- 05 нау. 2024 02:04
- 176
Жетім де жетер мұратқа
Ерболат Мұратбек Ермұратұлы (8 - сынып оқушысы)
"Жетім де жетер мұратқа"
("Жусан иісі"шығармасы ізімен)
Ертеде бір жетім бала болыпты. Қамқорлайтын әке - шеше, жанашыр ағайыны жоқ ол - өнер іздеуге, жақсы іс үйренуге ел аралап шығады. Ол жолында көптеген қиындыққа, әртүрлі адамдарға кезігеді, өнерліден - жақсы өнер, өнегеліден - өрелі сөз, қиындықтан жол табуға үйреніпті. Бір күні ол үлкен шаһарға келеді. Толы халық арасынан жар салып жүрген хабаршының сөзіне құлақ тосады:
- Тыңдаңыздар, халайық! Хан жарлығын тыңдаңдар! Егер кімде - кім осы елдің ханының беретін тапсырмасын мүлтіксіз орындаса, хан ол адамға бүкіл ғұмырына жететін байлық беріп, өзін бас уәзір етеді, ал орындай алмаса, басы алынады - дейді.
Біреулердің хан алдына баруға жігері жетпей, біреулердің тапсырманы орындай алмасам деген қорқыныш билеп, ханға баратын адамдар көп болмапты. Жетім бала болса:
- "Артыма қарайлайтын мені іздер ата - ана, туыс - бауырым да жоқ" деп өзінің бағын сынамақшы болып хан сарайына келеді. Хан баланы жылы қарсы алып, тапсырмасын айтады:
- Мен үлкен бір елдің ханымын, байлығым да жетерлік, бәрі бар, бірақ түнде көзімді жұмсам болды, түсімде ашынған ана, ызалы әке, жылаған баланы көремін, түнде ұйқы, күндіз күлкіден айырылдым, мазам жоқ. Осы түстің себебін іздеп, емін тап!- дейді.
Жетім бала ханнан үш күн мұрсат сұрап, өзі осы елдің жайын білуге халық арасына кетеді. Үш күн өткен соң, ханға келіп:
- Хан ием, сізге қояр шартым бар, соны орындасаң, бәрінің шешімі де табылады. Шартым: уәзірлерің қара халықтан салық жинауын азайтып, өз еңбектерінің жемісін жеуіне жағдай жасасын, жағдайы төмендерге киім - кешек, азық, үйі жоққа үй беруге жарлық бер - дейді.
Хан сәл ойланып, уәзірлеріне баланың айтқан шартын орындауға бұйрық беріпті. Үш күн өткен соң, хан баланы сарайға шақыртыпты. Ханың жүзі жадыраңқы, балаға үш күннен бері түнде жақсы ұйықтап, әдемі түстер көргенін, денсаулығының жақсарғаның айтып баладан жөн сұрайды.
- Хан ием, "шаш ал десе, бас алатын" уәзірлерің халықтан салықты көп жинап, бар жиған - тергенінен айырды, салыққа бергеннен қалғаны не асқа не киімге жетпей әке - ана ызалы, аш құрсақ балалардың ойын - күлкіге зауқы жоқ. Олардың ашына айтқан сөздері, жылаған дауысы түсіңе еніп, жаныңа тыныштық бермей, мазаңды кетірді. Ал емші, балгер, мен тәрізді алдыңа келгендер басынан айырылғысы келмей: "ақты ақ, қараны қара" деп айта алмады. Ал, міне соңғы үш күнде басы баспанаға, ауыздары асқа жетіп, халқың қуанышты, жүздеріне күлкі оралды. Олардың айтқан алғыс сөздері - жаныңды қуанышқа бөлеп, түнде тыныш ұйықтап, денсаулығың жақсарды, хан ием! - деген екен.
Хан жетім балаға риза болып, оны бас уәзірі етіп тағайындап, ғұмырына жететін байлық беріпті. Содан бері жетім бала ханның ақылшы, сенімді серігіне айналып, бұл хан басқарған шаһар халқы аштық - жоқшылықты көрмепті. Сөйтіп жетім бала мұратына жетіпті.