Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Жұмбақтар әлемі
Тақырыбы: Жұмбақтар әлемі
Мақсаты: Жұмбақтар арқылы оқушының ой – өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру; шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, бір – бірін тыңдай білуге, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, суреттер.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сайыстың өту барысы
Бұл сайыстың ерекшелігі, сайыс бөлімдері түрлі жұмбақтардан тұрады. Жұмбақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері.
Біз жұмбақтар әлемінің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екеніне көз жеткіземіз. Олай болса, осы сайыс арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға ортаға салайық. Сайыста жеңу үшін белсенділік танытып, берілген тапсырмаларға өзгелерден бұрын жауап берулеріңіз керек.
ІІІ Сайыс бөлімдері:
1. Сөзжұмбақ шешу
Әріп жұмбақ
Кім тапқыр?
Жұмбақ жасыр
Сурет – жұмбақ
І топ тапқырлар
ІІ топ білгірлер
Сайыскерлерге әр бөлімде қорытынды баға беріліп отырады.

І бөлім «Сөзжұмбақ»
1. Ең кіші үш таңбалы сан (жүз)
2. Тікұшақтың туысы (ұшақ)
3. Көрпеге салатын ақ ұлпа (мақта)
4. Қысқы аяқ киім (байпақ) 5. Үлкен, қатты өсімдік (асқабақ)
6. Арзанға қарама – қарсы сөз (қымбат)

1. Жыл мезгілі. (жаз)
2. Сайыс бағасы. (ұпай)
3. Тышқан жауы. (мысық)
4. Белді буатын зат. (белбеу)
5. Батырдың есімі. (Алпамыс)
6. Су алатын жер. (құдық)

ІІ бөлім «Әріп жұмбақ»
Бұл бөлімде екі топтың оқушылары шапшаңдық таныту керек. Қай топ бірінші жауап берсе сол топ ұпай алады.
1. Қырда бар, тауда жоқ.
Айранда бар, сүтте жоқ. (Р)
2. Өңірде бар, өмірде жоқ.
Жеңілде бар, ауырда жоқ. (Ң)
3. Сарыда бар, көкте жоқ.
Сұрда бар, ақта жоқ. (С)
4. Қарда бар, мұзда жоқ.
Құзда бар, жарда жоқ. (Қ)
5. Шамда бар, шаңда жоқ.
Малда бар, аңда жоқ. (М)
6. Көйлекте бар, шалбарда жоқ.
Етекте бар, балақта жоқ. (К)
7. Жұлдызда бар, айда жоқ
Бұлтта бар, күнде жоқ (Ұ)
8. Бөрікте бар, жаулықта жоқ,
Өрікте бар, мейізде жоқ. (Ө)

ІІІ. Кім тапқыр?
Жұмбақтар шешу
1. Үлкен үйге барасың,
Үлкен білім аласың. (мектеп)
2. Қате көрсе өшіреді,
Деме оны кешіреді. (өшіргіш)
3. Жылжытады алға бізді,
Жылжымайды бірақ өзі (сынып)
4. Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге. (білім)
5. Түйістірді көзіңді көзіңе,
Жолықтырды өзіңді өзіңе (айна)
6. Қалтамда жатыр тісі бар,
Тістемей – ақ істер ісі бар. (тарақ)
7. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (жұлдыз)
8. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды (күннің көзі)
9. Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (шана)
10. Табаныма абайладым,
Қос таяқпен айдадым (шаңғы)

ІҮ бөлім «Жұмбақ жасыр»
Берілген суретті табу үшін сурет бетіндегі ұяшықтардың бірін таңдап алып тастау керек. Жасырын суреттің бір шеті ашылғаннан кейін, қандай сурет жасырылғанын толық айту керек.

Қорытынды:
Білім деген – биік шың, биік шынар,
Биік шыңды бағындырсаң көңілің тынар,
Биіктерге қол созған мақсатыңа,
Еңбегің мен білімің алып шығар, - дегендей, «Жұмбақтар әлемі» сайысы аяқталды.

Жұмбақтар әлемі. жүктеу
Жұмбақтар әлемі. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама