Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Жанжал неден шығады?

Бір күні хан мен Қожа әңгімелесіп отырғанда хан:

— Мен осы жұртқа қайран болам: қашан көрсең бірімен-бірі ұрысып, жанжалдасып, төбелесіп жатады. Сіз айтыңызшы: осы жанжал қайдан, неден шығады? — деп сұрады.

— Адам байқамай бірін-бірі «ақымақ» деп айтып қалады. Жанжал осыдан шығады, — деді Қожа.

— Не болса соны айтады екенсіз, содан да жанжал шыға ма? — дейді хан.

— Ақымақсың! — дейді Қожа. Хан ашуланып қаһарына мінеді.

— Сен ақымақ!

— Міне, тақсыр, айтқаным келді, — деді Қожа.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама