Жарқ етіп шығып, мәңгі сөнген жұлдыз
Ол Қазақстан халқын әлемге паш еткен бірден бір жан еді. Мәнерлеп сырғанауды бала кезінен жаны сүйген және сол жолдағы қиындықтарына төзе білген. Әлем көгіне жарқ етіп, мәңгі сөнген жан Денис Тен жайлы сыр шерткім келеді.
Шілде айының бел ортасы еді. Сол күнгі ауыр жағдай Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырып кетті. Тек Қазақстан халқынын ғана емес бүкіл әлем жарық беретін күнінен айырылғандай күй кешті. Мәнерлеп сырғанау спорты қанатынан қайырылды. Денистің қаза болғаны жайлы ақпарат көздері жарыса жазып жатты.
Өлтіргендер көп ұзамай құрықталды. Дегенмен де, Қазақстанда неге ұрлық қарлық көп, неге адамды қасақана өлтіру фактісі жиі тіркеледі. Адамдар сондай қатігез бе? Әлде заман өзгерді дегеніміз дұрыс па? Немесе Қазақстанның заңның әлсіздігі ие?
Күдіктілердің ақталуы бойынша “біз оның Денис Тен екенін білмедік” дейді езуге күлкі келеді. Сонда Денис Тен екенін білгенде өлтірмес пе еді? Адамның жанын алу адамға осыншалық жеңіл ме? Оны өлтіре беру керек деген сөз бе? Осы тұста Қазақстанның заңы есімізге түсері анық, заңымызды тым әлсіздігін айтамыз ба? Әлде мейірімділігін тілге тиек етеміз бе? Осы заңның осалдығынан қарапайым халық зардап шегіп жатыр. Өзіміз саусақ пен санарлықтай халқымыз бар да олардың өздері бірін-бірімізді өлтіріп жатсақ онда несіне халық боламыз....
Кішкентай ғана баланың өскенде осыншама жетістіктерге жететінін, өмірі осыншама қысқа болатынын кім білген. Теледидардың ар жағынан көріп әрқашан мақтаныш етер жанның енді мына өмірде жоқтығы, сымбатты сүйкімді келген келбетін енді қайтып көре алмайтынымыз, мұз үстінде қуыршақтай болып шыр көбелек айналып, Қазақстанның намысын қарғайтын жанның о дүниелік болып кеткені жанға батады. Қанша ай өтсе де ойласам жанарым жасқа толады. Кеше ғана ойнап күліп жүрген баланың бүгін жоқтығы, өмір үшін күресуге әл дәрмені болмай, түкке тұрғысыз адамдардың қолынан қаза тапқаны қатты қынжылтады Денистің өлімінен кейін ажалдың өзі адам жасына, оның мәртебесіне, оның арманына, мақсатында елемейтінін ұғынғандаймын.
Денистің көзі тірісінде жасаған жұмыстарын жіпке тізер болсақ елуге келген ел ағасының өзі оның бірінде істеп үлгермес еді. Балалар үйіне барып, көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырған, соларға ақша бөлгендігі, жас жігіттің жүрегіндегі мейірімділігі шексіз еді. Өзге елде тұрып өз елінің күйіне мұз үстінде мың бұрала билеген жанның жүрегі “Қазақстан” деп соқты... Оны шет елдегі жанкүйерлері тегімен емес “ қазақ Денис” деп атайтын болған екен. Бірде ол ”Қандай жағыдай болмасын мен әуелі қазақпын не істесем де, не ойласамда, мен кез келген жағдайда қазақпын ”деп айтқан екен сұхбатында. Оның өмірге деген көзқарасын былай жеткізген екен “Қанша жерден мықты болсаңда, сен ең алдымен адамсын, өмірі кәдімгі адамсың. Қанша дегенмен өмір деген нәзік нәрсе, ертең не болатынын болжай алмайсың” деп.
Оның жаттықтырушысы болған Татьяна Тарасова Денисті қайталанбас жан екенін айтып, оның шығармашылыққа өте бейім болғанын, тіпті өлен, ертегі шығаратын таланты болғаны жайлы айтып, өзінің Денис пен жұмыс жасағанын бақытқа балайтынын айта келе, сөз сонында менде Денис жайлы бір күні естелік күнделік жазамын деп корытындылады.
Денис тұрған үйге мемуарлық тақта орнатылды. Іс-шараға, Татьяна Тарасова да қатысты. Ал, Қазақстан үкіметі не істеп жатыр дегенге келер болсақ меніңше, әлі ештенке істеп үлгермеді өкінішті-ақ айтылған сөз айтылған жерде қалып жатыр. Алматыдағы немесе Астанадағы мұз айдындарына неге атын бермеске, қолдан келер шарамыз атын ардақтау ғана емес пе? Қазақстан үкіметі бейжай қарамаса екен.....
Мұз айдында құламаған жанды қара жерге құлаттық. Өлтірді ғой сені іштен шыққан шұбар жылан, Тірі кезіңде халқын бағалай алды ма?
Иә, шындықты мойындамасқа амал жоқ Денис Теннен айырылдық. Оның жүрегі соғуын баяғыда тоқтатты....Ол келмеске кетіп, бізді мына жалған, баянсыз өмірге тастап кетті. Өкінішті-ақ оған жасың ұзақ болсын, Қазақстанның көк байрағын желбіретіп жүре бер деудің орнына жатқан дерін жайлы болсын, жұмақтын төрінен орын алғайсын деуден басқа шарам жоқ. Мұз айдынға жарқ етіп шыққан жаннан Қазақстан халқы үлкен үміт күтті, үмітіміз ақталмады деуге келмес әрине ақталды. Дегенменде, Денистің шығар биігі әлі алда еді. Оның мезгілсіз келген өлімі есенгіретіп жіберді.
Әлем көгіне жарқ етіп шығып, мәңгі өшпес алаудай болып, бір сәтте сөнген жұлдыз. Қош.........
11 "ә" сынып оқушысы Кенгашова Айсауле