Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Жер ана туралы аңыз
Жер ана туралы мысал
Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.

Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.

Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздері нәресте сүйді, бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махаббаттан алыстай берді.
Жер ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңірадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.
Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір - бірімен соғыстарда қолданды.

Ал Жер ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз өлтірілгендерді жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңірадамның лайықты ұл - қыздары болады деп үміттенді, күтті.

Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп шешіп, барлық төзімнің шегі барын ескертіп, өз күшін көрсетті. Бірақ өзара соғыстарға белшесінен батқан, алтынның зыңылынан керең болған, сараңдықтан көздерін қараңғы басқан адамдар күнәлары шамадан тыс шыққанға дейін байлық пен ойнастықтың елігіне алданып, надандықтың шырқау шыңына жетіп, адамдықтың биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүре берді.

Сонда мәнсіз өктемдіктен шаршаған Жер ана бойынан барлық қаһарын шығарып, үлкен толқынымен өзін қорлық пен зәбірден шайып, шегі жоқ азап пен ойнастықтан, адам болуды қойғандардың өшпенділіктері мен ызаларынан тазартты, ал Тәңірадам адамдардан сырт айналып, жай Тәңір болды.

Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспешілігін көрсете алмаса, ал Тәңірадамға адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер ана мен Тәңірадамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін.

Дереккөзі: tolegenmukhamejanov. kz

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама