Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жануарлардың қысқы мекені
Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың қысқы мекені
Сабақтың мақсаты: жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі, олардың да алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру, жануарлардың негізгі мекенімен таныстыру.
Жануарлардың құрлықта да суда да тіршілік ететіндігін, олардың әрқайсысының икемделген өз ортасы барын аңғарту.
Жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып оларды қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Типі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта (жануарлар топтамасының сызбасы) электронды оқулық, жануарлардың жеке топтама суреттері. Өлең шумақтары. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі.

Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту.
- Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?
- Жануарлар туралы ертегі білесіңдер ме?
- Жануарлар туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?
Олай болса сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқып берейін. Сендер зейін қойып тыңдаңдар. (ертегі оқып беру)
Балалар ертегі ұнады ма?
Ертегі не жайында болды?
Жыл басына таласқан хайуанаттар атын қайталап айтып көріңдерші.
Неге «Жыл басы» болуға таласты.
- Сен қалай ойлайсың?
- Олардың төлін білесің бе?
- Оларды қалай атайды?
Балалар сұраққа жауап беріп отырады.
(Суреттер көрсету арқылы оларды «Үй жануарлары» деп аталатынын түсіндіру).

Сергіту сәті
Ұзын құлақ сақ қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама