Желбіре, Жеңіс туы!
Желбіре, Жеңіс туы!
Мақсаты: 1. Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.
2. Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға - апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге - қызмет етуге, адамгершілікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Балалардың ақыл - ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту. Көрнекіліктер: Альбом, буклеттер.
1 - Жүргізуші: Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Музыка, балалар қолдарына гүл шоқтарын, шарлар ұстап залға кіреді.
2 - Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Биыл міне, сол жеңіске де 72 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата - бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады. 1 минут үнсіздік. Қазір біздің балалардың Жеңіс күніне арнап дайындаған «Желбіре, Жеңіс туы!» атты ертеңгілігін тамашалаңыздар.
Хор: «Жеңіс туралы жыр.»
Аққуназ: Біздер үшін жанын қиған,
Бас иеміз жандарға.
Атақ - даңқын жеткіземіз,
Ертеңгі атар таңдарға.
Санжар: Ерліктерін мәңгі ұмытпай,
Есте сақтап жүреміз.
Есімдерін көше мектеп,
Атауыныа білеміз.
А. Кәусар: Ер есімін алып жүрген,
Жас түлектер қаншама.
Батыр аға - апаларын,
Таныстырып баршаға.
Мейрамбек: Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар.
Ұмытпайды ешқашанда.
Жауынгерді балалар!
Ж. Кәусар: Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақта Отан ел үшін,
Бақытты туған жер үшін!
Айсұлтан: Жау шатарын жықтырып,
Жауға тізе бүктіріп.
Жарқ етті елдің ерлері,
Жеңімпаз өскен ұдайы.
2 - Жүргізуші: « Солдаттар» биі. Ортада: Диас, Баубек, Мирас, Санжар.
1 - Жүргізуші: «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес!» Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Бұл сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткішінде тасқа қашалып жазылған.
Асыл: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Ағалардың арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
2 - Жүргізуші: Осы сұрапыл соғыста Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдиновтермен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап - жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды.
Әлижан: Қайтпаған дауылдан,
Кек алған жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы Бауыржан.
Қазақтың қамы үшін,
Жүрегі ауырған,
Елінің намысын, қорғаған Бауыржан.
Әнел: Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт.
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт.
Ол жеңісті көрген жоқ,
Келді кейін азат күн,
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың!
Ж. Айару: Сонау жылы жер көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк әпкеміз
Жауды елден қорғаған.
Үстінде сұр шинелі,
Дулығасы болаттан,
Мәншүк апа күн - түні,
Жауға оқты боратқан.
1 - жүргізуші: 1945 жылы 30 сәуірде сағат 6, 30 - да жеңіс туы тігілді. Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға созылған қан төгіс аяқталды. Көрініс: Ортаға қолында қызыл жалауы бар Рақымжан Қошқарбаев шығады: «Отан үшін алға! Біздер жеңдік!» Ия, бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ, ержүрек батыр аға – апаларымыз сыйлаған бақытты таңдар мен бейбіт күндер үшін біздер әрқашанда бас иеміз.
Баубек: Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Аянат: Ынтымақ бар елде гүлдесін,
Адамдар араз боп жүрмесін.
Қызықпен көз ашқан балалар,
Қанқұйыл соғысты көрмесін!
С, Айару: Мәншүк апай батыр қыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Мирас: Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия аты көңілде,
Әпкеміз деп жүреді.
2 - жүргізуші: би: «Тырналар» О. Айару, Әнел, Ж. Кәусар, Дария.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
«№12 бөбекжай – бақшасы» тәрбиешісі
Жолекенова Лиза Қайырбекқызы
Желбіре, Жеңіс туы! жүктеу