы мұраттарға бастайтын бағдарламасына сәйкес орайластырылған: «Рухани жаңғыру жолы: бір жол, бір белес» деп аталады. Қазақстан осы бір жылда қандай белеске қадам басты? Оны жастарымыздың бойындағы қандай қасиеттерден көре аламыз? Ұлттық құндылығымыздың қуатынан қаншалықты нәр алып, қаншалықты өміршең қалыпқа түсіре алдық? Әрине, оның барлығы салынған сара жолмен жүзеге асуда. Бүгінгі күн, бүгінгі алғашқы тәрбиелік шара сіздердің бойыңыздағы отансүйгіштік сезіміңізге сезім қосып, шабыттарыңызға шабыт береді деген сенімдеміз! Тәрбиелік шараны жүргізу үшін сахнаға мектебіміздің мақтаныштары, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі халық әндері байқауларының жеңімпаздары Тапымов Бекжан мен Мерекеқызы Ақмаржанды шақырамын. Кезек сіздерде, Маршал маржандары!
Жүргізуші: Армысыздар, достар, армысыздар, інілер мен қарындастар!
Жүргізуші: Добрый день, наши дорогие учителя и уважаемые гости! Пусть этот день станет самым незабываемым днём в вашей жизни в этом году!
Жүргізуші: Тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер: «Рухани жаңғыру жолы: бір жол, бір белес»
Жүргізуші: Прошлый год был очень насыщенным и удачным годом. Потому что в нашей стране, в нашей области был подписан договор о границе республики.
Жүргізуші: Иә, Тамыздың он екінші жұлдызында өлкемізде тарихи оқиға орын алды. Ешқашан болмаған жағдай болды. Мемлекетіміздің Каспийдегі шекарасы бекітіліп, бес мемлекетпен келісім орнап, мемлекетіміздің шекарасы толық бекітілді. (қол шапалақтау)
Жүргізуші: Білім күні мерекесі құтты болсын! Баршаңыз да білімнің биік шыңын бағындырыңыздар!
Ортаға үш оқушы шығады (Серік Сейітманның өлеңін оқиды):
Тәжімағанбет Ернар:
Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,
Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!
Сүйінші, Алаш! Тарихыңда толғаулы
Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды!
Далиұлы Бекжан:
Көк түріктің ұрпағына, уа, құтты
Ту көтерер тағы бір таң атыпты.
Жолын таппай, қаңғырған Ел қаншама,
Кодын сақтай, жаңғырған Ел бақытты.
Батырұлы Дәурен:
Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,
Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.
Ұлттық кодым – менің ұлттық құлпым,
Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.
Тәжімағанбет Ернар:
Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,
Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.
«Кісен ашып» Құрманғазы күйімен,
Болмысымды бұлжымастай құлыптау.
Далиұлы Бекжан:
Бұл жаңғыру – кемелденіп жаңғыру,
Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу.
Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу,
Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.
Батырұлы Дәурен:
Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың,
Бұл жаңғыру – астанасы ләззаттың.
Жалғаны көп сахнасында жаһанның
Мәдениетін мойындату қазақтың.
Тәжімағанбет Ернар:
Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,
Сауапты іске бәріміз де жауапты:
Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,
Ұрпағымыз болсын десек сауатты.
Далиұлы Бекжан:
Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету,
Ен даланың кең құшағын гүл ету.
Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік –
Бар қазақтың арман - жырын бір ету.
Батырұлы Дәурен:
Асуды асып Қазақстан – ардағым,
Аспанменен астасып тұр арманым.
Ер бастады! Ел қостады! Жарылқа!
Тәңір Ием, Туған Елдің БАҒДАРЫН! (Қол шапалақтау)
Жүргізуші:
Аспаны ашық бірлігі бекем.
Ұлттары тату, тірлігі көркем.
Жерім бар байтақ, бауырмал халқым,
Бақыттың кілті бірлікте екен
Жүргізуші:
Там лазурное небо и снежные горы,
Бескрайних полей золотые просторы,
Закаты, как в сказке, и звездные ночи,
Рассветы ясны, как красавицы очи.
Біздің еліміз әлемдік өркениетке қадам басты. Оның бір дәлелі ел азаматтарының үш тілде білім алып, үш тілде еркін сөйлей алуы. Ендеше өз тілін құрметтеп, өзге тілде ән де сала алатын әнші Іңкәрімізді ағылшын тіліндегі әсем әнімен қарсы алыңыздар!
Іңкар Өтешова ағылшын тілінде ән
Белестер: 9 оқушы
1. Мұхамедиева Лаура: Қазақстан халықаралық деңгейде Маңғыстауымыздың төрінде Ақтау қаласында Достық Ассамблеясы үйінде бес мемлекет президенттерімен кездесіп, үлкен саммит өткізді, Каспий теңізі бойынша Қазақстан шекарасы тұрақталды.
2. Жақсылыққызы Жазира(орысша): Қазақстан астанасы 1998 жылы Алматыдан Астанаға ауыстырылып, Астана қаласы болып белгіленді. Биыл Астанамыздың 20 жылдығы аталып өтті.
3. Жұмахан Азамат: Қазақстанның даму белесінің біріне ауылымыз да үлес қосты. Аулымызда биыл тұңғыш рет «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы спорт кешені бой көтерді. Бүгінде жүзден астам спорт саңлақтары ауыл мерейін көтеріп, республика жеңімпаздары атанды.
4. Боқаев Жолдас: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Соның айғағы ретінде біздің ауылымызда биыл тұңғыш рет Ақшұқыр мешіті бой көтерді. Мешітіміздің бас имамы – Әбдирханов Оспан
5. Оңайбаева Сая(орысша): елімізде жеке кәсіпкерліктің дамуына көңіл бөлініп, қолдау көрсету басым бағытқа ие болды. Соның арқасында ауылымызда «Дунай» және «Демеу» мейрамханалары ауыл көркін аша түсті.
6. Орынжан Сәуле: Рухани жаңғыру жолындағы биік белес білім беру және денсаулық саласында орын алуда. Ауылымызда ашылған 6 балабақша биыл тағы «Ақбөбек», «Алма» балабақшаларымен толықты, «Жоламан» медициналық орталығы ашылды.
7. Алтыбай Берекет: Қазақстандағы цифрландыру мәселесі ауылымыздың білім беру мен денсаулық саласына енгізілді. Мобильді нұсқалар қолжетімді әрі тиімді.
8. Үсенбаев Иманғали: Робототехника саласында Қазақстан бәсекелестікке бейім жастармен толығуда. Мектебімізде роботехниктер биыл аудан, облыс, республика намысын халықаралық робожарыстарда қорғай білді. Ұлттық құндылығымыз ағаш үйіміз лего бөлшектерінен құрастырылып, Астана төрінде жарқырап, шет елдіктер назарынан тыс қалмады.
9. Көлбаев Төлеп: ағылшын тілінде қорғайды.
Жүргізуші:
Ұлы даламның қыраны болам,
Күнде шырқайтын жыр - әні болам.
Ойлайтын елін, қорғайтын жерін,
Ұрпаққа үлгі Ұланы болам!
Жүргізуші: В 2013 году мы приняли программу «Халық тарих толқынында», позволившую нам системно собрать и изучить документы из ведущих мировых архивов, посвященные истории нашей страны.
А сегодня мы должны приступить к более масштабной и фундаментальной работе. Поэтому Президент решил поделиться своим видением того, как нам вместе сделать шаг навстречу будущему, изменить общественное сознание, чтобы стать единой Нацией сильных и ответственных людей.
Жүргізуші: Баршаңызды еркін ой бөлісуге шақырамыз! «Еркін микрофон» айдарын ұсынамыз. Аулымыздың, ауданымыздың, облысымыздың, қала берді туған Қазақстанымыздың ертеңгі шығар биігі, асар асуы мен белесі қандай болады деп ойлайсыздар? Ортаға сөйлеуге келіңіздер, өз тілін еркін меңгерген достарым, сіздерге өзге тілде ой білдіруге де рұқсат!
«Еркін микрофонға» қатысушылар: Медиева Іңкар, Алпанова Фарида, Дүйсекенова Арай, Жолдыбаева Раушан т. б.
Жүргізуші:
Шежіресі тастарында,
Намыс - жігер жастарында:
Отаншылдық сезімменен
Елін сүйген, Елі сүйген,
Елбасының қастарында.
Қадірін біл, даламыздың,
Қадірін біл, қаламыздың.
Мәңгілік Ел – жар сап өткен,
Мәңгілік Ел – аңсап өткен,
Арманы бұл - бабамыздың.
Жүргізуші:
Бір болашақ – мақсаттары,
Бір болашақ – мүдделері.
Ынтымағы – бірлігінде,
Жарасымы – тірлігінде,
Отан үшін – жүлделері!..
Ортаға жас дарындарымызды шақырамыз, өз ізбасарларымен саханаға шақырамыз.
Султанова Дильфуза және Жолболдиева Ақтілек пен бүлдіршіндер
Жүргізуші: Тәрбиелік шарамызды елбасымыздың сөзімен аяқтаймыз:
«Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана - сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек».
Жүргізуші: До новых встреч, друзья!
Ортаға Борашов Айтбек шығады ( Қуандық Рахымның әнімен қорытады).