Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жаздық және күздік бидайды өсіру технологиясы

№ 3 сабақ жоспары
Мамандығы: 1502000 - Агрономия
Пәні: Өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы.
Сабақтың тақырыбы: Жаздық және күздік бидайды өсіру технологиясы.
Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі. Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде дүниежүзінде 230 млн. га егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35%- ын жаздық бидай 65 пайызын құрайды, ал оның астық өнімі орта есеппен 25, 4 ц/га.
Күздік бидай жоғары өнімділіктің дақылы ретінде өзінің биологиялық потенциялын құнарлы топырақтарда және жақсы алғы дақылдарда іске асырады.
«Бараев атындағы астық шаруашылығы Қазақ ҒЗИ» РММ - нің аумағында ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙЫНША Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік бидайға жалғыз алғы дақылға ықтырмалы сүрі танабы жатады. Ықтырмалы сүрі танабына себілген күздік бидай ылғалмен және қоректік заттармен барынша жақсы қамтамасыз етіледі, әрі егін көгі қысқы үсіктен жақсы қорғалады.
Күздік бидайды арнайы ауыспалы егістерде шамамен дақылдарды төмендегендей кескінмен кезектестіріп орналастыру ұсынылады:
1. Ықтырмалы сүрі танабы – күздік бидай – жаздық бидай – жаздық бидай;
2. Ықтырмалы сүрі танабы – күздік бидай – жаздық бидай – жаздық бидай;
3. Ықтырмалы сүрі танабы – күздік бидай – жаздық бидай – жаздық бидай – арпа.
Жұмсақ бидайдың өнім деңгейі оған танаптарды дайындағанда жүргізілетін шаралармен ғана емес, сонымен қатар шаруашылықтағы бүкіл егіншілік мәдениетіне байланысты анықталады.
Алғы дақылдар. Қазақстанның далалық, орманды - дала аудандары үшін кезінде ҚР АШМ - нің «Казагроинновация» АҚ - ның «А. И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты» ЖШС және басқа ғылыми мекемелердің ғалымдары қысқа айналымды (4, 5, 6 танапты т. б.) дәнді сүр танапты, дәнді отамалы дақылдар ауыспалы егістерін зерттеп жасады және олар жазық тілгішті, минималды топырақ өңдеу технологияларына негізделген:
Жаздық бидайға ұсынылған ауыспалы егіс сұлбасы:
1. Сүрі жері, бидай, бидай, арпа, бидай;
2. Сүрі жері, бидай, бидай, бидай, арпа
3. Сүрі жері, бидай, бидай, сұлы, бидай, арпа
4. Жүгері, бидай, арпа немесе сұлы
5. Біржылдық шөптер (пішенге, жасыл балаусаға), бидай; асбұршақ, бидай, сұлы немесе арпа;
Тыңайтқыштар - өсімдіктердің қоректендіруін оңтайландыруды, топырақ құнарлығын, дақылдың өнімі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ететін маңызды фактор. Жаздық бидай астығының бір тоннасын қалыптастыруға орта есеппен 35 - 45 кг азот (N), 8 - 12 кг фосфор (Р2О5) және 17 - 27 кг калий (К2О) қажет. Топырақтан қоректік заттарды жаздық бидай түптенуден дәннің сүттене пісу кезеңіне дейін барынша қарқынды сіңіреді. Алайда астық өніміне әсер ететін «қиын - қыстау» кезеңі – себу – түтікке шығу аралығы. Қазақстанның көпшілік аймақтарында, әсіресе орманды дала аймақтарында, жаздық бидай үшін тиімді тыңайтқыштардың бірі – фосфор тыңайтқышы. Негізгі астықты өңір Солтүстік Қазақстанда сүрі танабына енгізілген (Р2О5) әрбір киллограмы тура және соңғы әсерімен 10 - 12 кг - ға дейін қосымша жаздық жұмсақ бидай өнімін қамтамасыз етеді. Оның үстіне ол 5 - 6 тәулік ерте піседі, ал бұл дер кезінде егінді ысырапсыз жинап, жоғары сапалы астық алуға мүмкіндік береді.
Сүрі танабы фосфор тыңайтқышын енгізетін ең жақсы орын болып есептеледі. Бұл оның жоғары ылғалдылығына, нитратты азотпен қамтамасыз етілуіне және арамшөптерден тазалығына байланысты.
Топырақ өңдеу. Топырақ өңдеу нақты аймақ жағдайында алғы дақылға, топырақ ерекшеліктеріне, оның арамшөптермен ластануына, басым арамшөптер түріне және көптеген басқа – жағдайларға байланысты өзгереді.
Топырақ өңдеудің екі түрі бар жаздық бидай үшін күзде жерді соқамен терең қопсыту және көктемде егін себер алдында өңдеу.
Ерте көктемгі топырақ өңдеу күзгі кесек топырақты сүдігерде, жазық тілгішті технологиямен дайындалған сүрі жерлерде жүргізіледі және оның физикалық пісу кезеңінде басталады. Негізгі мақсаты – екпе дақылдар тұқымдарын біркелкі сіңіру үшін топырақ бетін тегістеу.
Себу алдындағы топырақ өңдеуді гербицидті өңдеумен алмастыруға да болады, бұл шара арамшөптерден тазартып қана қоймай, топырақтағы ылғал қорын да сақтауға жағдай жасайды. Себу алдындағы гербицидтік өңдеуді (раундап 36% с. е., 1, 8 - 2, 0 л/га) бидайдың кеш себілетін танаптарында себуден 7 - 8 тәулік бұрын жүргізген тиімді.
Қар тоқтату - СВУ - 2, 6 немесе СВШ - 10 қар тоқтатқыш құралдармен іске асырылады. Ол қар қабаты 12 - 15 см (қараша – желтоқсан) жеткенде басталады да желдің басым бағытына көлденең жүргізіледі. Жалдардың ара қашықтығы төбесінен есептегенде 4 - 5 м аспағаны жөн.
Тұқымды себуге дайындау. Себуге өнімділік қасиеттері жоғары тұқымды пайдаланған жөн, әрі ондай тұқым сорттары мемлекеттік тізімнен себуге рұқсат етілген болуы тиіс.
Құрғақ ауада қыздыру тұқым сапасына оң әсерін тигізеді. Бұл өну энергиясы мен танаптық өнгіштікті арттырудың бір жолы. Құрғақ ауада қыздыруды күн көзінде 15 - 20оС - да жүргізген жақсы. Бұл жұмысты арнаулы белсенді желдеткіш құрылымдарында (15 - 20оС жылылықта) жүргізгенде ыңғайлы және тиімді.
Тұқымды дәрілеу. Тұқымды саңырауқұлақ және бактериялық ауру қоздырғыштарынан залалсыздандыру үшін уақытында және сапалы дәрілеу (себуден 1 - 2 ай бұрын) қажет. Қазақстанда қара күйе, тамыр шірігі ж. б. ауруларға қарсы жүйелі әсері бар витавакс (1, 5 - 2, 0 кг/т), раксил 6% (0, 4л/т),
Себу мерзімі. Солтүстік және Орталық Қазақстанда жаздық бидайдың оңтайлы себу мерзімі 15 - 30 мамыр аралығы болып табылады.
Аймақта өсірілетін сорттардың пісу мерзіміне, көктемнің сипаты мен бір метр топырақ қабатындағы ылғал қоры, танаптың ластану деңгейіне, сонымен бірге шаруашылықтардың фосфор тыңайтқыштарымен қамтамасыз етілуіне байланысты жаздық бидайдың төмендегідей себу мерзімі ұсынылады:
- ерте құрғақшылықты көктемде орташа мерзімде пісетін сорттарды себуді 18 мамырдан ерте бастауға болмайды, ал көктем кеш әрі салқын болғанда тыңайтқыш енгізілген сүрі танабында құрғақ - далалы аймақта 23 мамырға дейін, құрғақшылықты аудандарда 21 мамырға дейін сеуіп бітіру қажет; тыңайтқыш енгізілмеген сүрі жерлерде бидай себуді 20 мамырға дейін аяқтайды.
- ортадан кеш пісетін сорттарды орташа мерзімде пісетіндерге қарағанда 3 - 5 тәулік бұрын себе бастаған дұрыс; таза сүрі танабының ауданы шамалы болғанда, техникамен жақсы жарақтанғанда және жұмыс тыңғылықты ұйымдастырылғанда жаздық бидайдың мұндай сорттарының оңтайлы себу мерзімі – 20 - 22 мамыр;
Орташа ылғалды жылдары жаздық жұмсақ бидайдың оңтайлы себу мерзімі: орташа мерзімді сорттар үшін – 15 - 25 мамыр, ортадан кеш пісетіндерге – 15 - 20 мамыр. Оңтайлы себу мерзімі шеңберінде ең әуелі ортадан кеш пісетін сорттарды ылғалы мол және арамшөптерден таза танаптарға, соңынан - орташа мерзімде пісетін сорттарды ылғал мөлшері төмен және арамшөптермен біршама ластанған танаптарға себеді.
Себу тәсілі. Себу тәсілі астық өнімімен қатар өнімнің біркелкілігі мен оның сапасына да әсер етеді. Барынша жетілдірілген себу тәсіліне неғұрлым өсімдіктердің қоректену алаңы квадрат пішініне жақындау егістіктер жатады. Мұндай қоректену алаңы егістіктерде өсімдіктердің жарықты, қоректік заттарды, ылғалды пайдалануы жақсарады. Бұл талаптарға тарқатарлы, тоғыспалы және тоғыспалы - диагоналды тәсілдер сәйкес келеді. Алайда, Республикамыздың барлық аймақтарында жаппай қатардағы себу тәсілі қолданылады; аңыз паясы сақталған танаптарда СЗС - 2, 1 сепкіштері және оның модификацияларымен себу тәсілі кең тараған; паясыз алқаптарда СЗП - 3, 6 және СЗ - 3, 6 сепкіштерімен себілген егістік жақсы нәтиже береді. Барлық жағдайда да шетелдік осы заманғы кешенді тұқымсепкіштердің артықшылықтары бұл бағытта күдік тудырмайды.
Себу мөлшері. Астық өнімінің мөлшері көп жағдайда бір өлшем егістіктегі өнімді масақтар санына байланысты өзгереді. Себу мөлшерін белгілегенде себілетін сорттың түптену деңгейі, танаптың ылғалмен қамтамасыз етілуі және арамшөптермен ластануы ескеріледі. Жаздық бидай арпа мен сұлыға қарағанда әлсіз түптенетіндіктен ол себу мөлшерін біршама арттыруды қажетсінеді.
Құнарлы топырақтарда және жеткілікті ылғал қоры болғанда әрі арамшөптермен ластанған танаптарда себу мөлшерін арттырады, ал құрғақшылықты аудандарда - азайтады.
Аймақтарға қарай жаздық бидайдың себу мөлшері 2, 5 - тен 4, 5 млн/га өнгіш тұқым аралығында өзгереді:
- кәдімгі қара топырақтарда - 3, 5 - 4, 5 млн/га өнгіш тұқым;
- оңтүстік қара топырақтарда - 2, 5 - 4, 0 млн/га өнгіш тұқым;
- қара қоңыр (каштановые) топырақтарда - 2, 0 - 3, 2 млн/га өнгіш тұқым.
Себу тереңдігі. Жаппай егін көгін алуда және жаздық бидайдың біркелкі пісуіне тұқымның топыраққа сіңіру тереңдігі айтарлықтай рөл атқарады. Тұқымды тым терең немесе саяз сіңіруге болмайды. Бұл жағдайда егін нашар көктейді, жаздық жауын шашынның әсерінен қосымша егін көгі пайда болады, астық пісру дәрежесі әртүрлі дәндерден қалыптасады да сапасы төмен болады. Сондықтан тұқым ылғалды қабатқа сіңірілуге тиіс.
Еліміздің көптеген аудандарында жаздық жұмсақ бидайдың қолайлы себу тереңдігі 5 - 8 см болып табылады.
Тұқымның сіңіру тереңдігі оның сапасына, топырақ климат ерекшеліктеріне, нақты агротехникалық шараларға т. б. байланысты. Көктем салқын болғанда әрі жеңіл топырақтарда тұқымды саяз, ал құрғақ болғанда тереңірек сіңіреді. Сіңіру тереңдігі 8 - 10см жеткізілгенде егіннің көктеуі кешеуілдейді, далалық өнгіштік пен өнім төмендейді. Мұндай жағдайда себу мөлшері 10% арттырылады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама