Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жазықтағы нүктенің координаталары. Кесінді ортасының координаталары
Тақырыбы: Жазықтағы нүктенің координаталары.
Кесінді ортасының координаталары.
Сыныбы: 8
Геометрия
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазықтықтғы тікбұрышты (декарттық) координаталар жүйесі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Кесіндінің ұштарының координаталары бойынша оның ортасының координаталарын табуды үйрету.
Тәрбиелік: Координаталық осьтердегі проекциялар мен кесіндінің ортасында жатқан нүктенің координаталарын формуламен есептей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта мүмкіндіктері: торкөздер, сызғыш, өшіргіш, қаламсап, координаталық түзу, Excel программасында түзілген бағалау тесттік тапсырмасы.
Жаңа білім беру сабағы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй - жұмысын тексеру.
ІІІ. Сабақтың тақырып, мақсатын таныстыру.
IV. Жаңа сабақ. Слайд ашу
1. Тарихтан нені білеміз?. (Слайд 1)
Бұл бөлімде қысқаша тарихтан ақпарат береміз, суретін интерактивті тақтадан көрсетемін.
Координаталық әдіс идеясын жүйелі түрде алғаш рет Пьер Ферма (1601 - 1665) және Рене Декарт (1596 - 1658) дамытты. Олар координаталық оське дейінгі қашықтықты оң сандарға немесе о - ге тең деген. Ал И. Ньютон мен Г. В. Лейбниц қашықтықтардың біреуі немесе екеуі де теріс сан болады деп тұжырымдады.
Г. В. Лейбниц (1646 - 1716) бұл қашықтықтарды алғаш рет координата деп атаған

2. Теориядан нені үйренеміз?.. (Слайд 2)

Зерттеу құралы координаталық әдіс пен элементар алгебралар әдісі болып табылатын геометрияны аналитикалық деп атайды.
Горизонталь ось - х, оны абсцисса осі, ал вертикаль осьті у, ордината осі деп атайды. Олардың қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды.
Координаталар басы ортақ және масштаб бірлігі тең өзара перпендикуляр екі түзу (ось) тікбұрышты декарттық координаталар жүйесін немесе координаталық жазықтықты құрайды. Бұл жүйені хОу жүйесі деп белгілейміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама