Photo: Francesco Ungaro (https://www.pexels.com/@francesco-ungaro) / Pexels
- 22 ақп. 2026 03:00
- 19
Жеке кәсіпкер мәртебесінен айырылу немесе салық режимін өзгерту: Мемлекеттік кірістер комитетінің талабын елемегендерді не күтіп тұр?
2026 жылдың 1 қаңтарына дейін арнайы салық режимдерін қолданған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 28 ақпанға дейін салық режимі туралы хабарлама беруі тиіс. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер органдарының ақпаратында айтылған.
Бұл талап осы жылдың басына дейін арнайы салық режимдерінде жұмыс істеген барлық бизнес субъектілеріне қатысты. Егер хабарлама уақытылы ұсынылмаса, жүйе салық төлеушіні автоматты түрде жалпы белгіленген салық режиміне ауыстырады немесе жеке кәсіпкер ретінде есептен шығаруы мүмкін.
Хабарламаны тапсыру жолдары
Кәсіпкерлер хабарламаны салық төлеушінің кабинеті, e-Salyq Business мобильді қосымшасы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы немесе қағаз түрінде жібере алады.
Салық органдары бизнес өкілдерін салық режимінің автоматты өзгеруі мен оның салдарынан аулақ болу үшін талапты уақтылы орындауға шақырады.