Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары
Оқу - тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға жазық жақты нәрселердің фронталь диметриялық және изометриялық проекцияларын салуды үйрету. Нәрсенің аксонометриялық проекциясын тұрғызу үшін Хₒ, Уₒ, Zₒ координат осьін орындауды және деталь сызбасын салудың жалпы кезеңдерін ретімен үйрету.
2. Дамытушылық: Жазық жақты нәрселердің сызбаларына қарап, кеңістікте көз алдарына елестетіп, оның пішінін толық талдай алуға үйрету, яғни нәрсенің сыртқы және ішкі көріністері мен ерекшеліктерін түсіну, тиісті білімдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдемі сызба сала білуге, салынған сызбаны түсіне білуге, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, әсемдікке тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Координата жүйесінің макеті, дәптер, сызба аспаптары, жиналмалы кубиктер т. б.
Сабақтың типі: Оқу материалдарын бекіту сабағы.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақ үш бөлімнен тұрады: 1. Қызығушылықты ояту.
2. Мағынаны ажырату.
3. Ой толғаныс.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушыларды түгелдеу
- оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау
- оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

І. Қызығушылықты ояту.
2. Топқа бөлу
а) «Үшбұрыш» тобы
ә) «Төртбұрыш» тобы
оқушылар өз тобының атын қорғайды.

3. Үй тапсырмасын тексеру.
Жазық фигураның аксонометриялық проекциясы. 3 - кесте. Алтыбұрыш сызбасы
2. Сөзжұмбақ «Проекция»
* Сызбаларда бұрыштарды өлщеу және салу үшін қолданылатын құрал.
(транспортир)
*Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығы. (даярша)
*Қисық сызықтарды сызу үшін қолданылатын шаблон. (лекало)
*Сызу барысында параллель сызықтарды жүргізу үшін қолданылатын, бекітелген ролигі бар сызғыш. (рейсшина)
*Симметрия осьтері болып табылатын осьтік сызықтарды, сондай-ақ доғалар мен шеңберлердің центрін сызатын жіңішке сызық. (штрихпунктир)
*Егер нәрсенің кескінін салуға көмектесетін проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шығатын болса, мұндай проекция қалай аталады?. (центрлік)
*Бақылаушының бүйір жағынан орналасқан жазықтық қалай аталады (профиль)
*Детальдың екі жағы бірдей (симметрия)
т р а н с П о р т и р
д а я Р ш а
л е к а л О
р Е й с ш и н а
ш т р и х п у н К т и р
Ц е н т р л і к
п р о ф И л ь
с и м м е т р и Я

ІІ. Мағынаны ажырату.
4. Өткен тақырыпты қайталау.
- аксонометриялық проекциялар осьтері қалай орналасады?
- сызбаны орындағанда изометриялық және фронталь диметриялық проекциялардағы осьтердің бойына қандай өлшемдер түсіріледі?
- аксонометриялық проекцияларды салудың жалпы кезеңдерін ретімен атаңдар.

5. Жаңа білімді қалыптастыру.
Нәрсенің алдынғы көрінісін мысалға алып, жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салудың тәсілін қарастырайық.
Өткен тақырып бойынша тік бұрышты изометриялық проекция мен қиғашбұрышты фронталь диметриялық проекцияны салу ережелері жалпы алғанда бірдей екендігін көрдік. Олардың айырмашылығы осьтердің орналасуында және фронталь диметриялық проекциядағы у осінің бойына салынатын кескіндердің өлшемінде.
Аксонометриялық проекцияларды салуда:
1. Осьтерді жүргізеді. Нәрсенің нақты өлшемдерін: биіктігін z осінің бойына, енін х осінің бойына түсіріп, алдынғы жағына салады.
2. Мұнан шыққан фигура төбелерінен қырларды у осьіне параллель жүргізеді. Олардың бойына нәрсе қалыңдығының өлшемдерін: фронталь диметриялық проекция үшін екі есе кішірейтіліп, ал изометрия үшін нақты өлшемін салады.
Осыдан шыққан нүктелер арқылы нәрсенің алдыңғы жағының қырларына параллель түзулер жүргізеді.
3. Артық сызықтарды өшіріп тастайды. Көрінетін контурды бастыра жүргізіп, өлшемдерді түсіреді.
Нәрсенің өлшемдерін аксонометриялық проекцияға түсіргенде шығарма сызықтар аксонометриялық осьтерге параллель, ал өлшем сызықтары өлшенетін кесіндіге параллель жүргізіледі.

ІІІ. Ой толғаныс
6. Жаңа білімді бекіту.
Венн диаграммасы. «Аксонометриялық проекциялар»
Фронталь диметриялық проекция мен изометриялық проекцияның айырмашылығы мен ұқсастықтарын дәптерге орындау.

7. Сабақты қорытындылау.
- тақырып бойынша сұрақтар қою;
- жұмыстарын тексеру;
- бағалау
8. Үйге тапсырма: Пішім А4 - ке жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын сызу.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№45 «Ақ Орда» мектеп - гимназиясының
жоғары санатты бейнелеу пәнінің мұғалімі
Шаймерден Азатхан Серікұлы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама