Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жұлдызды эстафета
Жұлдызды эстафета
Мақсаты: оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру, Отанды сүюге, елін, жерін қорғауға, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың денсаулығын нығайтуы, қимыл - қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.
Түрі: командалық жарыс.
Әдісі: ойын
Өтетін орны: спорт зал
Керекті құрал - жабдықтар: доптар, кедергілер, құм, шелек, орындық, ысқырғыш, т. б.
Қатысушылар:
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар қадірлі ұстаздар, машықгерлер және оқушылар! Бүгінгі «Жұлдызды эстафета» атты командалық жарысымызға қош келдіңіздер! Жарысқа қатысатын оқушыларды ортаға шығарып, әділ бағалап отыратын әділ қазылар алқасымен таныс болайық!

Жарысымыздың шартымен таныс болайық!
1. Сәлемдесу (аты, ұраны, төсбелгісі)
2. Эстафеталық ойын ойнату
3. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.
4. Эстафеталық ойындар
«Пингвиндер мен кенгурулер»
Шарты: ойыншы волейбол добын екі аяқтың арасына қысып алып, екінші допты қолына алып белгілі орынға дейін секіріп, қайтарда жүгіріп қайтады. Жаттығуды уақыт бойынша бірінші болып бітірген команда жеңіске жетеді.

«Тепе - теңдік»
Шарты: әр топтан екі ойыншы ортаға орындық үстіне шығып, шелектегі құмды орындықтың басына жеткенше қарсы беттегі ойыншының бос шелегіне ауыстырып құю керек.

«Бір жоғары, бір төмен»
Шарты: белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы допта басынан асырып екіншіге, екінші аяғының арасынан үшіншіге т. с. с. бір жоғары бір төменнен соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, команданың басына жүгіріп келіп, тұра қалып бұрынғыдай етіп ойынды жалғастыра береді. Ойынды бірінші бастаған ойыншыға дейін ұпай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.

«Сиам егіздер» сайысы
Шарты: бір команданың екі ойыншысы бір жейдені киіп, 3 минут ішінде бір доппен таласып, допты себетке лақтырып ұпай жинау керек. Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.

«Боулинг»
Шарты: тізілген кеглилерді доппен соғып құлату арқылы ұпай жинау керек. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

«Веложарыс»
Шарты: кедергілер арқылы велосипедпен өтіп, арғы беттегі ойыншысының бір киімін кигізіп, кері қайтады да, велосипедін команданың келесі ойыншысына береді. Ойын осылай жалғасады.
Қорытынды бөлім

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама