Жол тәртібін жадыңда ұста
Құрметті де, қадірлі қонақтар! 2 «б» сыныбының «Жол тәртібін жадыңда ұста!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Бүгінгі ертеңгілігіміздің мақсаты: оқушыларға жол жүру ережесін,тәртібін сақтай білуді үйрету. Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп,тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Жаяу мен көліктің байланыс қатынасын білдіру. Олай болса, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достары бар ел менен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Басталсын жолда жүру ертеңгімен.
Құрметті қонақтар бүгінгі жолда жүру ережесіне арналған ертеңгілігімізге сіздермен бірге шипагер апай да қатысып отыр.
Кішіге, үлкенге, жасыңа, кәріңе,
Жансая қиналған жандардың бәріне.
Шипагер апаны біз жақсы көреміз.
Өйткені ол үлкен дәрігер.
(балалар қол соғады. Осы кезде аю кіреді.)
Жүргізуші: Апай, қараңыз мына бір сұмдықты,
Маймаққа не болған кім оны жаралаған?
Шипагер: Маймағым, не болды жасырмай айтшы өзің.
Неліктен көкпеңбек ісінген бас көзің?
Аю: Айтайын жасырмай шынымды.
Сақтаңыз шыбындай жанымды.
Жармасып бал тасып машина қадаққа,
Домалап түстім кеп тап болдым азапқа.
Шипагер: Бір сәтке қарныңыз тоятын күн үшін
Жол жүру ережесін де бұзыпсың.
(Сахнаға қоян, түлкі шығады)
Түлкі: Жүгіріп екеуміз ойнадық қуыспақ
Қоян: Ауладан шап беріп, алмақшы қу ұстап
Түлкі: Ал қоян көшеге зып беріп жөнелді.
Қоян: Аула тар болған соң қайтейін мен енді.
Түлкі: Қоянды қуамын деп тапқаным,
Құйрықты әрең деп сақтадым.
Қоян: Машина астынан жүгіріп өткенде,
Құлақты бір темір зақымдап кеткені.
Шипагер: Құлақпен құйрыққа жағатын дәрі бар,
Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар.
Мыналарды тез ауруханаға жеткізейік. Көрдіңдер ме жолда ойнағанның кесірін. ә.
Жүргізуші: Балалар, көшеде жүру ережесі бізге не үшін керек?
1 - оқушы: Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Ал барлығымыз жол тәртібін білеміз бе?
Бірге: білеміз.
Жүргізуші: Ал, оны қазір қалаға саяхат жасағанда тексеріп білеміз.
2 - оқушы. Апай қашан барамыз?
3 - оқушы: Сәтбаев қаласына барамыз ба?
Жүргізуші: Барамыз балалар! Біз бүгін тек елестету арқылы барамыз. Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, жұмбақты шешкен оқушы Сәтбаев қаласына жүргізуші болып апарады.
Жұмбақ:
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүр» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді. (бағдаршам)
Жүргізуші: ал Асылхан қандай көлік жүргізесің?
Жүргізуші: неге?
Оқушы: Біз бәріміз бірге баруымыз керек.
Жүргізуші: Бәріміз көлікке отырып, жолға даярланайық. Ал балалар көрдіңдер ме,---көпшіл бала екен. Ешқайсымызды да тастамай апармақшы. Бұл жақсы қасиет. Көлікке отырдық. Енді жолды қысқарту үшін бәріміз ән айтайық.
Ән: «Жас жолаушылар жыры»
- Ай жарайсыңдар, балалар!
Жүргізуші: Қала үлкен, адамдар да, көлік те көп. Жүрісті реттеп тұратын не?
- Бағдаршам.
- Дұрыс.
- Көше тәртібін реттеуші кім?
- Сақшы (жарайсыңдар)
Жүргізуші: әне жолдың арғы шетінде сақшы тұр. Жан-жағына қарап, жолдан асығыс өтпекші болып тұрған жолаушыны сақшы тоқтатып тұр. Жүріңдер сақшының қасына тоқтайық.
Сақшы: Гүлнар жеңгей, аман ба?
Асықпаңыз әмәнда.
Көше сырын біліңіз,
Тәртібімен жүріңіз.
Анасы: Қызым келді ауылдан,
Ойнап қайтпақ қалада.
Жүрген жоқпыз жөнсізге,
Баламын ба мен сізге?
Кес-кестемей тұрыңыз.
Сақшы: Оу жеңеше, байқаңыз,
Аңғарар деп айтамыз.
Қызыл сәуле жанып тұр,
Жолда күтіп халықтұр.
Анасы: Айтарың сол ма?!
Менің де көзім бар,
Менде де сезім бар.
Жібер қайным тезірек,
Қызыма алар сыйым бар.
Сақшы: Алдымен оңға,
Содан соң солға
Қараңыз жолға,
Кенеттен көлік,
Келмесін төніп
Өтіңіз сонда. (қыздың анасы сыйлық алуға кетеді)
Жүргізуші: (жол жиегінде тұрған сақшы ағайға амандасады) Балалар, сақшы ағайларының бізге таныс емес сөздерге түсінік беріңізші?
Оқушылар:- Сәлеметсіз бе, ағай! Енді маған қараңдар.
Жол дегеніміз - көлік түрлері мен жүргіншілер қозғалатын аумақ. Оған көшелер, елді мекендер, қала, ауыл, бұрылыстар, және де тыс жерлер. Көлікке және жаяу жүргіншілерге арналған жолдар бар. Жол тәртібін білесіңдер ме?
1 - оқушы: Жолдан тек жаяу адамдарға арналған «ақ жолақ» арқылы өту қажет.
2 - оқушы: Машиналардың артына жабысу өте қауіпті.
3 - оқушы: Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда ған өту қажет.
4 - оқушы: Машина жолында ойнауға болмайды.
Сақшы: Жақсы, өздерің бәрін біледі екенсіңдер ғой.
5 - оқушы: Сақшы ағай, мына жолдың шетін неге биіктеп қойған?
Сақшы: Бұл жол жиегі. Жол жиегі тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны «бордюр»деп атайды. Жол жиегінің үстімен ойнауға болмайды.
6 - оқушы: Ағай жаңа тротуар дедіңіз ғой. «Тротуар» сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» деген мағынаны білдіреді.
7 - оқушы. Түсіндік ағай.
Сақшы: Жолда ойнауға, жүгіруге болмайды оны өздерің де білесіңдер!
8 - оқушы: Жолдан өту кезінде алдымен сол жаққа қарап, жол ортасына барған соң оң жаққа қарап өтеміз.
Қыз: Апай, менің анам қалаға келіп еді. Мені жіберіңізші. Жолдың арғы шетіндегі саябақтың қасында туысымыздың үйі бар. Барып келейін. Жолдан өте аламын ғой.
Жүргізуші: Асықпа бәріміз өтеміз.(қыз асығыс жүгіріп өпекші болып келе жатқан автобуусқа соғылып құлап қалады. Бәрі шуылдап, сақшы ысқырып, автобустар тоқтайды)
Сақшы: Әй, Арайлым тоқта,
Көзің жоқ па?
Әй, кері өтпе,
Өмір саған керек жоқ па?
(қыздың қасына мұғалім, оқушылар, сақшы келеді)
Қыз: Ой, аяғым,
Ағатай ақырын.(сақшы қыздың аяғын ұстап, қимылдатып көреді)
Сақшы: Әй, қалқам - ай,
Асығудан бар ма пайда?
Тәртіп қайда?
Қыз: Қап, аяғымды ұстамаңыз,
Мені тұр деп қыстамаңыз.
Сақшы: Сынбапты. Бұл сұмдық, қымбаттым.
Жол ойнайтын жер емес,
Ақсаңдап қалдың құлап,
Құлақ аспай сөзіме.
Өз обалың өзіңе.
Қыз: Жақсы. Айтқаныңыз ақыл - ақ,
Болмаспыз енді ақымақ.
Сақшы: Бір абайсыз жүрістен
Бүкіл ғұмыр қиырлар.
Тәлім алса бұл істен,
Тәртіпсіздік жойылар.
Бағдаршам үш көзді,
Үш көзден ұқ үш сөзді: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Қызды жол шетіне шығарып, орындыққа отырғызады, оқушылар ақыл айтады)
9 - оқушы: Обал болды, досым - ай!
10 - оқушы: Әуелі солға, содан оңға
Қарамайсың ба жолға!
11 - оқушы: Бағдаршам әмәнда,
Беріп тұр ғой команда.(ортаға 3 қыз шығады)
Қызыл: Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қалғын табанда
Сары: Сары көзі жанғанда
Сақ абай бол барында
Жасыл: Жасыл жарық жол ашық,
Жүре бер бел асып.
Үшеуі бірге: Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда
Жанатын бағдаршам.
Қыз: Ой, аяғым.(жыламсырап) қыздың анасы келеді
Анасы: Әй, қызым - ай,
Не болды? Құладың сен неге?
Жыладың неге ұрынып?
Қыз: Көшенің тәртібін сақтамай,
Сақшының айтқанын ақтамай.
Автобустың алдынан өттім,
Абайсызда қағып кетті.
Ой, аяғым, аяғым!
Оқушылар: Арайлым сырқат, шипагер апайға жеткізейік.
12 - оқушы: Әй, Арайлым, Арайлым,
Әбігерсің әуресің.
Жол тәртібін білмесең,
Опық жерсің күнде сен.
13 - оқушы: Машина қаққан адам
Не мүлдем кетеді,
Не мүгедек боп өтеді.
Жүргізуші: Ал, балалар, аңғалдықты көрдіңдер ғой! Енді не істейміз? Қалай боламыз?
Хормен: Сөзіңізді ақтаймыз,
Жол тәртібін жадымызда сақтаймыз!
Жүргізуші: Балалар, енді мектепке жеткенше жол ұзақ, жол қысқарсын десек өзіміз үйренген жол тәртібіне байланысты «Тоқта, жолдас»өлеңінен үзінділер айтайық...
14 - оқушы: Өз - өзіңе ойлайтының қастық па,
Неге сонша, ентелейсің еліріп?
15 - оқушы: Көше түзу,
Сен де түзу жүрсеңші,
Автобусқа жанжалсыз - ақ мінсеңші.
16 - оқушы: Тоқта, жолдас!
Бұзба көше тәртібін!
Өткізе алмай өміріңнің артығын
Жүресің бе сен?
Қалай - қалай басасың?
Ойла, болса ақылың!
Сақтасаңшы өміріңді, жарқыным.
Жүргізуші: Қане, балалар жол қысқарсын ән айтайық.
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман -
Жүргізуші: Міне, біз мектебімізге келдік. Не білдік, балалар?
Оқушылар: Жол жүру ережесін, көше тәртібін үйрендік.
Жүргізуші: Ал, балалар бүгін бізге келген қонақтармен да осы бағдаршамның үш көзін үнемі есімде сақтап жүрсін, бір серігіп қалсын деген ниетпен «Бағдаршам» ойынын ойнап жіберейік. Алдымен ойын шартын түсіндіру.
Қызыл жанады: қозғалмай тұрады.
Сары жанады: қол шапалақтайды.
Жасыл жанады: орнында тұрып жүреді.( оқушылармен бірге орындау )
- Рахмет сіздерге!
Жүргізуші: Жақсы балалар, сендер бүгінгі «Жол тәртібін жадыңда ұста!» ертеңгілігінен көп мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын! енді осы білгенімізді өмірде пайдаланып, әрқашан есімізден шығармайық. Жолда жүру ережесін жақсы біліп, бағдаршамға бағынып, жолдан өткенде арнайы «ақ жолақпен» өтіп, тәртіп сақтауымыз қажет. Сонда ғана оқушы деген атқа лайық боласыңдар. Сөзімнің соңын
Жыламасын аналар!
Жас ұландар өсе бер.
Сақ болыңдар, балалар.
Сақ жүріңдер, көшеде! деп құрметті оқушылар, қонақтар! Осымен жолда жүру ережесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалап, уақыт бөлгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!