Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жиреншенің ұшқырлығы

Жиренше ойшыл, сөз тапқыш адам болады. Бір күні әз Жәнібек хан бір қазды атып алып Жиреншеге береді де: «бұны пісіріп өзіме, ханымыма, екі балама үйлестіріп бөліп бер!» деп тапсырады. Жиренше қазды үйтіп, пісіріп алып келеді. «Бесмелла рахман рахим!» деп басын кесіп алып,
«сіз бәріміздің басшымызсыз ғой» деп басты ханға береді. «Еркек бас, әйел мойын ғой» деп сорайған қаздың мойнын ханымға ұстатады. Екі қанатын кесіп алып, «бала атаның қанаты ғой» деп екі баласына береді. «Мен басы да, аяғы да емен, ортасымын ғой» деп барлық етін өзі алады.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама