Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар
Сыныбы: 8 сыныптар
Тақырыбы: Жүзден – жүйрік, мыңнан - тұлпар.

Білімділік мақсаты: Өткен материалды естеріне түсіріп, карталарды пайдалана білуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, проблемалық сұрақтар қою арқылы экологиялық тәрбие беру, белсенділігін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа, Отан, халқына, еліне деген сүйіспеншілікке баулу. Топпен жұмыс істеу дағдыларын молайту.
Іс - шара түрі: Сайыс.
Оқыту әдістері: Топпен жұмыс.
Оқу құралдары: Қазақстанның физикалық картасы, тапсырма қағаздар, слайд, бейнекөрініс.
Іс - шара жоспары:
І кезең - ұйымдастыру кезеңі.
ІІ кезең – ойын кезеңі.
ІІІ кезең - қорытынды кезеңі.
Сайыс жоспары.
1. Таныстыру.
2. Ой қозғау.
3. Ой толғаныс.
4. Мен - саған, сен – маған.
5. Бұл не?
6. Әуенін тап
7. Ойлан да тап..
8. Экологиялық аялдама.

Сайыс барысы:
Қайырлы күн, бүгінгі сайыстың құрметті қонақтары. «Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар» атты сегізінші сыныптар арасындағы сайысымызды бастаймыз.
Бүгінгі сайысты бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайын:
1) Мектептің оқу ісінің меңгерушісі:-
2)
3)
Енді ойын шартымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру.
2. Ой қозғау.
3. Ой толғаныс.
4. Мен саған, сен маған.
5. Бұл не?
6. Әуенін тап.
7. Ойлан да тап.
8. Экологиялық аялдама.

Сайысымыздың бірінші кезеңі.
1. Таныстыру.
Әр топ төсбелгісін, газетін, ұранымен таныстырады.
Сайысымыздың екінші кезеңіне өтейік.
2. Ой қозғау.
Топтарға кезегімен сұрақтар оқимын.
1. Қазақстанның жер көлемі қанша? (2724, 9 мың км2)
2. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында? (тоғызыншы)
3. Жер көлемі жағынан ТМД елдерінің ішінде - Қазақстан нешінші орынды? (екінші орында)
4. Хан - Тәңірі шыңын ашқан саяхатшы - ғалым (Семенов - Тянь-Шанский).
5. Қырғыз халқының «Манас» эпосын алғаш рет қағазға түсірген саяхатшы - ғалым. (Шоқан Уәлиханов).
6. Қостанай облысынан шыққан атақты географ? (Шоқан Уалиханов)
7. Қарақия ойысы қайда орналасқан? (Маңғыстау түбегінде)
8. Қазақстан аумағы қандай климаттық белдеуде орналасқан? (Қоңыржай)
9. Әмудария мен Сырдария өзендері аралығында жатқан шөл? (Қызылқұм).
3. Сайысымыздың үшінші кезеңі «Ой толғаныс» деп
аталады. Бұл сайыста бейнекөрініс көрсетіледі, соған эссе жазу.
4. Келесі кезең Мен - саған, сен - маған.
«Экология» сөзжұмбақтарын әр топ бір – біріне беріп шешеді.
5. Бұл не? Кезеңі.
Топқа жұмбақ сұрақтар беріледі. Жауабын айтып картадан көрсетеді.
1. Тау солтүстігінен оңтүстікке қарай 200 км - ге созылып жатыр. Ең биік нүктесі 657 м көне тауының табиғи жалғасы болып келеді.
2. Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігін алып жатыр. «аспанмен таласқан тау» деген мағына береді. Ендік бағытта созылып жатыр.
3. Оңтүстік бөлігі ғана Қазақстан жерінде. Саз балшық, саздауыт, құм сияқты шөгінді жыныстардан түзілген. Оңтүстіктен солтүстігіне қарай еңіс болып келеді.
6. Әуенін тап кезеңі? Слайдта көрсетілген түсті таңдап, түс артында келтірілген өлең шумақтарын әуенімен орындап береді.
7. Ойлан да тап. (слайд арқылы). Сөйлемде қалып қойған объектіні толтырып, картадан көрсету.
8. Экологиялық аялдама. Топ басшылар сайысы. Бейнекөріністер экологияға байланысты көрсетіледі. Экологиялық аймаққа сипаттама жасайды.

Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылардан жеңімпаз топты атауларын сұраймыз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама