- 13 қар. 2018 00:00
- 335
Жастарға Үндеу
С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағынтайқызы Аяулым
Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа
Өмір... Бұл сөзді біз қаншалықты түсінеміз, қаншалықты бағалаймыз? Бұл өмірге бізді не үшін жаратты? Біздің мақсатымыз не? Осы сұрақтарға бір сәт ой тоқтатып көрдік пе? Сан сұрақ қойылады, жауабы да оның сан алуан болуы ғажап емес. Дегенмен, осы тірлікте адам болып дүние есігін ашқан соң, адам болып өмір сүруіміз керек.
Қазір ғылым мен техника күн санап өзгеріп, сағаттап түрленіп жатыр. Осы көштен қалмау үшін білімнің биігінде болып, бойымызды таза ұстауымыз қажет. Десек те кей жастарымыз өз өміріне, денсаулығына балта шабуға құштар-ақ келеді. Шылым шегіп, нашаға тәуелді болып, мәні мен мағынасы жоқ "ләззәтқа " құштар болады. Шылым шегу - есейгендік белгісі деп санайтындар да кездеседі. Әрине бұл алдамшы пікір. Шын есею - шылым мен наша емес, салауатты өмір салтын сақтап, отбасына қамқоршы болу емес пе?
Кереметтей балалық шағында өзін зиянкесті әдеттерге үйретіп, болашағын бұлыңғыр еткен жастарға "Ойлан!" дегім келеді. Сені анаң не үшін мәпелеп өсірді, әкең не үшін қаражат тауып, бар қажетіңді тауып берді? Сол ата-анаңның аялап, мәпелеп өсірген еңбегін өтеуінің жемісі - сенің жақсы оқу орнына түсіп, салауатты өмір салтын ұстанып, жетістікке жеткенің.
Болашағың бақытқа оранып, арманың асқақ болсын десең - зиянкесті заттардан аулақ болып, достарыңа да талап қоя біл! Бұл сенің өз денсаулығыңа, досыңа деген адал ниетің деп түсін? Мен саған сенемін, жас Дос!