Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Журналистика саласындағы алғашқы ұстазым

Өмірде әр адамға, бір саланы үйретуші, алғашқы ұстазы болып табылады. Менің де солай журналистика саласындағы бағыт-бағдар беруші алғашқы ұстазым - Түктібай Мөлдір болды. Мөлдір маған журналист саласындағы пайдалы ақпараттармен бөлісті және әрдайым өзінің керемет кеңестерін айтып мені шабыттандырды. Ендігі кезекте алғашқы ұстазым Мөлдірдің керемет іс-әрекеттеріне толыққанды тоқталсам.

Мөлдір жайлы айтатын ақпараттарым өте көп. Ең алдымен қалай танысқаным жайлы айтып өтейін. Мөлдірмен Tik tok желісі арқылы таныстым, өте керемет қыз екенін бірден байқадым. Өзімнің журналистика мамандығына байланысты сұрақтарымды қойып едім, лезде толыққанды жауап берген болатын. Бұл жауап мен үшін, Мөлдірдің ақкөңіл және мейірімді жан екенін білдірді.

Мөлдір тұла-бойна көптеген жақсы қасиеттерді сіңіргені әр адамзат баласына бірден байқалады. Мөлдір жас журналистерге өз білген білімімен бөлісу үшін, ватсап желісінен топ ашып, Қазақстанның әр өңірінен жиналған болашақ журналистерлің басын қосты. Мені де топқа қосуды ұмытпады. Әрі қарай Мөлдір журналистика саласына тапсыратын түлектердің сауалына толыққанды жауап беріп, болашақ журналисттерді шабыттандырды.

Мөлдір өзінің жарты жылдық еңбегінің нәтижесінде, 2022 жылы “Ұлан” газетінің жас тілші куәлігін алған болатын. Әрине бұл менің журналисттика саласындағы алғашқы ұстазымның, еңбегінің жемісі. Маған әрдайым өзінің кеңестерімен бөлісіп, журналистика мамандығына деген қызығушылығымды арттырды. Мөлдірге шексіз алғыс айтамын!

Мөлдір ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне грантқа түсті. Бұл Мөлдірдің айқын мақсаттарының бірі, орындалған күн болды. Мөлдір мықты журналистика саласының майталманы болатыны сенімін мол. Журналистика саласында маған толыққанды ақпараттар мен өзінің керемет портфолиосын көрсетті. Портфолиосы өте күшті екен. Ұстазым маған әрдайым өзінің пікірі мен кеңесін айтып, маған әрдайым мотивация берді. Мені керек кезде қолдап, мақала жазудан жалықпауыма септігін тигізді.

Осылай журналистика саласындағы жас ұстазым-Түктібай Мөлдір болды. Мөлдірдің жасаған жақсылығын мен ешқашан ұмытпаймын. Керісінше әрдайым жадымда сақталады. Жұлдызың жарқырай берсін, Мөлдір!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама