Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ұрпақ-тіршіліктің жалғасы
Сабақтың мақсаты: «Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы»
Білімділік: «Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы» деген ұғымның мәнін түсінуін қамтамасыз ету. Жануарлардың көбею тәсілдері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ой - өрісін, тіл байлықтарын дамыту, өз ойларын толық жеткізе білуге жетелеу.
Тәрбиелілігі: табиғатты, аңдарды қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сәйкестендіру.
Көрнекілігі: құстардың, үй жануарларының суреттері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық
Мұғалім: Қара достар жан - жаққа,
Дайынбыз ба, сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар?

Оқушылар: Сыныбымыз тап - таза,
Кітап, дәптер, тақтада.
Денемізді жинақтап,
Отырайық партаға.
- Жақсы балалар. олай болса үй тапсырмасына көшелік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге берілген тапсырма: «Әр құсқа өз тұмсығы қажет» мазмұнын сұрау.
- Оқушылардың дайындап келген қосымша жұмыстарын тыңдау.
- Сонымен балалар, құстарға тұмсығы не үшін қажет екен?
қорегін жейді
жыртқыш аңдардың етін жұлып жейді.
ұя жасайды
жауынан қорғанады

ІІІ. Жаңа сабақ:
- Балалар қазір жаңа сабақтың тақырыбын білу үшін мына экранға назар аударайық.
- Экранда не берілген? ( ребус )
- Ребусты шешсек жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар «Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер? ( өз ойларыңды айтып көріңдерші )
- Дұрыс айтасыңдар. мен сендердің сөздеріңді толықтыра түсейін.
* Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, мысалы бунақденелер мен, көптеген құстар, жорғалаушылар тіпті аю сияқты ірі аңдар да қоректенеді. Шыбын, тарақан сияқтыларды үйге кіріп мазалайтындарды адам көптеп құртады. Соған қарамастан олар табиғатта қаптап жүреді.
Аңшылар ауласа да, жыртқыштар ұстап жесе да бунақденелілерден басқада жануарлар да баршылық.
Бұл жануарлар мүлдем құрып кетпей тіршілігін жалғастыратын себебі – ұрпақ береді, яғни көбейеді.
Мысалы: Үй жануарлары сиырдың - бұзаулайтынын, иттің – күшіктейтінін, тауықтың балапан басып шығаратынын т. б. біз білеміз.
«Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы» деген өте дұрыс тұжырым дейміз ғой. Бұл тұжырымның дұрыс екеніне мына «Тіршілікті танып біл» видеосын мұқият зерделеп, ойласаң сендердің де көздерің жетеді.
- Назарымызды экранға аударайық. (видео көрсетіледі )
* Шыбын, көбелек, балық, тасбақа т. б. ұрпақ әкелуін түсіндіре отыру.
- Экраннан (слайдтан) жануарлардың балаларымен жүргендерін көрсете отырып, түсіндіру.
- Бақа мен балық жұмыртқасын уылдырық дейді. Олар уылдырығын суға шашады.
- Дернәсіл деп - жәндіктер мен жануарлардың бір кезде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласын айтады.
- Қанқыз бен Колорад қоңызы жайында түсіндіру.
- Кесіртке мен жылан жұмыртқасын күн көзі жақсы қыздыратын жерге салады.
- Дала құстары да, үй құстары да балапандарын жауларынан, өз балаларына қамқорлық жасайды. Көктемде мал төлдейді. Оларды арнаулы қорада төлдетеді.( сиыр бұзауымен) Киік лағын шөбі сирек, ық жерде туады. Лағы тек мамасы келгенде ғана орнынан тұрады. Лақтың түсі шөппен, бұтамен ұқсас келеді.
- Киіктің лағын «құралай» дейді.
- Түлкінің баласын - жаутаң дейді. Түлкі баласын тышқан аулауға үйретуге алып шықты.
- Бұланның баласын - бұзауқа. Бұланда баласын суға түсіп көрші, салқындайсың, шыбын - шіркей мазаламайды деп жатыр.
- Бүркіт та баласын қауырсыны қатайғанда балапандарын ұшуға, азықтарын тауып жеуге, жауларынан сақтануға үйретеді.

- Ендеше балалар, қазір «Ойлан, тап!» тапсырмасын орындап жіберейік. Сүтқоректілердің балаларын атайық:
Сиыр баласы - бұзау, жылқы - құлын, қой - ешкі, түйе - бота, жолбарыс - алан, ит - күшік, мысық - марғау.

- Өте жақсы балалар!
ІҮ. Оқулықпен жұмыс: 97 - 98 бет.
- Кезек - кезек барлық оқушыға оқыту, тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.
Ү. Сергіту сәті: «Шөжелерім» өлеңінің ырғағымен бойымызды сергітейік.
ҮІ. Ой қозғау. 98 беттегі суретті пайдаланып «Ұрпақ – тіршіліктің жалғасы» атты тақырыпта әңгіме құрастырып өз ойымызды айтып көрейікші.

- Көктем уақытында үй құстары балапан шығарады. Адамдар оларға ұя жасайды. Жұмыртқа басқан тауыққа жем береді. Ыдысқа су құйып, алдына қояды. Ұя маңын тазалайды. Кейін балапандарды да күтіп, қоректендіреді. Тауық балапанын 1 ай басады н/е 21 - 26 тәулік.
Сонда ересек жануар ( жәндік) көбейгенде балалары туады, ол есейіп ер жетеді де, сол әуелгі ересек жануар ( жәндіктей ) боп өсіп шығады. Мысалы: көбелек қараторғайдың аузына түсіп жоқ болса да, оның артында «балалары» сол көбелектей болып өседі де, дәл өзінің анасындай тіршілік ете береді. Міне, Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы болатын осы.

ҮІІ. Сызбамен жұмыс. ( алдарына бірдей сызба таратылады)
Мұғалімнің көмегімен бірге орындау.

1. Жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ - имаго (яғни ол ересек күйге айналуы)
2. Жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ - имаго (яғни ол ересек күйге айналуы)
3. уылдырық - дернәсіл (шабақ)- балық
4. жұмыртқа - дернәсіл - бақа
5. жұмыртқа - балапан - құс.
ҮІІІ. Қорытынды:

- Балалар осы сызбада өз баласына қандай жануарлар тобы өз баласына қамқорлық жасай алмайды?
- Неліктен?
* 99 беттегі мына жануарлар тобы өз ұрпағына қамқорлық жасай алады ма?- Қалай?- Бақылап, байқағандарың бар ма? (өз ойлары)
- Жылқы баласын 10 ай көтереді. Қой 5 ай.
- Жақсы балалар мен ойлаймын біз бүгінгі сабақтан біраз мағлұматтар ойымызға түйіндедік деп. Жануарлардың өз тіршілігі үшін бейімділіктері өте көп. Бәрін айтып тауысу қиын. Сондықтан да біз оларды танып, білім қана қоймай оларға қамқорлық жасауымыз қажет.
- Бүгінгі күнге ризасыңдар ма?
- Бүгінгі сабаққа ризасыңдар ма?
- Бүгінгі келген қонақтарға ризасыңдар ма?

ІХ. Жүректен - жүрекке. Ризамын бүгінге, ризамын сабаққа, ризамын, бүгінгі қонаққа!
Х. Үйге тапсырма: 97 - 99 бет оқып мазмұнын айту. 100 беттегі көкшегіртке, қоянды мысалға алып «ұрпақ тіршіліктің» жалғасы екенін түсіндіріп келесіңдер.
ХІ. Бағалау (мақтау, мадақтау арқылы)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама