- 05 нау. 2024 01:40
- 233
Жұмбақтар әлеміне саяхат
Жұмбақтар әлеміне саяхат
Мақсаты: Балаларға жұмбақтар туралы білім беру, жұмбақтардың түрлерімен, халық ауыз әдебиетімен таныстыру. Сөздік қорын, тіл байлығын,
ой - өрісін дамыту. Аңғарымпаздыққа, тез ойлана білуге тәрбиелеу.
Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? Жұмбақтар әртүрлі болады екен. Олармен жақынырақ танысу үшін мен сендерді жұмбақтар әлеміне саяхатқа шақырамын.
Жұмбақ халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Әр жұмбақта заттың аты аталмайды, оны ойлап не туралы айтылғанын табу керек. Жұмбақтың шешуін оңай жолмен табу үшін, ұқсайтын затпен салыстырады немесе ерекше сипаты айтылады.
І аялдама: Ойын «Жыл мезгілін тап».
Күн ұзарып,
Қар еріп,
Су сайларға толады.
Бұл қай кезде болады? /Көктем/
Күнде ысып,
Жеміс - жидек пісіп,
Ел пішенін орады.
Бұл қай кезде болады? /Жаз/
Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады.
Бұл қай кезде болады? /Күз/
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай кезде болады? /Қыс/
Жыл мезгілінің ерекшеліктері, қазір қай мезгіл, қай ай екені жөнінде әңгіме.
ІІ аялдама: Ойын «Мекенін тап».
Бір шетте орман тұр, қандай жабайы жануар екенін анықтап орманға жіберу.
Өзі айлакер қу,
Жүрген жері айқай - шу. /Түлкі/
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. /Қоян/
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. / Аю/
Бір шетте үй тұр, үй жануарларын тауып үйге жіберу.
Биіктеу бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. /Түйе/
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған. /Мысық/
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. / Сиыр/
Адамға серік,
Күзетке берік. /Ит/
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың...
ІІІ аялдама: «Төртінші артық».
Көкөністер мен жемістерге арналады.
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. /Қияр/
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. /Пияз/
Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар. /Сәбіз/
Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасында сүйек қатты. /Өрік/
Қияр, пияз, сәбіз - көкөністер, өрік - жеміс, сондықтан өрік артық.
Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күзге жеткенде. / Алма/
Моншақтай тізілген,
Бір - бірлеп үзілген. /Жүзім/
Электр шамға ұқсаймын,
Дәмімді татшы ағайын. /Алмұрт/
Доптар жатыр желісі бар,
Қабат - қабат терісі бар. /Орамжапырақ/
Алма, жүзім, алмұрт - жемістер, орамжапырақ - көкөніс, көкөніс артық.
ІV аялдама. Ойын: «Сипаттама бойынша тап».
Жұмбақтың шешуін тапқан қандай қызық, ал жұмбақты ойлап тапқан одан да қызық, балалар. Мынау тік төртбұрыштар, солардың астында тығылып тұрған заттар бар, заттарға мен сипаттама беріп, жұмбақ ойладым, ол не зат екенін сендер табыңдар.
Шіркіннің өзіне обал - ақ,
Жүреді аяқта домалап. /Доп/
Үрлесең жеп - жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Жарылып қалмаса,
Бұлтқа да жетеді. /Шар/.
V аялдама. Қорытынды, мадақтау.