Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
"Жақсы көрген жоқпын": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасының сырын ашты

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Мақпал Жүнісова өзінің бұрынғы жары, белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен қарым-қатынасының қалай басталғаны туралы тың деректерді жариялады. Әншінің айтуынша, ол алғашқыда Заманбек Нұрқаділовті жақсы көрмегенін және тіпті одан сескенгенін жеткізді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарым-қатынастың басталуы

Мақпал Жүнісова бұл туралы 2024 жылы «Din Dina Show» бағдарламасында сұхбат бергенде айтты. Әншінің сөзінше, Заманбек Нұрқаділовтің өзіне деген ықыласынан кейін, қарым-қатынасты бастауға ол өзі ұсыныс жасаған.

«Мен ол кісінің есігін қағып, «Мені алшы» деп жалынған жоқпын. Тіпті ол кісіге ғашық та болмағанмын. Жақсы да көрген жоқпын. Зәкең өзі дегенін жасап, қалауын орындады. Қолында билігі болды, айналасында біз қорқатын адамдар бар еді. Алғашқыда одан сескенетінбіз. Кейін сыйластық орнады», - деп еске алды өнер иесі.

Неке және отбасы

Әнші Заманбек Нұрқаділовпен некелерінің заңды түрде бірден тіркелмегенін де айтып өтті. Олар 1991 жылы бірге тұра бастағанымен, ресми некеге тек 1998 жылы ғана отырған. Мақпал Жүнісова қиын сәттерде жарының жанында қалу себебін де түсіндірді.

«Екеуміз де әкесіз өстік. Ол да мен сияқты қайыршы болатын. Билік те, байлық та қолдан кетті. Мен Зәкеңді ұстағым келсе, бірден АХАЖ бөліміне барар едім. Бірақ мен бармай қойдым. Жақсы көрсеңіз, құжатсыз тұрамыз дедім. 1991 жылы шаңырақ көтердік, 1998 жылы заңды некеге тұрдық. Ол уақытқа дейін кететін еркек кетіп қалар еді. Бірақ ол кісі қайтпай қойды. Мен оның жолын байлаған жоқпын», - деді халық әртісі.

Мақпал Жүнісова туралы

Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасының дамуына елеулі үлес қосқан, өзіндік даусымен және орындаушылық мәнерімен халықтың сүйіспеншілігіне бөленген тұлға. Ол 1963 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Кәсіби сахнадағы жолын 1981 жылы «Қазақконцерт» бірлестігінде бастап, көп ұзамай танымал болды. Әнші небәрі 22 жасында «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», ал 31 жасында «Қазақстанның Халық әртісі» атағын алды. Ол тек әншілік қырымен ғана емес, ұстаздық қызметімен де танымал.

Жаңалықтар

Жарнама