Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жусанда туған жердің иісі бар. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Сабақтың тақырыбы: Жусанда туған жердің иісі бар.
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстар бойынша алған білімдерін
кеңейту. Мәтінді түсініп, оқуға жазуға дағдыландыру.
ә) дамытушылығы: ойын, ребустер арқылы ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелігі: Туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, рухани – адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ребус суреттер, сызбалар, (слайд)
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ – жауап өз бетімен топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, өзін – өзі тану пәні

І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Қастек Баянбайдың «Елің» атты өлеңін оқығанда туған ел туралы өлең жолдарын жазып келуді тапсырдым.
Аңсар деген оқушым былай жазыпты: « Менің туған жерім өте әдемі. Ауыл Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Жайықтың арғы бетінде тоғай бар. Туған жерім өзіме ыстық көрінеді.

Көктоғайым туып өскен мекенім
Сен деп соғар кеудемдегі жүрегім
Өтіп жатыр осында балғын шақтарым
Жүрегімнен ақтарып жыр арнадым.

Жаннұр деген оқушым өлең шығарыпты.
Құрты да, қаймағы да, шұбаты да
Қымызы да, тарысы да бәрі ауылда
Ұзап кетсем, сапар шегіп алысқа мен
Бәрі еске түседі сағынғанда.

І Бағдарлау - мотивациялық кезең.

Операциялық - орындаушылық кезең.
І Топпен жұмыс.
- Жаңа тақырыпты бөліктерге бөліп әр топқа таратамын.
І топ
Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан елдің адамдары ұстап алып, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін араб елінде өткізіпті. Қайдан келгенін есіне түсіре алмапты.
ІІ топ
Бейбарыс өзінің мықтылығының арқасында әскербасы дәрежесіне жетіп, кейін патша болып, Бейбарыс сұлтан атанады.
ІІІ топ
Бір күні Бейбарыс сұлтан серуендеп жүріп өсіп тұрған жусанға көзі түседі.
Жұлып алып иіскейді. Жусанның жұпар иісі туған жерін есіне түсіріп, оған деген сағыныш жүрегін толқытады. Қазақта: «Жусанда туған жердің иісі бар» деген осыдан қалған екен.

ІІ Ой қорыту.

- Балалар біз топпен жұмыс жасадық. Топ ұжымды құрайтыны белгілі.
- Олай болса, ұжым болып бүгін біз батыр бабамыз туралы не білдік?
- Үйренгенімізді ортаға салайық.
- Балалардың ой-пікірлерін тыңдаймын.

Эвристикалық талдау.
Балалардың ой – пікірін тыңдаймын.

Сергіту сәті
Туған жердің иісін,
Сездік жусан шөбінен.
Бұл өсімдік киесін,
Көрдік жердің төрінен.
Таза ауамен тыныстап,
Бақытты жас баламыз,
Бұл жусанның өмірі,
Біздер үшін жыр - аңыз.

- Балалар біз не сездік?
- Жусан иісін...!
- Олай болса біздің оқулықтағы 68 - жаттығудың мазмұны да бүгінгі сабағымызға сәйкес келіп тұр.
- Жусан қандай өсімдік?
- Біздің елде өсе ме?

Тапсырма: «Жусан» топтастыру арқылы өсімдікке сипаттама
берейік.

Жұмбақты шеш.
... жасап буғаным не?
Өреге кептіріп жайғаным не?
Құлағын бұрап тартқаным не?
Сәукелеге таққаным не?
Келіге түйіп ақтадым не?
Қолыма иіріп атқаным не?

Ребусты шешу.
Суреттегі ат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құрап жаз.
Шешуі: Туған жер
Тапсырма: Сөзден жұп дауыстылардың астын сызу.
ІІІ Рефлексиялық - бағалау кезеңі

Сабақты қорытындылау.
Тесті сынақ байқауы арқылы (Тиістісін қой: ұ - ү, ы - і, а - ә)
Жуан Жіңішке
с... р с... р
с... н с... н
қ... р қ... р

Көңілді мәтінмен сырласу: (жай музыка әуенімен)
Египеттей алып елді биледі,
Үлгі алардай ерліктері көп еді.
Сағынғанда туған жерін ұлы бабам,
Жусанның иісінен сезеді.
Бейбарыстың өмірі, жүрген жері ел ортасындағы сағынышты көзқарасы туралы бейне клип жүріп тұрады.

Қорытындылау:
- Қорытындылай келе «қазақта тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»
деген ғой. Мәтін мен тарихтағы біртуар бабамыздың Атырау перзенті екендігін айта келе, «Батыр елдің ұл - қызына лайық, адал перзент болайық!» деген тілекпен аяқтағым келеді.
Үйге тапсырма: Туған жер, Отан туралы мақал - мәтел айту.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама