Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Мәтінді теру және түзету ережелері
Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері
Сілтеме 5 сынып информатика оқулығы. Ғаламтор желісіндегі іздеу сайттары
Жалпы мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруге үйрету. WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін оқушы бойына сіңіру.
- АКТ - мен жұмыс жасау мәдениетін, тақырып бойынша сыни тұрғыда ойлауға оқушылардың танымдық қасиетін арттыра отырып, жұмыс жасауға дағдыландыру.
Оқыту нәтижелері: - WordPad редакторында мәтін теру және түзету ережесі туралы білетін болады.
- Мәтін теру және түзету ережелерінің атқаратын қызметін өзара ажырата білуді үйренеді.
- Өзгенің пікірімен санасады.

Түйінді идеялар: Топпен жұмыс істеу арқылы WordPad мәтіндік редакторында мәтінді теру және түзету ережелерін үйренеді.
Ресурстар Дидактикалық таратпа материалдар, маркерлер, интерактивті тақта, прзентация слайды, смайликтер.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Геометриялық фигуралар
арқылы топқа бөлемін.
2. І топ « WordPad»
ІІ топ «Пернетақта»
болып оқушылар топтарға бөлінеді.
3. Бағалау бағдаршамы таратылады.

Теориясы
«Білу»
Үй тапсырмасын
«Күлегештердің тапсырмалары» сұрақ - жауап арқылы
1. WordPad қандай редактор?
2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай?
4. WordPad қалай іске қосамыз?
5. Жаңа құжатты қалай сақтаймыз?
6. Мәтінді не арқылы тереміз? 7. Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?
8. WordPad - та жазылған мәтін баспаға шыға ма?

Теориясы
«Түсіну»
Ой шақырту.
Ресурстар тарату.
Топтастыру.
«Білгенге маржан»
Ребусты шешу
Сөзжұмбақты шешу
Топпен жұмыс: «Ақпарат алу» (постер әдісі). Топтар оқулықтағы мәтінді оқу арқылы қорғайды.
Жаңа сабақты слайд арқылы жоспарын түсіндіру.

Практикасы «Кім жылдам»
Оқулықтағы компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
І топ А деңгейі
ІІ топ В деңгейі

Сергіту сәті Мақал - мәтел, жұмбақ шешу.

Теориясы «Талдау»
Сәйкестендіру тесті.

Сұрақ - жауап арқылы қорытындылайды.
Бағалау
1. Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы.
2. Ақпараттардың нақтылығы 3. Тапсырманың орындалу ерекшелігі.
Рефлексия
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.
Екі жұлдыз - бір тілек әдісі

Алматы облысы, Панфилов ауданы
Әулиеағаш орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
информатика пәнінің мұғалімі Мухамеджанова Гульнар Қалибекқызы

Мәтінді теру және түзету ережелері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама