Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы
10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы.
Сабақтың мақсаты: Жасуша оның ашылу тарихымен және оны зерттеу жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері: 1. «Жасуша» ұғымын түсіндіріп, Жасушаның ашылу тарихын оқу.
2. Адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту. 3. Электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың типі: құрастырылған
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұбхат, баяндау, лекция
Сабақтың көрнекілігі: схема, суреттер
Сабақтың пән аралық байланысы: тарих, география

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
ІІІ. Білімді тексеру және өзектеу
1. Цитология пәні
2. Міндеттері.
3. Зерттеу әдістері және олардың басқа биологиялық ғылым салалары мен медицина және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін маңызы.

ІҮ. Жаңа сабақ.
1609 жылы Италия ғалымы, физик Г. Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40 - тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған. Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген.
Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық өлшем бірлігі – жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, оптикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.
Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590 - 1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі - балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.
Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама