Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жол қауіпсіздігін есте сақтауға, ережесімен таныстыру.
2. Оқушыларды жол қауіпсіздігін есте сақтауға жол ережесін білуге үйрету.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілері, бағдаршам, жол ережесіне арналған суреттер, кітаптар, жол үстіндегі бағдаршам, ойыншық машиналар, машиналар суреттері.

Кіріспе: «Жол тәртібін білейік» атты ашық тәрбие сағатын бастағалы отырмыз. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жол жүру ережесін» мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру заңын бұзбайды

1 - оқушы: Арманға алда күткен асығармаз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

2 - оқушы: Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Сабағымыз басталсын сәлемменен.
3 - оқушы: Мектепке барар жолды, ең қауіпсіз жолды таңдап ал.

4 - оқушы: Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.
5 - оқушы: Тар тротуармен келе жатқанда, алдыңда қарсы келе жатқан кісіге жол бер.
Жүргізуші: Балалар, көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Оқушылар: Бағдаршам.

6 - оқушы: Бағдаршам – өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам – жол элементтерінің ішіндегі ең ерте пайдаланыла бастаған. Қазір бағдаршамның жасы жүзден әлде қайда асып кетті. Әрі оның кескін - келбеті де, құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді. Оқушылар кезектесіп бағдаршам туралы тақпақ айтады, жүргізуші оның мазмұнына сәйкес қызыл, сары, жасыл түсті көрсетіп тұрады.

7 - оқушы: Үш түсті түсі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегенің
Сырын жақсы біліп ал.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама