- 17 қаң. 2020 00:00
- 253
Жиренше мен әз Жәнібек
Әз Жәнібек хан айтады екен:
— Осы Жиренше бала түбінде би, шешен болады, — деп.
Қасындағы жолдастары ханның бұл сөзін ауырлап жүріпті. «Алты жасар бала болады деп қайдан біледі. Не болса соны мақтайды екен» деп.
Бір күні жап-жалаңаш ойнап жүрген бала Жиреншеге хан бөркін алып басын көрсетіпті. Жиренше аузын ашып, тілін көрсетіпті. Далаға шауып ойнап кетіпті. Хан қасындағы билерге:
— Мен Жиреншеге не дедім, Жиренше маған не деді? Осыны шешіп беріңдер, — дегенде, біреуі де шеше алмапты.
Сонан соң хан Жиреншені шақырып алып:
— Жаңа мен не дедім, сен маған не дедің? — деп сұрағанда,
Жиренше:
— «Сен басқа пәле қайдан?» деп басыңды көрсеттің, мен «басқа пәле тілден» деп тілімді көрсеттім, — депті. Сонда:
— Рас-ақ, осылай дегеніміз, — депті. — Бұл Жиреншені күн демеңіз, — депті.