Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
"Жеті жыл күттім": Тамара Асар сәбидің дүниеге келгенін қуанышпен бөлісті

Әнші Тамара Асар желідегі парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрады. Ол әкесінің шаңырағына көптен күткен сәбидің дүниеге келгенін айтты.

"Сүйінші, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!!! Амал-наурызда, әкемнің шаңырағы қасиетті ораза айында олжалы! Құтты үйдің қуанышы қосынан келіп, жеті жылдан бері күткен сәби өмірге келді. Мен кіндік шешесімін. Бұл сәбиді мойныма бұршақ салғандай болып ерекше тілеп, ерекше күттім. Қолды Құдай құр қайтармады, шүкір. Сіздерге де жұғысты болсын!!!", - деді әнші.

Тамара Асар жаңа туылған сәбиге "Әнұза" деп ерекше есім бергенін айтты. "Лайым да ініммен келінімнің өмірлері Ән болсын! Әндері ұзағынан болсын деген тілекпен. Қалнияз Әнұза Сертайқызы деген сұлу сіңлім, әрі кіндік қызым іңгәлап баршаңызға сәлем жолдауда! Осыдан төрт жыл бұрын шығарған "Әлди" әнімнің басқы жағын сексенге келген анам айтып отыр. Іңгәлап жатқан Ажартайдың алғашқы дауысы. Амал құтты болсын! Әр шаңырақта сәбилер іңгәлай берсін!", - деп жазды ол.

Жаңалықтар

Жарнама