Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жақсы көңіл-күй жан азығы (тренинг)
Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.

Қазір сіздердің еркін, ыңғайлы отыруларыңыз сұралады. Баршаңыздан мына бейне клипке зейін қойып, мұқият қарауларыңыз сұралады.
Аудиотренинг.

Тест: "Сіз көшбасшы бола аласыз ба?"
1. Бала кезіңізде үлкеннің тілін алу мен өзгеге бағыну сіз үшін ауыр болды ма?
Иә (10 ұпай)
Есімде жоқ, білмеймін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
2. «Ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерге тек билік ете алатын жандар ғана қол жеткізе алады» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

3. «Нағыз ер-азамат әйел затын өз талаптары мен заңдарына бағындыра білу керек» деген ойға көзқарасыңыз?
Өте дұрыс (10 ұпай)
Нақты айта алмаймын (5 ұпай)
Дұрыс емес (0 ұпай)
4. Жақын жандарыңыздың асты-үстіңізге түсіп, еркелеткендігі сізге ұнайды ма?
Иә, оған еш қарсылығым жоқ (10 ұпай)
Кейде-кейде (5 ұпай)
Шынымды айтсам, ұнамайды (0 ұпай)

5. «Әйел заты көнбіс болу керек» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
6. «Мені қоршаған жандардың жағдайын жақсарту үшін мойныма көп дүниені жүктеп алдым. Алайда, мұны біреу білсе, біреу білмес». Сізге таныс жағдай ма?
Иә, дәл қазіргі менің жағдайым (10 ұпай)
Таныс жағдай, тек мұны барлығы білуге тиісті емес (5 ұпай)
Жоқ, мұндай жағдайға ұшыраған емеспін (0 ұпай)

7. «Мықты адам» деген теңеуге сай келетін жан көшбасшы бола алады» деген пікірмен келісесіз бе?
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

8. Оңтайлы нәтижені тез табу керек болатын кейбір жағдайларда шешімді тез қабылдайсыз ба?
Иә, тез табуға тырысамын (10 ұпай)
Нақты айта алмаймын (5 ұпай)
Жоқ, шешімді бірден қабылдай алмаймын (0 ұпай)

9. Мен өзгелерді өзіме бағындырып, билік ете аламын
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, билік ете алмаймын (0 ұпай)
10. Ешкімнің алдында ашылып сөйлеп, өзімді толық көрсеткім келмейді
Иә (10 ұпай)
Білмеймін, әр кезде әр қалай (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
11. Мен беймаза, тыныш өмірді армандаймын
Иә, іште жатқан сондай арманым бар (10 ұпай)
Білмеймін, ол туралы ойланбаппын (5 ұпай)
Менің ондай арманым жоқ (0 ұпай)
12. Бағынышты адам бастығының кез келген тапсырмасын орындай білуі керек
Иә, әрине (10 ұпай)
Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)
Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
13. Жақын жандармен тілдескен кезде, әсіресе, олардан өтініш-жәрдем сұрағанда іштей бір қарсылықтың тұрғанын сеземін
Иә, мұндай сезімдер менде жиі болады (10 ұпай)
Білмеймін, аса мән бермеппін (5 ұпай)
Жоқ, мұндай сезімде болған емеспін (0 ұпай)
14. Менен өзгелер түсінік сұрап, ақталуымды талап етеді.
Иә, онсыз да түсінікті дүниелерді қайта сұрап жатады (10 ұпай)
Білмеймін, байқамаған екенмін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)
15. Менің мінезім үйіміздің тірегі әкемнің/анамның мінезіне ұқсас
Иә (10 ұпай)
Білмеймін (5 ұпай)
Жоқ (0 ұпай)

Тест нәтижесі
150-100 ұпай: Сіз өктем жансыз. Сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Кез келген жағдайдың оңтайлы шешімін таба аласыз. Өзгені өзіңізге бағындыра аласыз. Басшы болуға лайықты жансыз.

99-50 ұпай: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалмен өмір сүресіз. Барлығын ақылға салып, сабырлықты серік етесіз. Сіз басшылық ете аласыз, сондай-ақ, берген тапсырманы тыңғылықты орындайсыз.
49-0 ұпай: Сіз өте көнбіс жансыз. Өз күшіңізге өзіңіз сенбейсіз. Алайда, сіз оңтайлы шешім қабылдай аласыз. Өзгеден үлгі алып, мінез-құлқыңызды өзгертуге тырысып бағасыз.

Жас маманға айтылар кеңес
20-30 жас аралығындағы жас мамандардың мансап жолы соқпалы да соқпақты келеді. Жоғары білім, бойда күш-жігер бола тұра олар мансап жолында бірқатар қателіктерге бой ұрады. Сол қателіктерге жол бермес үшін берер кеңесімізге зейін қойыңыз.
Алғашқы жұмыс күні
Алғашқы жұмыс күнінде жаңадан келген маман ұжыммен танысуы керек. Әуелі басшылықпен я ұжым жетекшісімен жақынырақ танысып, негізгі міндеттеріңізді анықтап, басын ашып алыңыз. Бірге жұмыс істейтін әріптестеріңіздің есімдерін жаттап алып, барлығына ізеттілік білдіріңіз. Жұмысқа жаңа орналасқан сізге, әлбетте, алғашқы кездері қиын болады. Сондықтан да қолыңызға қалам алып, барлығын қойын дәптерге түртіп жүріңіз.
«Сізді» бірден «Сенге» алмастырмаңыз
Көпшілік әке-шешесіне, бауыр-ағайындарына, құрбы-құрдастарына «Сен» деп сөйлейді. Алайда, жұмыстың аты жұмыс. Сондықтан да, барлығына құрметпен қарап, әдептілікті сақтап, «Сіз» деп сөйлеңіз. Егер де өзіңізбен қатарлас жандар болса, олармен тілдесіп, біртіндеп «сен» деп сөйлесіңіз.
Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама!
Жас маманға бірден жаңа жобаларды іске асыру, көптеген мәселелерді шешу сияқты міндеттер жүктелмейді. Сондықтан да «маған мына жұмысты беріңіз», «мына тапсырманы орындайын» деп басшылықтан талап етпеңіз. Оның орнына «бұл жобаға өзімнің үлесімді қосайын», «менің ойым мынадай» деп өз пікіріңізді білдіріп, жұмысқа деген қызығушылығыңызды көрсетіңіз. Сіздің бойыңыздағы жұмысқа деген ерекше ұмтылысты байқаған ұжымның жас маманға деген көзқарасы өзгереді. Есіктен кірген бойда төрге қарай ұмтылмаңыз. Жұмысқа жаңа орналасқан сізге ешкім орнын босатып бермейді. Сондықтан да берілген тапсырманы уақытылы орындап, шыдамдылық білдіріп жүріңіз.

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Барлық әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Таныс та, бейтаныс та жандармен үнемі амандасып жүріңіз. Әріптестеріңізбен жұмысқа қатысты мәселелерді жиналыстардан тыс уақытта телефон я электрондық хабарламалар арқылы талқылағанда да сыпайы болып, хат жазған кезде аман-саулық сұрауды ұмытпаңыз.
Шектен шықпауға тырысыңыз
Бастығыңыз бен әріптестеріңіздің әлеуметтік желілердегі парақшаларына бас сұғып, суреттерін қарап, жөнсіз пікір қалдырмаңыз. Себебі, бұл бейәдептіліктің белгісі. Жұмыстан тыс уақытта бастығыңызға смс-хабарламалар жіберіп, жұмыс мәселесін талқыламаңыз. Бей-берекет ақшам я демалыс күндері мазаламаңыз. Шұғыл жағдайларда ғана қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіріңіз.

Жеке қарым-қатынас пен жұмысты араластырмаңыз
Жаныңыздағы әріптесіңізбен жақсы араласып, дос болып кетсеңіз де, сіздерді әуелі жұмыс байланыстыратынын естен шығармаңыз. Ашық ауыздыққа салып, іштегі мұң-сырыңызды, үйіңіздегі жағдайды, жеке басыңызға қатысты мәселелерді талқылауға салып, әріптестеріңізбен бөліспеңіз. Себебі, сіздің ақ көңіл мінезіңіз сіздің жұмысыңызға кері әсерін тигізеді. Көптеген компания басшылығы жұмысқа қатысы жоқ әңгімелер арқылы жаңа келген маманды тексереді. «Кез келген дүниені жасырмай, ашық айтып жүрсе, ертең ол жұмыстағы мәселелерді айтып қояды» деп күдіктенеді. Сондықтан да сөйлеген сөзіңізге сақ болыңыз.

Отырысына, тұрысына қарап мінезін байқау
Осыған дейін адамның мінезін кесесі, киімі, шалбары, меңдері, әжімдері, қан тобы, күлкісі, әшекейі, сүйіп жейтін шоколад түрі және т. б. қарап тануға болатындығы туралы жазылды. Енді адамның мінезін отырысы мен тұрысына байланысты болжап көрейік.
Тұрып тұрғанына қарай:
1. Аяқтары бірге, тік тұрады. Бұл кісі салмақты, ұқыпты, сабырлы адам. Тілдесуге, арқа сүйеуге болатын жақсы дос.
2. Бір аяқты тіреп, екіншісін кішкене алдыға шығарып тұратын адам ортасында танымал болғанын қалайды. Белсенді, мақсаттарын айқындап, оларға жете біледі. Армандарын орындау жолында қажетті икемділік пен ақылды көрсете алады.
3. Аяқтарын бір-бірінен алшақ, ашып тұратын кісі өз ойында нық тұрады. Жасаймын деген ісін тындырмай қоймайды.
4. Мінезін білгіңіз келген адам аяқтарын айқастырып тұрғанды ұнатса, ол танымал болғанын қалайтын атаққұмар кісі. Сондай-ақ ол армандарының орындалуын көп күткісі келмейді, шыдамы аз.

Отырысына байланысты:
1. Тобықтарыңызды айқастырып отырғанды ұнатасыз ба? Бұндай отырыс байсалды, тіпті өзіне сенімсіз адамдаға тән. Өзіңізге деген сенімділікті дамытуға тырысыңыз.
2. Көбінесе бір аяғын екіншісіне салып қойып отыратын адамдар өзіне сенімді болады. Өмірден не қалайтынын біліп, болашағына жарқын қарайды.

3. Түзу, екі аяғын бірге қойып, табанымен еденді толықтай басып отыратын адамдар ақкөңіл, шыншыл болады. Турашыл, ойлағанын бетке айтады, қоршаған адамдарға шыншылдығымен ұнайды. Сырттай суық көрінгенімен, расында адамгершілігі мол адам.
4. Табанын аяқтарының ұшында ұстап отыратындар сабырлы, кейде тұйық адамдар. Тұйықтығы қоршаған ортаның сынына төзе ала алмау қасиетіне байланысты. Ортасының пікіріне тәуелді болады.
5. Аяқтарының ұштарын бірге, ал өкшелерін екі жаққа қаратып отыратын кісі батылсыз, кінәмшіл адам болады. Бұл қасиетін жеңе алмай жүрсе де, ол басқаларға бірден дұрыс баға беріп, мінездерінің сырларын көріп тұрады.
6. Аяғын алдыға созып, кішкене шалқайып, тобықтарын айқастырып отыратын кісілер өктемшіл, қызғаншақ болып келеді. Басқалардан асып түскісі келеді.

Сериалды не үшін көресіз?
Сериалдың бір сериясын қалт жіберу әсіресе, әйелдер үшін кешірілмес іс іспетті. Дегенмен, кейбір ерлеріміз де сериал деп, аузын ашып, көзін жұмбаса да, ұзын-сонар хикаяға анда-санда көз қиығын салып қоятыны жасырын емес. Сериал кейіпкерлерін бес саусағындай жатқа айтып, әркімнің әртүрлі іс-әрекетін беске білетін қауымды еліктіретіндей сериалда не құдірет жатыр?
Осы сұрақпен бас қатырған психологтар бұның сырын тапқандай болды.

Сериалда өмірдегіге қарағанда, бәрі басқаша,- дейді психологтар. Сериалдың жағымды, жағымсыз кейіпкерлері бір қырынан сомдалып, көрермендерін өздерімен бірге қуанып, бірге мұңаюға жетелейді. Және олар өзімізді қоршап жүрген адамдарға өте ұқсайды. Сериал түсіруші топ көрермендерін сақтау үшін бірнеше әдіс-тәсіл қолданады. "Пәленшенің әңгімесін түгенше естіп қойған жерінен бітті. Ертеңгі сериясы қызықты болайын деп тұр". Осындай сөздерді көп естіген шығарсыз. Әр серияны қызықты тұсына келгенде бітіріп тастау ең тиімді тәсіл.

Қай сериалды алып қарасаңыз да, әр сериалдың басты кейіпкерлері көбіне әділетсіздікті көп көрген, көркем мінезді мінсіз жан болып беріледі. Жанымыз ауырып, оның өмірімен тыныстап кететініміз сондықтан.
Көбіміздің ойлағанымыз бола бермейді. Сериалдарда біздің армандарымыз орындалып жатады. Сүйген жүректер бір-бірімен кездесіп, жауыздық жазаланады. Және кейіпкерлерінен өзімізді көріп, бір сәт арман құшағына берілетініміз де бар.
Күнделікті күйбең тірлік күйзеліске толы. Жұмыстан шаршап қайтып, өзінің сүйікті сериалын қосқанда, адам айналасын кәдімгідей ұмытып, сериалдың ырғағымен тыныстап кетеді.

Психологтар қыз-келіншектердің сөмкені қалай ұстайтынына қарап, олардың мінез-құлқына баға беріпті. Олай болса, сөмке ұстаудың да өзіндік сыры бар екен.
Сөмкені бауырына қысып ұстап, қолын төмен түсіріп жүретіндер сабырлы, ұстамды, сыпайы, орнықты адам болып есептеледі екен.
Егер сөмкені қарына іліп, қолын білегінің тұсына дейін иіп ұстаса, ол – тәртіпті, көрер көзге жақсы көрінетін жан. Үй шаруашылығына бейім, басқалардың ойын айтпай түсінеді. Сонымен қатар, өз бағасын жақсы біледі.
Сөмкені иыққа таман, жоғары ұстайтын болса, ол батыл, әсершіл, кез келген күрделі мәселені шешуге қиналмай тез кірісетін адам болғаны. Көпшіл, барлық адаммен тіл табыса алатын, жалғыздықты жаны сүймейтін жан.
Сөмкені бір шетінен ғана ұстап жүретіндер – сөмкені отырған орнына алаңсыз тасап кете беретіндер. Бұл – өз-өзіне сенімді, өзі туралы айтылып жатқан басқалар пікіріне құлақ аспайтын бекем жан.

Сөмкенің бауын қарына іліп алып, кеудесіне қысып ұстау – ешкімге сенбейтін күдікшіл қыздарға тән мінез. Сөмкені иыққа іліп алып, қолын төмен түсіріп жүретін адам – ұялшақ, өзіне сенбейтін именшек адам.
Ал, сөмкені иығына іліп алып, екі қолын бос жіберетін адам дәл осы қалпында өзін жеңіл, еркін сезінсе, ондай әйел заты көңілді, өзіне көңілі толатын, басқалардың назарын өзіне аударуға бейім, біреуге ұнауға, өзі туралы жақсы пікір естуге құмар келеді.
Сөмкені қолтығына қысып ұстау – ұялшақ, ұяң болып көрінгенімен, ешкімге тәуелсіз, байсалды нәзік жандарға тән.

Үздік жұмысшы қандай болуы керек?
Басқару ісін баяндайтын мақалалар мен кітаптар жетіп артылады. Бірақ та... Бастық болатындай бас-басыңа бақ қайда? Осы ұранмен өзгеше, елден ерек мазмұны бар бір мақала жазуға кірістім. «Қалай ары таза, ісіне адал, жауапкершілігі бар жұмысшы болу керек?» осы сұрақтың жауабын тауып көрелік, достар.
Дұрыс басқара алмауға қарағанда, басқарыла алмау ұжымдық еңбекке көп зиянын келтіргенін мойындайық. Ең бірінші кезекте жай жұмысшының әр мәселеде де шешім таба білуі маңызды. Содан кейінгісі – шындықты жасырмай айта білу. «Шындық бар жерде өтірік байқап жүреді, Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді» дегенді ұмытпайық. Көп жағдайда мәселе қандай қиын болмасын, оның шешілер түйіні бар. Осы мәселенің қалай қиын орындалатынын ойлай бергенше, тырнақтай талап қойып, істі бастап кету керек. Ұжым арасындағы жұмыс көлемін талқылаулардың көп ретте – жұмысты жамандау және оны барынша қиындату мәніндегі сылтаулары болады. Бұл еріншектің, қорқақтың амал-тәсілі. Ал жалғыздықта адам өз санасында ізденеді, болжау жасайды, шешім жасайды.

Сонымен қатар, жұмысшының жеке өміріндегі жағдайлар да жұмыстың іске асырылуын тежейді. Әрбір проблемалық ситуация жұмысқа деген «тәбетін» қашырады.

1. Бұйрықты талқыламау, тапсырмаға «құп, орындалады» деу ең ұтымды әрекет.
2. Жақсы жұмысшы әрқашан да сергек жүреді. Шынайы нәтиже қандай болмасын, сіздің көңіл-күйіңіз жаман болса, онда жақсылықтан үміт күтпей-ақ қойыңыз. Жұмыс орныңызға келіп отырған сәттен сіз шаршаңқы күйде жүрсеңіз, мейлі ол қандай бастық болса да, сіздің жұмысыңызды ауыстыру мәселесін қарайды. Әрине, сіздің бұл жағдайдан кейін жақсы жұмысқа отыруыңыз екіталай.
3. Жұмысшы өзгенің емес, ең бастысы өз ісіне берік болуы керек. Есіңізде болсын, «акула жалғыз жұмыс істейді».
4. Нашар жұмысшыдан ешқашан да жақсы басқарушы шықпайды. Адаммен қарым-қатынас жасай білу тек жәй ғана жұмысшыға емес, сонымен қатар, басқарушыға да керек қасиет. Сондықтан да бастығыңызға өзіңізді сыйлата білуіңіз керек.
5. Сіздің жағдайыңыз болмай жүргеніне, мектепте нашар оқуыңызға немесе өміріңіз сәтсіз болса оған бастығыңыз кінәлі емес. Өмір өз қолыңызда!

P. S. Сонымен келісіп алайық. Ең жақсы жұмысшы – тапсырманы ешқандай сылтаусыз орындап шығатын әрі өміріне риза адам! Осы мәтелді ұмытпайық...
Мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг олардың бойындағы мынадай маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мектеп басшылығымен, әріптестерімен сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін қажет. Мектептегі оқушылардың басым көпшілігінің тәртібі "қиын", болғандықтан тренинг жаттығулары мұғалімдерге оқушылармен қарым-қатынастың тиімді жолдарын шешудің жолын қарастырады. Тренингке қатысушы мұғалімдер жаттығу барысында басқалардың іс-әрекетін бақылай отырып, өз мүмкіндіктерін бағалайды, эмоционалдық тұрғыда көңіл-күйлерінің орнығып, жұмысқа қабілеттері артады. Тренингке мұғалімдер ерекше қызығушылықпен қатысады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама