Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Келді хатың, мен шаршап
Келді хатың, мен шаршап
Отырғанда дамығып.
Хабарыңа бек аңсап,
Сүзіліп көзім талығып.

Сөзіңнен көріп өзіңді,
Құшақтай алдым қамығып.
Кім сүртті сонда көзімді,
Қамықпайын не ғылып.

Сөйлесіп гүлдей жайнады,
Булыққан көңілім тарығып.
Қапалы лебізің айдады,
Гүл самалға малынып.

Хатың болып бір айна,
Қарай қалдым аңырып.
Баяғы Махмұт жоқ, қайда?
Өзімді қаппын жаңылып.

Сарғайған, түсі өзгерген,
Шаң басып, кеуіп қаңырып.
«Кімсің?» — дейді кез келген,
Достына жалғыз танылып.

Айнадан көріп бұл түсті,
Кете жаздым жарылып:
Қуат бітті бір күшті,
Жеңілерлік тағдыр жалынып.

Мысал етіп бұл жөнге
Көрсетейін мынаны:
Қуаты күшті вулкандар
Сөнгендей біраз тұрады.

Өлусіреп, әлсіреп,
Түтіні кейде шығады.
Булыққан сайын қуатты
Бойына жиып нығады.

Ол қуатпен атылды,
Кім қарсылық қылады?
Бетін жапқан тау-тастар,
Быт-шыт болып сынады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама