Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Үштұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы
Үштұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптарды күшейту керек.
Біз бүгінгі мақаламызда сәлемдесу мен танысу мәселесі туралы сөз қозғағанды жөн көрдік. Себебі, сәлем сөздің – атасы екендігі хақ. Ең әуелі адамның сәлем беруінен, онымен алғаш танысқан сәттен бастап оның қандай адам екендігін бірден байқай аламыз.

Амандасудың сан алуан түрі бар! «Салют!», «Чао!». «Мен сізді көріп тұрмын»- деп зұлыстықтар сәлемдеседі. Африканың басқа да тайпалары өмірде былай сәлемдеседі:
А куше-жұмыс істеушіге,
А куаре-шаршаған адамға,
А курин-саяхатшыға.
Елестетіңізші, кішкентай африкандықтарға осының бәрін білуге қаншалықты қиынға түсетінін. Ал бұны білмеу мүмкін емес, өйткені надан болып қалады.
Амандасудың өзінің әр түрлі жолдары бар.
– «Сәлеметсіз бе» сөзімен біз ресми немесе ресми емес жиналыстарда, таныс немесе өте таныс емес адамдармен амандасқанда, ал жақын туысымызбен былайша амандасамыз:
– Сәлеметсің бе, Мағжан!
Сонымен қатар, «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!», «Қайырлы таң!» (Қайырлы таңыңызбен!) және де «Сәлем!», «Амансың ба!». Тағы да басқа түрлері бар. Ал ресми нұсқада «Сәлем бердік сізге!», «Сізді көргеніме қуаныштымын!», «Сіздерді таныстыруға рұқсат етіңіз!»
Біз сәлемдесумен қоса өмірін, жұмысын, денсаулығын қоса сұраймыз: «Қалай тұрып жатырсыздар?», «Жұмысыңыз қалай өтіп жатыр?», еркін сөйлескенде: «Өмір қалай?», «Қал қалай?», «Денсаулығың қалай?». Егер адамның жақын танысы болса онда: «Не жаңалық?», «Табыс қалай?», «Сенде не жаңалық бар?»
С
ізге жақсы әңгіме құру үшін, жасын, мамандығы бойынша жоғары ма, қоғамдық өмірдегі орнын білуіңіз қажет. Ауызекі сөйлеу мәдениетінің мынадай ұстанымдары бар. Егер де «Сәлем» деп айтса, онда ол сіздің жасыңыздағы адам, яғни, сізге де солай жауап беруіңізге болады. Ал үлкен жастағы адамға сіз «Сәлеметсіз бе!» деп айтасыз. Ал оған жауап ретінде: «Сізге сәлем бердік!». Демек үлкен немесе құрметті адамға сізге «Қалың қалай?» деп сұрақ қоюға болмайды. Бұлай амандасу тек өзіңізбен жасты адамға тиесілі.

Егерде орыстармен таныссаңыз олар жауап ретінде мына тіркесті қолданады: «Өте жағымды!» немесе одан да сыпайы түрде «Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын!». Ағылшындар бір-біріне ілікпе сөз ретінде: «How do you do?» орыс тіліндегі мағынасы «Сәлеметсіз бе?». «How do you do?» тіркесі ресми орындарда да «Сәлеметсіз бе» деген нұсқамен дәл келеді. Бұл айтылым танысу кезінде де пайдаланылады.
Достарыңызбен немесе жолдасыңызбен кездескенде: «Hullo» /”Hello”/ ”Hallo”деп айтады. Мынаған назар аударыңыз, бұл сөздер әр түрлі жазылғанымен дұрыс деп саналады. Бұлай тек дос-жарандарды ғана емес, жай таныстарыңызды да қарсы алуыңызға болады.
Қазіргі заманғы ағылшын тілінде ”Hallo” сөзі «Сәлем» сөзінен бейтарап қаралынады.

Бейтараптық немесе сәлемдесудің формасы ретіндегі сөз: “Good-morning!” (“Good-afternoon!”, ”Good-evening”). Бұл өте таныс емес адамдардың арасында, бірақ та бұлайша көршілермен де, бірге тұратын адамдармен де, қонақтармен де сәлемдесуге болады.
Күннің уақытын осылайша ажыратуға болады.
Good-morning!-таңертеңнен түске дейін!
Good-afternoon!-12-ден кешкі 6-ға дейін
Good-evening!-кешкі 6-дан түнге дейін.

Кей кезде орыстар ағылшындарды: “Good-day” деп қарсы алады. Ағылшындарға бұлайша жағымсыз естіледі. Орыстар тек «Қайырлы күн!» деген тіркесті орысшаға аударып қолданады. Ал ағылшындарда мұндай тіркес қолданылмайды.
“Good-morning”( afternoon, evening) сәлемдесу түрінен кейін “How are you?” (Көңіл-күйіңіз қалай?), ”How things with you?” (“Қалыңыз қалай?») немесе” How are you getting on?” (“Жағдайыз қалай?”). Әңгімелесуші бұл сұрақты өзінің достық ықыласын білдіру үшін сұрайды.
Сәлемдесуге жауап беру
- Quite well, thanks. – Өте жақсы, үлкен рахмет
- So, so, thanks. – жақсы, рахмет.
- I am not well. – Көңіл-күйім болмай тұр
- I am so glad to meet you. – Сізді көргеніме қуаныштымын!
• Quite well, thank you – Жақсы, рахмет
and How are you? – Өзің қалайсың?
• Not bad, could be much worse-Жаман емес! Бұдан да жаман болуы мүмкін!

Міне, сіздерге осыны білу қажет, ағылшынша сәлемдесе білу және оған жауап қайтара білу:
- Good-morning!
- Good-afternoon!
- Good-evening!
- Hullo/Hello/Hallo.
- Cheerio, Nick!
- Nice to see you!
(Glad to see you!)
Сәлемдескенде сіз не айтасыз
- How are you?
- How are you getting along?
- How are things?
- How are you feeling?
- Haven’t seen you forages!
- How nice to see you again!
Сәлемдесуге не деп жауап бересіз!
- Fine!
- Very well, indeed!
- Quite well, thanks.
- And what about you?
- Not so bad.
- So, so, thanks.

Танысу – мағынасы адаммен байланыс жасау дегенді білдіреді, сол адаммен болашақта қарым-қатынас жасау үшін қолданылады. Өзің танысуға немесе үшінші таныстыратын адам арқылы танысуға болады.
Танысуда мынадай сөздер жиі қолданылады: «Сізбен танысуға бола ма?», «Қанеки, танысайықшы!», «Сізбен танысқым келіп тұр!», «Менің сізбен танысқым келіп еді!»
Ресми орындарда біз былайша танысамыз:
Сізбен танысуға рұқсат етіңіз.
Сізбен танысуға мүмкіндік беріңіз.
Сізге таныстыруыма бола ма?
Сізге таныстыруыма мүмкіндік беріңіз.

Ресми түрдегі танысу болса, онда осы тіркестерден кейін аты-жөнін қосып танысуға болады. Орыстардың сөйлеу мәдениетінде аты-жөнімен танысу ресми түрге айналған. Егер танысу сәтінде арадағы адам: «Өтінемін, танысып қойыңыздар!» немесе «Танысып қойыңыздар» деп танысушылардың аттарын атайды.
Егерде арадағы адам таныстыруға өзінің қатты тілегі болса: «Мен сіздерді таныстырғым келіп тұр», «Сіздерді таныстыруға рұқсат етіңіздер..» дейді. Егерде сіз өзіңіздің адамыңызды таныстырған кезде ол туралы біраз ақпарат айтып таныстырсаңыз бұл әрі қарай әңгіме құруға себеп болады. Мысалы:
- Сіздерге таныстыруға рұқсат етіңіздер: тарих пәнінің мұғалімі Асқар Игілікұлы.
Ағылшындарда сөйлеу іс-әрекетінің өзінің ерекшеліктері бар. Орыстарға тиісті танысудың түрлері: «Қанеки, танысайық», «Менің сізбен танысқым келіп тұр», «Таныс болайық», «Сіздің атыңыз кім?» және басқа да тіркестер ағылшын сөйлеу мәдениетінде қолданылмайды. Ағылшындықтарда танысудың екі түрі бар: өзің барып танысуға болады, немесе арадағы адам арқылы танысу.

А) Арадағы адамсыз танысу
Мұндай жағдайда мынадай айтылымдарды қолдануға болады:
- May I introduce myself (to you)?
- Allow me to introduce myself.
- Let me introduce myself.
Осындай сөздерден кейін өзіңнің атыңды немесе тегіңді атауыңыз қажет:
- May I introduce myself?
- My name is John Smith (немесе My name is John).
Егер де жұмыс тарапынан танысу болса, онда жай тегіңізді атауыңызға болады.
- What is your name?
- My name is Rogers.
Достарыңыздыњ ортасында өзіңіздің бірінші атыңызды атауыңызға болады:
- Hullo, boys! Bill’s my name.
- My name’s John, and what’s yours?
- My name’s Ben.
- May I ask your name?
- I am Mary

Б) Арадағы адам арқылы танысу
Бір адамды біреумен таныстыру үшін Сіз ең алдымен “to present” және ”to introduce” (таныстыру) сөзін білуіңіз қажет. «To present” бұл көбінесе ресми түрде, ”to introduce”, бірақ ”to introduce” салтанатты жиындарда қолданылады. ”to introduce” орнына ”meet”сөзін қолдануға болады:
- Meet my friend, Doctor M.
- I’d Like you to meet Miss Jones.
Американдықтардың ортақ таныстыруларына қарамай-ақ, таныстырудың өзіндік түрлері бар: кішкентайды үлкенге таныстыру; ер адамды-әйел адамға; қонақтарды – иесіне; бір адамды топқа таныстыру.
- “Mrs. Gray, this is my younger sister Janet”.
(“Миссис Грей, мынау менің кіші сіңілім Жанет»). Сөйлесудегі еркін орындарда ер адам мен ер адамды былайша таныстырады:
- Mr. Walters. Mr. Jackson. немесе
- Mr. Walters, this is Mr. Jackson.

Б) ер адамды әйел адамға
- Miss Blake. Mr. Jackson немесе
- Miss Blake, this is Mr. Jackson.
Формальді түрде танысқанда:
А) ер адам мен ер адамды былайша:
- Mr. Walters, may I introduce Mr. Jordan? немесе
- Mr. Walters, I’d Like you to meet Mr. Jordan.
Б) ер адамды әйел адаммен:
- Miss Blake, may I introduce my assistant Jack Jordan? немесе
- Miss Blake, I’d Like you to meet my assistant – Jack Jordan.
Тансудың ресми түрі:
А) ер адам мен ер адамды:
• Mr. Walters, may I present Mr. Jordan?
Allow me to present…
Б) ер адам мен әйел адамды:
- Miss Blake, may I present Mr. Jordan?
Танысудың тағы да көптеген түрлері кездеседі.
Міне сіздерге танысу немесе таныстыру үшін осы нәрселерді білуіңіз қажет.:
- May I introduce myself, my name is…
- Таныуға мүмкіндік беріңіз, менің атым...
- Let me introduce myself, I am Smith.
- Танысуға рұќсат етіңіз, Смит.
- My name is John. May I ask yours?
- Менің атым Джон, ал сіздікі ше?
Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Яғни, мемлекет әрбір қазақстандық үшін үш тілді білу әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін әрдайым есте ұстауды қалап отыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама