Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғашығыма арналған құттықтау, тілектер

Ғашық етер қос жанды сезім дейді, жүрегім алып-ұшып сені іздейді.

*** *** *** ***

Махаббатың жебесі жүрегіме қадалды, өмірімнің бар мәні сол сезімнен нәр алды.

*** *** *** ***

Жүрегімде жазулы тұр есімің, енді өзің айт, сүйген сәулем, шешімін.

*** *** *** ***

Ғашықпын мен, шын ғашықпын өзіңе, сенші сәулем, жүрекжарды сөзіме.

*** *** *** ***

Тек өзіңсің сырларым да ақылшым,
Өзге арудан жүрегіме жақынсың.
Бір сен үшін аттанамын бел буып,
Мейлі қандай қиын сапар шақырсын.
 
Саған төгем жүрегімнің жылуын,
Сенсіз маған өмір, шаттық-тұл ұғым.
Мен қай жаққа аттанбайын бәрі бір
Күтіп тұрар сенің табалдырығың.

*** *** *** ***

Мені, бір сағатта 60 минут, ал бір минутта — 60 секунд бар деп үйретті. Бірақ сенсіз өткізген бір секунд — тұңғиық екенін ешкім үйретпепті.

*** *** *** ***

Менің көздерім жүрегіме қызғаншақтықпен қарайды. Білесің бе, неге?! Өйткені, сен менің көздерімнен алыс болсаң да әрдайым менің жүрегімдесің!

*** *** *** ***

Бұйығы тартқан қалпым бар,
Болған соң саған шын ғашық.
Сен барда – жаным жарқылдар,
Жоқ болсаң – қалар мұң басып.

Сұрама оның себебің,
Сыры бар жұмбақ, астарлы.
Жарқырап тұрар әдемі,
Жұлдызы сенсің аспанның.

Ойларға батқан кезімде,
Үздігем қара көзіңе.
Бөлейтін іңкәр сезімге,
Бақыттың кілті өзінде!

*** *** *** ***

Махаббат айдынында жүзіп жүрген жан тәтті сезім мен қиял құшағында болады. Жабырқауды ұмытып, уайым-қайғы деген өмірде мүлдем жоқ тәрізді сезінеді.

Сол айдында өмірінің соңына дейін жүзе беруді қалап, жағалауға шыққысы келмейтіні хақ.

Ал егерде сол айдыннан абайсызда шығып қалсаң, өмірдің мәнін, сәнін жоғалтасың.

Ендеше достар, осы бір ғажап керемет өмірдің сәнін келтіретін дүние — Махаббат үшін!

*** *** *** ***

Бір ғұлама «мына өмірде Махаббаттан тәтті еш нәрсе жоқ, ал кездесе қалған қуаныштың барлығы да екінші орындағы нәрселер» деген екен. Ал «рух — достыққа, ақыл — сыйластыққа, тән — көңілге, осы үшеуінің қосылуы Махаббатқа ықпал етеді» деген де сөз бар. Шынайы  махаббаттың құрбаны болған адам бақытты.

Өміріңіздің мазмұны, мәні саналатын шынайы МАХАББАТ ҮШІН!

*** *** *** ***

Сенің нұрлы бейнеңді көргенімде, әсем сөздер келе берді-ау тіліме, Сендей жанның сүйгені болсам егер, Одан асқан бақыт жоқ енді МЕНДЕ

*** *** *** ***

Сағындым сенің жанарыңды,
Тұңғиықтай мұңға батқан.
Сағындым сенің жан-әніңді,
Тыңдауменен арай атқан.
 
Сағындым сенің сөздеріңді,
Жаным, күнім, айым деген.
Сағындым сенің жылуыңды,
Көздерімнен нұр іздеген.
 
Сағындым сенің келбетіңді,
Үнсіз ғана жалбарынған.
Сендей адам жер бетінен
Іздеп табу қайда маған?
 
Сағындырмай келші жаным,
Кезейікші бақыт бағын.
Көз алдымды өртеп барад
Жүрегіңнен атқан жалын.

*** *** *** ***

Жүрегімдегі көктем
Өксіп жүрек өртейді өз кеудесін,
Қайтсін енді тағдырынан безген соң.
Айтшы жаным, неге кеттік қиналып?
Бәлкім біздер жолықтық па кездейсоқ.
 
Жоқ, бақытым, олай емес, біз баста
Ғашықтар ек таң атқанша сырласқан.
Ессіз сүйдік еш нәрсеге мойымай,
Бізді аяп,жылайтұғын мұңды аспан.
 
Ал сен мені аяладың, аймаладың,
Сен қасымда жүрген соң қайғырмадым,
Пәк сезімді паналап, қамсынатын.
Сол күндерді білесің бе сағынамын.
 
Кешір жаным, жазылмайтын сырқаттымын,
Соны ойлап таппаймын бір сәт тыным.
Үмітсіз-ақ өмір сүрем тек сен болсаң,
Тек сен болсаң қасымда бақыттымын.
 
Жасырмаймын, киімімнің жамауы – сен,
Құмырасы көңілімнің – құмарым сен.
Өнеріңе таңым бар, қызығамын,
Қайта тусам сен болып жаралушы ем.
 
Жаралсам ғой, маған ғашық боларым хақ,
Қамалар ем сол жүрекке, орын сұрап.
Жаңа ғана өмір бастап, мен сүйген,
Неткен ғажап, бақыттысың! Арманың шақ!
 
Арманың шақ! Маған ғана жайған құшақ!
Бірақ байқа кетпесін қайғыңа ұқсап.
Таяқтың бір ұшына бақ ілінсе,
Екіншісі сол бақтағы дертің болмақ.
 
Не дегенмен бақыт, сірә, шектелмейді,
Оны мұңсыз ешкім де өткермейді.
Қайғы аралас шаттыққа мас жүректердің,
Жақұт іздеп жыр жазуын «көктем» дейді.

*** *** *** ***

Сүйем сені
Сүйем сенің шығанақтай көзіңді,
Сүйем сенің нұрға біткен жүзіңді,
Сүйем сенің мінезіңді төзімді,
Төзіміңнен үзіп сабыр берсең ғой.
 
Сүйем сенің езуге мас ерніңді,
Сүйем сенің жүзден өткір тісіңді,
Сүйем сенің ынтықтырар иісіңді,
Сол иістіжелдей есіп жүрсем ғой.
 
Сүйем сенің шабытыңды бүрмелі,
Сүйем сенің тамағыңдағы меңді,
Сүйем сенің ерекше жүрегіңді,
Сол жүрекке тамырыңмен жетсем ғой.
 
Сүйем сенің жотадай кең кеудеңді,
Сүйем сенің діңгектей тік желкеңді,
Сүйем сенің шыңдай биік еңсеңді,
Сол еңсеңнен құлап жерге өлсем ғой.

*** *** *** ***

Бақытым
Сен кей кезде аспандайсың жерге төнген,
Кіршіксіз сыз кеудеме көмкерілген.
Сен кей кезде қатты тассың сыр бермейтін,
Жылымайсың, жыласам да келіп көктен.
 
Сен кей кезде бұлақтайсың бастауы бар,
Сыңғырлаған нәзік үнді әнге құмар.
Сен кей кезде аққудайсың айдындағы,
Жүзіп баяу, жүргендейсің іздеп сыңар.
 
Өзің түгіл танымаймын кейде өзімді,
Сені көріп жүрек т ынып, тілім сынды.
Сүйем сені, мейлі тас бол, тасжүрек бол,
Сендей бақыт көрмеппін бұрын-соңды.

*** *** *** ***

Сүйемін сені неге екенін білмеймін неге жаным сені іздейді күні-түн болсам деймін, мәңгі сенің қасында бірақ қазір арманымсың тек қана....

*** *** *** ***

Сен менің жалғыз жанымсың,
Сен жоқта мүшкіл халім шын.
Мұң басып түндей түнерсем,
Ағарып атар таңымсың.
 
Басыма қонған бағымсың,
Көңілімнің алтын тағысың.
Қасымда дәйім жүрсең де,
Армандай алыс сағымсың.
 
Айналдым қоңыр көзіңнен,
Айырған мені төзімнен.
Жарылсын жүрек шаттанып,
Сүйемін деген сөзіңнен.
 
Сондайсың, сәулем, сондайсың,
Жағасы бұлғың тондайсың.
Жаралып жанды жылатпай,
Басыма бақ боп қонғайсың.
 
Тағастыз күтіп-тосамын,
Жырыма сені қосамын.
Сөзіңді берсей, болайын,
Тәңірі қосқан қосағың!
 
Тезірек, жаным, жетсеңші,
Сағындым.... өлдім...тек сенші.
Толқыған жүрек тыншысын,
Сенімнің гүлін ексеңші.

*** *** *** ***

Шынайы махаббат күшінің құдіреттілігі сондай – мылқауға тіл бітіріп, соқырға жанар береді, ауруды жазып, өліні тірілтеді.
Махаббат – ұлы жалғанда ең,
Теңесер оған кәне, күш!
Махаббат – асыл арман мен
Өртену, жану, сағыныш.
Махаббат – қуға жат мекен,
Құдірет оның аты да.
Махаббат - ғажап ақбөкен,
Айырылып қалсаң қапыда.

*** *** *** ***

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама