Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
Киіз үй
Тақырыбы: Киіз үй (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Киіз үйдің жасалуы, тұрмыста қолданылуы туралы мәлімет беру. Киіз үй туралы түсінік - ұғымдарын молайтып, білімділікке жетелеу.
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс жасай отырып тілдік қорды дамыту, сауатты жазуға дағдылау
Тәрбиелік: Ұлттық мәдениетті құрметтеуге, ұлттық құндылықты сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі: СТО әлементтері, сұрақ - жауап, тапсырма
Сабақтың формасы: Топпен жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, тірек сызба.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе:
1. Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз».
Оқушылар сабақты бір - біріне жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл - күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді.
- Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» дейді. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып бастайық.
2. Ой қозғау.
Сынып үш топқа бөлінген. Топ мүшелеріне төмендегідей сұрақ қойылады.
-“Шаңырағың биік, керегең кең болсын” деген сөзді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру:
1. – Бейне мәліметке назар аударыңыз!
Киіз үй туралы бейне мәліметті оқушыларға көрсету.
2. -«Киіз үй туралы» мәліметке сүйене отырып, ДЖИГСО әдісімен мәтіндер беріледі. Қызыл түстілер бір бөлек, жасыл және көк түстілер бір бөлектен отырыңда. Қызыл түстілерге мәтіннің 1 - ші бөлігі, жасыл түстілерге мәтіннің 2 - ші бөлігі, ал көк түстілерге мәтіннің 3 - ші бөлігі беріледі.
Оқушылар мәтіндерді оқып болған соң, өз орындарына отырады. Әр топ мүшелері мәтіннің мазмұнын айтып береді.

І – топ мәтіні:
Киіз үйдің негізгі қаңқалары: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық. Оларды киіз үйдің сүйектері дейді.
Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі екі метрдей болады. Керегенің әр бөлігін – қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Осыдан кейін бақанмен шаңырақты көтереді. Бақан шаңырақты көтеруге арналған ашалы ағаш. Сонан соң уықтарды шаншыған. Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі – босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады. Оған сықырлауық орнатылады. Сықырлауық – киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Ол екі таянышқа ілмек арқылы ұстасады, ашып – жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны сықырлауық деп атайды.

ІІ - топ мәтіні:
Осыдан кейін үйдің киізін жабады. Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік.. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады. Оның туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ертеректе қазақта қой көп, сондықтан киіз үйге қажетті материал жеткілікті болған.
Киіздер құр, баулар арқылы тұтылады. Олар туырлық - бау, түндікбау, үзікбау, желбау деп аталады. Туырлық пен үзікбаулары кестелі, оюлы жалпақ құрдан жасалып, үйге көрік беріп тұрады.
Киіз үйдің бір бөлшегі – ши. Оны жүнмен орап, кілем, текемет түсіндей оюлармен безендіріп тоқиды. Ши кереге мен туырлықтың екі ортасына келеді. Оның әсемдікке әрі жылылыққа әсері мол. Сондай – ақ ши тұрғанда сырттан жәндіктер кіре алмайды.

ІІІ - топ мәтіні:
Киіз үй маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мүның да бірнеше түрі бар. Алтын орда - 30 қанаттан тұратын ханның мәжіліс ордасы. Ақ ала орда - 8 қанатты дәулетті бай, үй. А қ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар тұратын үй. Боз үй, қоңыр үй, қараша үй - 4 - 5 қанатты қарапайым адамдар тұратын киіз үй. Отау үй - жас жұбайлар үйі. Жолым үй, абылайша үй, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үй. Ақ шаңқан үй - сүттей ақ, аппақ киіз үй. Ұраңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

3. – Балалар, осы оқыған мәтіндерге тақырып қойыңдар.
Мәтіннің тақырыбы мен жоспары анықталады:
Сабақтың тақырыбы: Киіз үй
Мәтіннің жоспары:
1. Киіз үйдің бөліктері
2. Үйдің киіз қаптаулары
3. Киіз үйдің түрлері

4. Бағалау парағы. Оқушылар бір - бірін бағалайды.( 1 - ші топ 2ші топты, 2 - ші топ 3 - ші топты, 3 - ші топ 1 - ші топты бағалайды.)
– Балалар, біз жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтап, мазмұнын айтып, киіз үй туралы біраз мәлімет алдық. Енді әр топ бірін - бірі бағаласын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама