Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу
Сабақтың тақырыбы: Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қалдық матадан жұмсақ ойыншықтың пішу технологиясы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушыларды бейімді еңбекке баулып, қолөнер түрін терең меңгере отырып, үлгі бойынша жұмыс істей білуге, ой - өрісін кеңейту, эстетикалық талғамдарын дамыту.
Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасауға, еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс, сөзжұмбақ шешу.
Сабақтық көрнекілігі: дайын жұмсақ ойыншықтар, үлгілер сызбасы, нұсқау картасы.
Құрал – жабдықтар: мата, қайшы, ине, қатты қағаз.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, экономика, математика, әдебиет.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) оқушылардың құралдарын тексеру;
в) оқушыларға жақсы көңіл - күй сыйлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау, сұраққа жауап беру ақылы өткен сабақты бекіту.
III. Жаңа сабақ.
Кіріспе сөзбен бастау.
Оқушыларға сөзжұмбақ қою арқылы сабағымды бастаймын.
1. Бұйымды пішуге арналған зат.
2. Матаны неден жасайды?
3. Белден төмен киілетін қыздар киімі.
4. Үй жиһаздарына арналған ұлттық бұйым.
5. Қыздардың әшекей бұйымы.
6. Үлгіні матадағы қай жіптің үстіне салу керек?
7. Негізгі жіп матада қалай орналасқан?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу» Қалдық матадан жасалатын жұмсақ ойыншықтар балалардың ойнауына арналады. «Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында»- деген, ойыншық пішу үшін тұтынуға жарамсыз деген киімдерді, мата қиындыларын қолдануға болады.
XIX - XX ғасыр ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең. Әр халықтың ойыншықтарының өзіндік өрнектері, яғни әр ұлтқа тән нақыштары болған.
Ойыншық дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген балалар ойнау үшін жасалған зат» деп жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қол өнердің бір түрі. Белгілі суретші Н. Д. Бартрам «Ойыншық – өмір айнасы» деген.
Ерте замандағы ойыншықтың бір түріне қуыршақ жатады. Ең көне египет қуыршақтарына төрт мың жыл толған. Сол сияқты ежелгі Грек пен Римде де қуыршақтардың көптеген түрлері табылған. Жұмсақ ойыншықтар көбіне піл, қоян, аю т. б жан-жануарларды тігуге болады. Қолдан тігілген ойыншық кімді де қызықтырмай қоймайды. Сондықтан үлгі сызбасын қағазға түсіру арқылы қалдық матадан жұмсақ ойыншық жасаймыз.
IV. Сарамандық жұмыс.
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп қайталаймыз. Инемен, қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
• Қайшы өткір болу керек.
• Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партамыздың оң жағына қоямыз.
• Қайшыны ұсынар кезде сабымен ұсын.
• Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені инені жоғалудан сақтайды, егерде инені жоғатып алсаң мұғалімге ескертіп тауып ал.
• Инемен тіккенде аузыңа салма, киімге қадама.
• Сынған инені жерге тастама, ешкімді зақымдамайтын жерге таста.
• мата, былғары, тағы басқа жұмсақ материал қалдықтары, фурнитура - түймелер, ілгектер, ойыншықтың көзін, мұрнын салу үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар, инелер (ойыншықтың көлеміне байланысты), қайшылар, біз, түймелер, картон (фурнитураны монтаждауға).
• тігінге арналған бор, сызғыш, үшбұрыш, метр, жіп, мақта, синтепон, паралон т. б.
Оқушыларға дайын үлгіні таратамын. Содан кейін үлгіні қалдық матаға салып жекеленген дене мүшелерін қиыңдар. Осылайша әрбір дене мүшені даярлап аламыз, тігеміз.
V. Сабақты бекіту.
1. Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу үшін қандай материал қажет?
2. Негізгі әшекейлік бөліктерін қалай дайындаймыз?
3. Үлгідегі бөлшектерді қалай біріктіреміз?
4. Жасалған жұмсақ ойыншықты не мақсатқа пайдаланамыз?
5. Техникалық қауіпсіздік ережесі сақталды ма?
6. Пішу барысында матаның қай бетін қолдандыңдар?
7. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп кемшіліктері болса айтып түсіндіремін, қортындылау, бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру: жұмысты толық аяқтап келу.