Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жіптің тартылуын реттеуге байланысты тігін машинасының ақаулары және оларды жөндеу
Сабақтың тақырыбы: Жіптің тартылуын реттеуге байланысты тігін машинасының ақаулары және оларды жөндеу
Сабақтың мақсаты:
а/ білімділік: оқушыларға машина жібінің тартылуына байланысты пайда болатын
ақауларды болдырмау жайлы түсінік беру;
ә/ дамытушылық: оқушыларды тігін машинасында жұмыс істеу арқылы, ой-өрістерін, іскерлігін дамыту.
б/ тәрбиелік: оқушыларды өзін-өзі қызмет көрсетуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: тігін машина, инелері, қол инелер, суреттер, тест, сәйкестендіру тест
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а/ оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
ә/ сабаққа даярлығын қадағалау
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Иненің суреті арқылы құрылысын сұрау
2. Машинаның құрылысын сұрау
ІІІ. Сабақты қорыту
Тест арқылы
1. Иненің негізгі қызметі?
а/ сызу; ә/ кесу; б/ тігіс тігу; в/ жазу
2. Ине қандай темірден жасалған?
а/ жылтыр болаттан
ә/ мыс
б/ алюминий в/ қара темір
3. Иненің жуан бөлігі
а/ көзі; ә/ ұшы б/ стержень в/ колба
4. Колбадан төменгі бөлік?
а/ стержень ә/ ұшы б/ колба в/ көзі
5. Ине конструкциясын қай елде нешінші жылдарда ойлап тапты?
а/ Франция ХІХ ғасыр 1910 ж
ә/ Италия ХІХ ғасыр 1940 ж
б/ Америка ХІХ ғасырдың 1930 жылы
в/ Ресей ХІХ ғасыр 1920 жылы
6. Машина инесімен қол инесінің айырмашылығы?
а/ түрінде; ә/ көзінде б/ нөмерінде в/ құрылысында

ІV. Жаңа сабаққа көшу
Техникалық қауіпсіздік ережесі
- тігін машинасымен жұмыс істеген кезде денені тік ұстап, басты сәл ілгері еңкейтіп отыр;
- жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек.
- отыратын орындық пен тігін машинасының арақашықтығы 10-15 см болу керек;
- тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар;
V. Жаңа сабақ
Кіріспе
Қандай да болмасын машинамен жұмыс істеу алдында мына дайындық істерін атқару қажет:
- үстіңгі және астыңғы жіптер өткізіліп, астыңғы жіп үстіне шығарылады;
- мата табанның астына салынып ине тесілгеннен соң табан түсіріледі де, жіптер жинақталып, табанның астына жіберіледі;
- инешаншымның ұзындығы, үстіңгі және астыңғы жіптердің керілуі тексеріледі /тігіс сапасы/
Жіптің тартылуын реттеу
Тігін машинасына тігіс үстіңгі /ине/ және астыңғы /шөрмек/ жіптердің айқасуынан пайда болады
Үстіңгі жіпті өткізгенде, жіп екі дөңгелектің, яғни үстіңгі жіпті тартып тұратын шайбаның арасынан өткізіледі, ал астыңғы жіпті шөрмектің қақпағындағы жіпті тартып тұратын серппеден өткізеді. Осы құрылғылар арқылы жіптің тартылуын реттейді.
Реттеуіштің көмегімен жіпті босатып немесе қатты тартып реттеуге болады.
1 – винтті тығырық
2 – теңгерілмелі серіппе
3-жіп тартқыш шайба
4 – тарту шайбалары
5-қалпақ
6 – тарту серіппесі
7 – бұрандалық

Астыңғы жіп реттеуштегі шөрмек қақпағынан бос шығып тұрған жіпті тартып көру арқылы жіптің бос немесе тығыз тартылуын байқауға болады.
Үстіңгі және астыңғы жіптерді дұрыстап реттемесе, тігіс сапалы болмайды. Жіп жақсы реттелмеген жағдайда, тігістің үсті немесе асты ілмектеле береді, ол арине, тігіс сапасын төмендетеді. Керісінше, жіптердің тартылуы өте тығыз болған жағдайда, тігіс тығыздалып тартылып қалады. Бұл ретте де тігісті сапалы деп айтуға болмайды сондықтан алдымен үстіңгі жіптің тартылуын, кейін астыңғы жіпті реттеу керек.
Дәптермен жұмыс
Тігіс ақаулары
1. бос тігіс
2. тығыз тігіс
3. жіптің астыңғы жаққа ілмектенуі
4. жіптің үстіңгі жаққа ілмектенуі

VІ. Сабақты бекіту
Чайнворд әдісі /адасқан сөздер/

а б ү с ң г
с о с т і і
т ы ң ғ ы а
е н и у а қ

Анаграмма шешу / сабақта қолданған сөздерді табу/
1. гереке-кереге
2. ние-ине
3. маққар-қармақ
4. шанима-машина
5. уақа-ақау
6. гіңістү-үстіңгі
7. зантайқа-тайқазан
8. соб-бос
9. қажаузын-жауқазын
10. ғыстаңы-астыңғы
11. ңырақша-шаңырақ
12. ғызыт-тығыз
VІІ. Сабақты қорыту /сәйкестендіру тест арқылы/

Ақау Жою әдісі
Үстіңгі тігістің ілмектенуі Үстіңгі жіпті, содан кейін астыңғы жіпті қаттырақ тарту
Астыңғы тігістің ілмектенуі Үстіңгі жіптің тартылуын босату
Тығыз тігіс Үстіңгі жіпті қаттырақ тарту және астыңғы жіпті босату
Бос тігіс Үстіңгі жіпті, содан кейін астыңғы жіпті босату

VІІІ. Үйге тапсырма: Тігін машинасындағы жіптердің сабақталуын реттеу, тігіп үйрену.
ІХ. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама