Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жасөспірімдердің ата - аналарына арнаған психологиялық кеңес
«Жасөспірімдердің ата - аналарына арнаған психологиялық кеңес»
Мақсаты: Жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері туралы, баламен қарым - қатынаста болатын өкіндірерлік қателіктерге, жасалуы оңай бірақ дұрысталуы қиынға соғатын қателіктерге ұрынбауға мүмкіндік беретін ережелер туралы ақпар беру. Жасөспірімдік шақ – бала тұлғасының психологиялық іргетасының негізгі компоненттері қалыптасатын уақыт; оның өмірлік мақсаттарының, құндылықтарының, қызығушылықтарының бүкіл жүйесін, нәтижесінде оның болашақтағы жетістігін немесе жеңілістерін айқындайтын уақыт.

Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме? қонақтар, ата аналар!
Әрбір ата - ана өз тәжірибесінен біледі: бала дамуындағы жасөспірімдік кезеңнің басталуы оның физиологиясының, психикалық реакциялары мен мінез - құлқының айтарлықтай өзгеруімен байланысты болады. Психологтардың жасөспірімдік шақты дағдарыс жасы деп атауы кездейсоқтық емес. Және бұл дағдарыс баланың өмірінде үш жаста және 7 жаста болатын алдыңғы жастық дағдарыстардан айтарлықтай дәрежеде ерекшеленеді. Ол дағдарыстармен салыстырғанда жасөспірімдік дағдарыс әлдеқайда күрделі әрі ұзаққа созылатын сипатта болады.

Көптеген жайттар жасөспірімнің оны қалай жеңуіне, ата - анасынан осындай қиын кезеңде қандай көмек алатындығына байланысты болады. Біріншіден, дәл осы уақытта есейіп келе жатқан адамның ата - анасымен болашақ қарым - қатынасының сипаты – олар жақын бола ма, сенімге негізделген бола ма, сыйластыққа толы бола ма, осылар айқындалады. Немесе алшақтау болады, эмоционалдық салқындық, алыстау, тұйықтық пайда болады, олар өмір бойы сақталады, және отбасындағы атмосфераны бұзып, болашақта ұрыс - керіс пен жанжалдарға себепші болады. Екіншіден, дәл осы жасөспірімдік шақ өз «Менінің» күшін қайрап, жеке тұлғаның өзін - өзі бағалауын қалыптастырады, бұл ересек өмірде адамның басты ішкі қорғаушысы болады және оған ең қиын деген жағдайларды абыроймен жеңуге мүмкіндік береді. Әрбір ата - ананың міндеті – баласында болып жатқан өзгерістерге ден қою, оның ішкі уайымдарына мейірбандықпен қарау. Өзін «Барлығы қиындықпен есейеді, оның қиындығы да өтеді, бәрі өздігінен жөнге келеді!» деген сөздермен алдарқатпау. Өздігінен ештеңе түзелмейді! Тіпті «проблемасыз балалар» деп аталатын ең момын балалардың өзі ата - ананың мейірімі мен қолдауына мұқтаж.

Бірақ, ата - ана үшін жоғарыда айтылған жайттарға керісінше тым бақылағыш, балаларына өз көмектерінсіз бір қадам жасауға да рұқсат бермейтін, олардың ойлары мен қылықтарын аңдитын, оның ересектерге тән қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескермейтін тиран ата - анаға айналмау да өте маңызды. Бұндай типтегі ата - аналар «Балам үшін ненің жақсы екендігін тек мен ғана білемін!» деген пікірді басшылыққа алады. Бірақ, осындай қысым жағдайында өскен балаға болашақта өзі шешім қабылдау оңайға соқпайды, себебі әрқашан ол үшін шешімді үлкендер қабылдап келген. Жасөспірімнің ата - анасынан балаға деген асқан қамқорлық және өзінің тәрбиелік міндеттерінде қалай барынша тиімді болу керектігін терең түсіну талап етіледі.
"Біз кішкентай балалармыз" әні» БЕЙНЕРОЛИГІ КӨРСЕТІЛЕДІ.

Бұл тамаша бейнематериал сіздердің әрқайсыларыңызға ержетіп келе жатқан баланың мінез - құлқы қандай арынды эмоциялардан болатындығын түсінуге мүмкіндік берді деп ойлаймын. Және ең бастысы, бұл бейнероликтің сіздердің көңіл күйлеріңізді көтергендігіне, жағымды эмоциялар тудырғандығына сенімдімін. Міне, енді біз педагогикалық тұрғыда сауатты әрбір ата - ана өз баласымен қарым - қатынаста білуі, есте сақтауы және басшылыққа алуы тиіс ақпаратты меңгеруге, зерделеуге толық дайынбыз деп ойлаймын. Педагогиканың маңызды заңдылықтарының бірінде: «Оқыту процесінде жағымды эмоциялар қаншалықты мол болса, білім де соншалықты дәрежеде жылдам әрі сапалы меңгеріледі!» делінеді. Слайдтарға назар аударайық. Слайдтарда жасөспірімді педагогикалық тұрғыда сауатты тәрбиелеудің 12 ережесі берілген.

2 - СЛАЙД Жасөспірімдік жас (10 - 11 жастан бастап 13 - 14 жасқа дейін) бала мен оның ата - анасының өміріндегі ең күрделі де жауапты кезең болып табылады. Бұл жас даму мен өмірдің барлық жақтарын қамтитын сапалық өзгерістер болатындықтан, дағдарысты жас болып есептеледі.
Бала ағзасында болатын физиологиялық өзгерістер:
* Ағзаның жыныстық қызметін реттейтін жаңа гормондар пайда бола бастайды; жыныстық жетілу процесі іске қосылады. Онымен бірге адамның бойында, салмағында, бұлшық еттерінде, ішкі органдарында үлкен өзгерістер жүреді. Бұл сыртқы келбеттің қатты өзгеруіне әкеп соғады, және өзгерістер өте жағымсыз болады (дене мүсінінің үйлесімсіздігі пайда болады; қалыптаспаған жүру мәнері орашолақ болып көрінуі мүмкін, терідегі майлылық мөлшерінің көптігіне байланысты безеулер шығады).
* Жаңа гормондардың әсерімен жасөспірімнің жүрек - қан тамыр жүйесінде үлкен өзгерістер болады: қан қысымы мен күре тамыр қысымының деңгейлері, жүрек соғысының ырғағы өзгереді. Осыған байланысты, жасөспірімдерде жүрек тұсында болатын жағымсыз сезімдер жиі байқалады – ауыру, шаншу, жүрек соғысының қатты жиілеуі.
* Гормондардың әсері иммундық жүйенің әлсіреуіне әкеп соғады, нәтижесінде жасөспірімдер түрлі созылмалы ауруларға шалдыққыш келеді.
* Сыртқы келбетіне көңіл бөлу күрт өседі. Физикалық «Меннің» жаңа бейнесі қалыптасады. 3 - СЛАЙД
Ата - аналар бұдан қандай қорытынды шығаруы тиіс? Олардың міндеті – жасөспірімге ағзаның есею процесімен пайда болатын физиологиялық өзгерістерді жеңуге көмектесу.
• Мына жағдайларды қадағалап отыру қажет:
– жасөспірімнің дұрыс тамақтануын
– күн тәртібін сақтауын (ұйқы тәулігіне 10 сағаттан кем емес);
– таза ауада көбірек болуын;
– ұдайы дене жаттығуларын жасауын немесе спортпен шұғылдануды бастауын (егер бұл бұрын болмаса).
Есіңізде болсын: жасөспірімнің сыртқы келбетіне байланысты болатын уайымдау жағдайына мән бермеуге мүлде болмайды. Дене сұлулығы, физикалық тартымдылық (немесе керісінше, ұсқынсыздық пен тартымсыздық) туралы әңгіме – есейіп келе жатқан жасөспірімнің жүрегіне жол табудың ең қысқа тәсілі. Оны тыныштандыруға, оптимизм ұялатуға тырысып, көңілге қонымды сөздер таба біліңіздер. Сіздің сөздеріңіз оның өзін - өзі бағалауына (жақсы жаққа да, жаман жаққа да) орасан зор әсер етеді. Кейде ата - ананың ойланбай айта салған сөздері бүкіл өмір бойы ұмытылмайды және есейген адамның өзіне көзқарасын, ер мен әйел қатынасына көзқарасын айқындайды.
4 - СЛАЙД
Ең күшті өзгерістерге ұшырайтыны жасөспірімнің жүйке жүйесі: гормоналдық және физиологиялық өзгерістердің әсерімен оның эмоционалдық және мінез - құлық реакциялары өзгереді.
• Қызбалық пен ашушаңдық күрт өседі.
• Мазасыздық, агрессия туындайды, жұмысқа қабілеттілік төмендейді.
• Тілазарлық, дөрекілік, жанжалшылдық, ересектерге себепсіз қарсы шығу байқалады.
• Мұғалімдерге қатысты теріс әрекет ету, өзінің тәуелсіздігін даңғойлықпен паш ету көрініс табады.
• Жасөспірім өз құқығын қорғай отырып, өмірінің көптеген тұстарын ата - аналардың бақылауынан қорғайды және олармен жиі жанжалдасады.
• Эмоционалдық тұрақсыздық көңіл - күйдің күрт ауытқуына әкеледі (экзальтациядан бастап депрессияға дейін).

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама