- 07 қыр. 2023 00:00
- 251
Шетел асқан қазақстандықтар Англияда не істеп жүр?
Қазіргі кезде шетел асқан отандастарымыздың саны, күрт өсуде. Әлеуметтік желілерде сағатына шөп жұлып, құлпынай және де қырыққабат теріп жүрген, отандастарымыздың видиолары қызықтырмай қоймады. Олар сағаты әртүрлі жұмыстар атқарып және көптеп ақша алып жатқандарын айтып, желілерде қызу пікір таластар тудырған жайы бар. Пікірлердің алуан көбі жақсы ниетпен жазылған. Себебі: халықтың ай сайынғы табысы аз болған соң, Англиядағы отандастарымыздың сағаттап қомақты ақша алып жатқанына тәнті болды.
Қазақстанда Англия еліне бару хит болып кеткен сияқты. Tik tok желісін ашқан сәттен Англиядағы отандастарымыздың шөп жұлып, құлпынай теріп жатқанының көреміз. Өздерінің бір күндік жұмысының қалай өтіп жатқанын айтып, қарапайым халықты қызықтырмай қоймады. Әлем чемпионы да қырық қабат теріп жүргенін хабарлап, айына 1,5 миллион теңге тауып жүргенін мәлімдеді. Бұл еліміздің жалақының төмендігі ме? Жауап - жастардың Англия еліне ағылып баруына, елімізде жалақының төмен екені себеп деп ойлаймын. Елімізде ай сайынғы жалақы жеткілікті түрде берілсе, жастарымыздың шетел асып кетпей елімізде жұмыс атқаратын еді. Мысалы, ауылдық жерлерде күндік жұмыс таңнан кешке дейін, 5000 теңгені құрайды. Ал, Англия елінде отандастарымыз сағатына бес мыңнан, екі, үш есе көп тауып жатыр. Ал енді ойланып көріңіздер, Қазақстанда ыңғайлы немесе Англия жеріндеме?Бізге қызық жұмыстардың бірі, жұмыскер дән егілген ауқымды жерге, құстарды қондырмай үркітіп отырады екен. Бұл жұмысқада сағатына көптеп ақша алатын көрінеді. Англия жерінде қызық көрінетін жұмыстардың көп екенін, әлеуметтік желілер арқылы көрген болатынбыз.
Тіпті, Англия еліне жұмысқа келсеңіз, дәрі -дәрмектер және қажетті заттарыңызды т.б деп, ақыл кеңестер айтатын шақырушыларда кездесті. Себебі:Англияда кейбір заттар қымбат тұрады екен. Отандастарымыз шет елден аман-есен жүрсе, бізге жастарымыздың аман саулықтарыда жеткілікті. Отандастарымыздың қазақ еліне қайтатын ойы әзірге жоқ сияқты. Бұл жаңалық еліміздің телеарнасынан көрсетіліп, отандастарымызыдың өз пікірінде көрдік. Олар Англия жерінде жұмыс жасау ыңғайлы екенін жеткізді. Қазақстандықтардың шетелде табыс тауып жатқаны мені қуантады. Себебі: шетелден табыс әкелгені елеулі түрде елімізге пайдасын әкеледі.
“Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол”демей ме?, дана халқымыз. Сол себепті шетел аспай туған жерімізде жұмыс істегеніміз дұрыс шешім болады деп ойлаймын.