Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Жеңіс Ысқақова: «Күйеуіммен бірге жүрген ұнамайды, ол мені тізгіндеп отырады»

Әнші Жеңіс Ысқақова «Keshrec» бағдарламасында берген сұхбатында отбасы жайлы айтып берді. Өнер иесі жолдасының өзіне үнемі қолдау көрсетіп отыратынын жеткізді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жолдасы – спортшы әрі ұстаз

Әншінің айтуынша, күйеуі мұғалім болған, қазіргі таңда спортпен белсенді айналысады. Ол 35 жыл сабақ беріп, кейін қайтадан спортқа оралған. Жасы 60-қа келсе де, әлем чемпионатында жүлделі орын иеленген.

«Күйеуіммен бірге жүрген ұнамайды»

Ысқақова жолдасының мінезі жайлы да айтып қалды. «Күйеуіммен бірге жүрген ұнамайды. Үнемі тізгінімді тартып отырады. Бұл дұрыс. Өнер адамы болғандықтан, арқамыз бар. Кейде қатты күліп қоямыз дегендей. Сол кезде күйеуім басып отырады», – дейді әнші.

Дегенмен, әнші жолдасының қолынан ешқашан ұрмағанын атап өтті. Керісінше, ол әрдайым қолдау көрсетіп отырады екен. «Концерт, түсірілім сиреп бара жатса, «Ешкім сені іздемей кетті. Өзіңнің бар екенін білдіріп, елмен хабарласып тұр» деп қамшылап тұрады», – деп қосты Жеңіс Ысқақова.

Жаңалықтар

Жарнама