Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жеңілдіктер. Ол кімдерге тиімді?

Зерттеу жұмысы

Тақырыбы: «Жеңілдіктер. Ол кімдерге тиімді?»

 

Орындаған: «Есеп және аудит» мамандығының оқушысы Кажгалиева Айза Маратовна

Жетекші: арнайы пән оқытушысы Молдашева М.А.
Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі

Орал қаласы

Зерттеу мақсаты:

Жеңілдіктер туралы түсініктерді қалыптастыру және сатып алушыға оның әр кездегі пайдалылығын анықтау

Міндеттері :

«Жеңілдік» тұжырымдамасын және оның нұсқаларын енгізу.

Жеңілдіктерді қайда, қалай және қашан тиімді пайдалануды білу.

Жеңілдіктерді  қолдануды  түсіндіру мақсатында City Center сауда орталығының саудагерлерімен сауалнама жүргізу.

Зерттеу объектісі: Жеңілдіктер

Негізгі сұрақ: Жеңілдіктер тиімді ме?

Проблемалық сұрақтар: Жеңілдіктер сізге қажет пе? Жеңілдіктерді тиімді жағдайда пайдалана білесіз бе?

Гипотеза: Жеңілдіктер әдісі сатушы мен сатып алушыға, әрқашан тиімді болмайды.

 

Жеңілдік деген не?

Жеңілдік - сатып алу және сату келісімінің жағдайлары, оларда тауардың келісімде көрсетілген бастапқы немесе базистік бағасын кеміту мөлшері белгіленеді. Сауда айналымында бұл жеңілдік жай, күрделі және сериялы (үдемелі) жеңілдіктерге ажыратылады. Жай жеңілдік кезінде сатып алушы төлейтін іс жүзіндегі баға бастапқы бағаның тұтастай белгілі бір пайызға немесе белгілі бір сомаға бір жолғы кемітілуі арқылы белі іленеді. Күрделі жеңілдік бағаның бірнеше рет кемітілуі арқылы жүзеге асырылады. Сериялы жеңілдіктерді сатушылар бір түрлі заттардың үлкен тобын (сериялап) көтере сатып алушыға береді, тауарларды осылайша неғұрлым көп алса, сериялы жеңілдік те соғұрлым өсе түседі

Жеңілдіктер — қоғамдағы кейбір әлеуметтік топтардың, жеке азаматтардың көпшілікке арналған заңды міндеттердің кейбіреуінен ішінара босатылуы, не оларға мемлекет тарапынан түрлі артықшылықтардың берілуі. Көпшілікке арналған заңды міндеттердің кейбіреуінен ішінара босатылуы азаматтардың лауазымдық қызметіне, істейтін жұмыстарының кәсіптік ерекшелігіне, кейбір заң актілері мен үкімет қаулыларымен берілген артықшылықтарға байланысты болуы мүмкін. Мысалы, әскери, ағарту, ішкі істер саласы қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер осыған жатады.Көп балалы отбасылар үшін егер еңбекақы мөлшері әр адамға есептегенде тиісті мөлшерден аз болған уақытта қосымша жәрдемақы тағайындалады. Істейтін қызметінің кәсіптік ерекшеліктері ескерілген кезде ол үшін кезекті еңбек демалысының мерзімі ұзартылуы, арнайы сауықтыру орындарына жолдама берілуі, зейнеткерлікке ерте шығатын жас мөлшері белгіленуі мүмкін. Жеңілдіктер уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Жеңілдіктер беру мен оны тоқтату жергілікті басқару органдарының шешімімен үкімет қаулылары мен заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жеңілдіктер беру арқылы мемлекет азаматтардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларына көңіл бөліп, оны үнемі жақсартып отырады. Азаматтар немесе ұйымдар мен аймақтардың белгілі бір тобына, бекітілген тәртіптерді, міндеттерді орындаудан ішінара босату немесе оларды орындау жағдайын жеңілдетуге берілетін артықшылықтар, қосымша құқықтар. Мұндай артықшылықтар салықтарды (салық жеңілдіктері) төлеуден, басқа міндетті төлемдерді аударудан (мысалы, қоғамдық көлікте тегін жүру), барлығы үшін жалпы міндетті орындаудан және т.б. толық немесе ішінара босату нысанына ие болуы мүмкін. Мекенжайлық (атаулы) жеңілдіктер мемлекеттік органдардың шешімдері бойынша нақты адамдарға немесе ұйымдарға беріледі.

Сатып алушыларды тартуға  бағытталған мысалдар:

  • жүктi еркін тасымалдау
  • бонустар мен сыйлықтар барлық түрлерін 5% жеңілдіктер
  • жоғары сапалы тауарлар
  • және дүкеннің жақсы беделі

Егер бәрі де оңай болса, неліктен жеңілдік мұндай сирек феномен?

Жеңілдіктер сатушыларға қажет болып табылатың жағдайлар да бар :

  • бүлінген тауарлар
  • сатылмаған тауарлар
  • сатып алушыларға қызықты емес, сәннен кеткен тауарлардан құтылу.

Жеңілдіктердің қандай топтары бар?

Жеңілдіктердің бірнеше топтары бар:

  • Уақытша жеңілдіктер
  • Сегменттік жеңілдіктер
  • Жасырын немесе қайшы жеңілдіктер
  • Қосымша шығындар бойынша сақтайды

Тәжірибелік жұмыс

Мұнда сатушы үшін тиімді емес жеңілдіктер мысалдары бар, бірақ ол сатып алушыға ақша үнемдеуге мүмкіндік береді

Тауар

Жеңілдік мазмұны

Бастапқы баға

Соңғы баға

Сатып алушыға пайда

Coca-cola

2 шыны 1-дің бағасымен

1 шт. – 120тг. 

120 тг.

120 тг.

Бидай ұны Карона

-25% салмағы 3 кг

1 шт. – 439 тг.

325 тг.

114 тг.

Ұзын пальто

-6%

32990 тг.

20990 тг.

12000 тг.

 

 

 

 

 

 

 

Ал сатушыға тиімді болып табылатың «жеңілдік бағасы»

Тауар

Жекелеген бастапқы бағасы

Жеңілдіксіз бағасы

Жеңілдікпен қоса бағасы

Лозунгі

Көз алдау сомасы

Бұл қалай?

2 қорап

губка

245 тг.

490 тг.

500 тг.

Екінші қорап 50%

 10 тг.

   Мұқият емес сатып    алушылар үшін          жеңілдіктер

Ет

900 тг.

855 тг.

 Жеңілдік 5%.  Сатушы 45 тг.-ден айырылады,                        

 Бірақ бүлінген тауар сатылып кетеді.

Жеңілдіктердің түрлері

Жеңілдіктер түрлілігі :

  • Қарапайым жеңілдіктер
  • Жарнамалық жеңілдіктер
  • Дисконттық жеңілдіктер
  • Үдемелі жеңілдіктер
  • Маусымдық және мерекелік жеңілдіктер

Қарапайым жеңілдіктер жарияланбайды. «Бірінші клиентім болғандықтан, сізге түсіріп бере аламын!» немесе «Сізге қатты жарасып тұр, сондықтан түсіріп берейін!» деген сөздерді жиі еститін шығарсыз. Бұл саудагердің жанашырлық танытуы емес, жай ғана жарнамалық айла. Оның басты мақсаты, сізге тауарын өткізу.

Жарнамалық жеңілдіктер барлық сатып алушылар үшін жүргізіледі. Әдетте, жарнамалық афишалар дүкендердің витриналарынан, теледидар арналарынан, басқа да БАҚ-та айқайлап тұрады. Көбіне дүкеннің ашылуына немесе жабылуына байланысты жеңілдіктер жариялануы мүмкін. Алайда, байқасаңыз, жабылады деген дүкен кейін де жақсы жұмыс істеп жатады.

Дисконттық жеңілдіктер белгілі бір дүкеннің немесе белгілі бір марканың бағаларына жасалады. Көбіне бұл карточкалар сатылады. Келесі ретте сіз тауарларды жеңілдікпен сатып аласыз.

Үдемелі жеңілдіктер бірнеше тауар сатып алғанда жасалады. Тауар саны көп болған сайын, бағасы да арзандайды. 

Маусымдық және мерекелік жеңілдіктерді жарнамалық жеңілдіктерге жатқызуға болады, бірақ олардың мақсаты басқа. Маусымдық жеңілдіктер әдетте мезгілдің соңында болады. Жазда, тамыз айында арзандатылған бағамен су киімін сатып ала аласыз, ал қыста, ақпанда жеңілдетілген бағамен тоң ала аласыз. Мысалы, қыста жаздық топтамалардан киімдер арзанға сатылса, жазда қыстық киімдерге. 

Мерекелік жеңілдіктер көбіне Жаңа жыл, 8 Наурыз, Ғашықтар күні сияқты мерекелерде жасалып жатады. Кейде жеңілдіктер сұранысқа ие емес тауарларға немесе размерлері жоқ тауарларға жасалады.

 

City Center сауда орталығының қай бутиктерінде жеңілдіктерді пайдаланады

City Center сауда орталығыныңжеңілдіктерінің пайыздық көрсеткіші

 City Center сауда орталығындағы Kari аяқ киім бутиктерінде әр түрлі жеңілдіктер бар. Олар:

  • 1+1=3 үшінші жұп сыйлыққа
  • Үйлеспесе немесе өлшемі келмесе 14 күн ішінде ауыстыруға болады.

 City Center сауда орталығындағы KOTON киім-кешек бутиктеріндегі жеңілдіктер

City Center сауда орталығында спорт тауарларына жеңілдіктерді кездестіруге болады.

City Center сауда орталығында жеңілдіктер науқаны

 

  

Жеңілдіктер көп шығынды талап етеді!

  • кіре берісте және дүкен ішіндегі жазылған жарқын стендтер
  • хабарландырулар
  • теледидар және радио роликтер

 

Қорытынды

City Center сауда орталығының сатып алушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы

   Проблемалық сұрақ : Жеңілдіктер керек пе? Олар бізге тиімді ме?

     А сатып алушыларды қызықтыру;

     Б көз алдау арқылы, сатушыға қосымша табыс келтіру;

     В тауарды сатып алуға тиімді мүмкіндік.

    А сатушыға;

    Б сатып алушыға;

    В сатушыға да, сатып алушыға да;

Айтып өткеніміздей, тауар сатушыға шығын келтірмейтіндей сатылады. Бұл, демек, түпнұсқадағы бағаға бірнеше есе баға қосылады деген сөз. Егер тіпті жеңілдік жарияланса да, сатушы бұдан ұтылмайды. Кейде дүкендер әкімшілігі мынадай қулық жасайды. Тауар келген бойда "аспандатылған" баға қояды да, ал «жеңілдік берілсін» деген бұйрық келгенде, қалыпты бағаға сата бастайды. Осыған орай, қандайда бір затты жеңілдікпен сатып алмақ болсаңыз, басқа да дүкендердегі бағасын қызықтап көріңіз. Тауардың сапалылығына назар аударыңыз, бәлкім, қалаған затыңыз жасанды шығар. Тауар таңдағанда жеңілдігіне бола елтіп кетпеңіз. Өзіңізге қажет, өзіңізге жарасатын және талғамыңызға сай дүниені сатып алуға тырысыңыз. Ал осы орайда  City Center сауда орталығы өзінің:

  • тілектестік  қызметкерлерімен;
  • жылы  атмосферасымен;
  • тауарлардың  сапалы,  жаңа  түрлерімен;
  • қисынды  бағаларымен  бізді  қызықтырып  отыр.

Тұтынушылары арасында «Сіз жеңілдіктер тиімді ме? Оларды  арнайы іздестіріп және қадағалап жүресіз бе?»-деген сұраққа:

Тұтынушылардың көп бөлігі жеңілдіктердің болғаны өте тиімді және ынғайлы деп санайды, өйткені олардың арқасында өздеріне қажет заттарды қисынды бағамен тұтына алады.Бірақ жеңілдіктердің тиімділерін ажырату үшін көп уақытты және ізденісті қажет ететін болғандықтан, оларды үнемі қадағаламайды, тек керек немесе байқап қалған кезде ғана тұтынады, өйткені жеңілдіктердің бәрі бірдей сатып алушыға тиімді емес.Жазылған жарқын стендтер және басқа да жарнамаларарқылы, тек көбірек сатып алушыларды қызықтыруға бағытталып және соның арқасында сатушы өзіне белгілі бір мөлшерде пайда таба алады.

Сондықтан зерттеу жұмысымның нәтижесінде, жеңілдіктердің тиімді де, тиімсіз де жақтары бар деген қорытындыға келдім.

Тиімді жағдайы сатып алушылар қымбат, сәнді бұйымдарды жеңілдетілген бағамен сатып алады.

Тиімсіз жағдайы сатушылар жеңілдіктерді пайдаланып тауарды сату барысында үстінен пайда табады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі./ Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006.
  2. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.
  3. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл.
  4. Қазақ энциклопедиясы,3 том
  5. https://ru.wikipedia.org/
  6. http://www.bibliotekar.ru/cena-cenoobrazovanie-3/137.htm
  7. http://centerwoman.ru/shopping/faktory-kotorye-vliyayut-na-formirovanie-skidok-na-odezhdu/

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама