Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жарыма арналған тілектер, құттықтаулар

Кетірмеген берекесін дастарханның,
Туған күні құтты болсын От-анасының.
Тағы да осыншама өмір сүріп,
Қызығын қызықтай бер жалғызыңның.

*** *** *** ***

Туған күні құтты болсын жолдасымның
Он бес жыл отасқан от басымның
Кім білед енді қанша боларымды
Өзіңе неке қиған отағасының.
Тілерім зор денсаулық, ұзақ өмір тау халқының,
Жақсылығын тілеймін бұл жалғанның,
Арадағы жалғыз бұтақ, жалғыз ұлың,
Көр соның жапырағының жайқалғанын! 

*** *** *** ***

Құрметті отағасы! Ердің жасы –  50-ге келген мерейлі сәтің құтты болсын!
Өмір көшін біз бірге бастап едік, қалыпсың сен де 50 жасқа келіп, - ұл-қыз тәрбиелеп, жарыңды аялап, ата-анаңды қастерлеп, әкелік, жұбайлық, перзенттік парызыңды адал атқарып келесің. Әрдайым шаңырағымыздың тірегі, қамқоршысы, отбасымыздың берік діңгегі болдың. Талай асуларды табандылықпен жеңіп, нелер қиындықтарды қажырмен жеңдік. «Елу – тал түс» демей ме? Ендеше алдағы өмірде де туғанға сыйлы, кейінге үлгі бола бер. Күн жағымыздан көлеңке, жел жағымызға пана болып жүре бер!  Денсаулығың күйлі-қуатты, ғұмырың ұзағынан, көрер қуанышың молынан болсын деймін.

*** *** *** ***

Бәбішем-ау, сұлу едің, ойлы едің,
Нәзік тәнге жарасатын көйлегің.
Керіс шығып кетпесін деп кездейсоқ,
Күйеуіңе байқап-байқап сөйледің.

Өтті жылдар, өткендері білінбей,
Өлген арман қала берді тірілмей.
Тілің шықты ақырындап сенің де,
Сегіз айлық жас баланың тіліндей.

Көнеміз ғой дегеніне тағдырдың,
Бақытыңды қызғанатын бар құрбың.
Тұманбайды жақсы көрген жүректі,
Қай көшенің бұрышында қалдырдың?!

Мүмкін гүлдер еге алмадым жолыңа,
Бақ жұлдызын бере алмадым қолыңа.
Айың туса алғаныңның арқасы,
Күнің шықса көпсінбеймін оны да.

Қатар тұрып кеуде тостық тасқынға,
Керек етсем, тілін таптың тастың да.
Елу жылдай бірге келе жатырмыз,
Сенің биік ақылыңның астында.

*** *** *** ***

Жарыңның қабағына мұң түсірме,
Бақыт бар уайым жоқ, шат пішінде.
Жүрегіңде мейірім, иман болса,
Қадірлейді жар түгіл, жат кісің де.

*** *** *** ***

Әлпештейді, аялайды адал жар,
Жар жылуы – жүрекке нәр, соны аңғар.
Өзіңді өзің құрметтегің келсе егер,
Аяулыңды жүрекпен сүй, адамдар.

*** *** *** ***

Жүрер біреу жарының, жанын ұқпай,
Жүрер біреу әлпештеп, абыржытпай.
Өзің сүйіп алдың ба,
Өмір бойы,
Әйеліңді қадірле қалыңдықтай.

*** *** *** ***

Асыл жар, аяулы жар, құдай қосқан,
Өзіңсіз көңілімді мұнар басқан.
Егер де сен болмасаң, көкте күн мен,
Көгімде күлімсіреп тұрар ма аспан?!

Жаратқан ұлда берді, қыз да берді,
Түсіме ене алмайды қыздар енді.
Өзіңсің бақ жұлдызым жарқыраған,
Табамын жүрегіңнен ізгі әлемді.

Уық қостың сен менің уығыма,
Жылынамын жаныңның жылуына.
Жар болғалы өзіңді ұмытқансың,
Өбектеп менің ыстық – суығыма.

Шаттығын тіршіліктің тең бөлісіп,
Аққудай аялайсың көлбеп ұшып.
Қылығың, еркелігің, нұрлы жүзің,
Сонау бір, алғаш көрген, кезден ыстық.

Аяулым, жаулап алған ер жүрегің,
Әлпештеп анама ұқсап елжіредің.
Бар бақытым бір менің басымдағы
Қарашы, жанарыңда мөлдіреуін.

*** *** *** ***

Әйелдерге өсиет

Әйелдерге
Әйел достар,
Еркектерді жөндеп күтіп бағыңдар,
Оларға ылғи жағыныңдар, жағыңдар,
Толып жатыр өкініштің себебі,
Еркек деген өте нәзік келеді.
Сұлу көрсе, сұлу көрсе, тез босайды буыны,
Әсер еткіш оған күннің суығы,
Еркек деген о бастан-ақ шаршауық,
Қозғамаңдар жатса-дағы жау шауып.
Шеттерінен ұмытшақ та жаңғалақ,
Сүт орнына сыра әкелер арбалап,
Айта берсең еркектерге обал-ақ,
Сондықтан да күтіңдерші бағалап.
Ғалым бүгін бәрін іздеп тауыпты,
Еркектерге артық қимыл кауіпті.
Еркектерге шылым шегу зиянды,
Зиянды оған көп иіскеу де қиярды.
Зиянды оған көп қиялға бату да,
Зиянды оған жүру түгіл, жату да,
Жұмыс істеп, жалақы да алыңдар,
Бабын тауып баласын да табыңдар.
Аңда-санда дүкенге бір шыққанда,
Бірер жарты артық ала салыңдар.
Мұның бәрі еркектерге алымды,
Солар ішсін, солар кисін киімді.
О, әйелдер, еркектердің қадіріне жетіңдер,
Үлпілдетіп, әлпештеумен өтіңдер.

*** *** *** ***

«Керегенің басында оймақ тұрар,
Кедейшілік жігітке қой бақтырар.
Алған жары жігіттің жақсы болса,
Атын байлап алдында ойнап тұрар» -

Деп жырлайды бұл қазақ өлеңі,
Қара өлеңі – ақсақал көрегені.
Жарға теңеп жатады үйдің отын,
Жарға теңер төсек пен керегені.

Жарқыратып жүретін арман-арай,
Жырлар жазған жар жайлы толғап Абай!
Жары жақсы жігітке бақ қараған,
Шаруасы дөңгелеп алға қарай.

Жары жақсы жігіттің – аспаны ашық,
Әр күн оқыр қызықты дастан ашып!
Жақсы жары – жігіттің берекесі,
Күннен күнге көбейер достары асып.

Ана атын жүргендер жасап ұран,
Бұл сөзіме келтірмес аса күмән!
Бағы ашылған жігітке құдай берген,
Бағы ашылу – жігіттің қосағынан!

Жарың – жаның,
Жолдасың – алқаласың,
Тойлап жатыр сол бүгін орта жасын.
Жақсы жары – жігіттің алтын тәжі,
Басыңдағы базарың тарқалмасын!

*** *** *** ***

Туған күні құтты болсын отбасының
45 – деген бұл өмірде жарты ғасыр
Ұлыңның қызығын қызықтай бер
Әр уақытта домалап өрге тасың.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама