Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Кең - байтақ Қазақстаным

9 кл. Откр. урок. по БиС технолог.
9 - сыныптағы ашық сабағының әдістемелік әзірлемесі
63% 21 оқушы
10 оқушы - «5» пен «4»
Тақырып «Кең - байтақ Қазақстаным»
Мақсаты:
1. Оқушылардың Қазақстан елі туралы білімдерін қайталап шығу, білуге, әңгімелесуге, тез, жылдам жұмыс істеуге үйрету.
2. Сөздік қорын молайту, тіл дамыту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Өз туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнелікті құралдар: Интербелсенді тақта, суреттер - презентация, слайдтар, тапсырма - парақтар, кәртішкелер, оқулық.
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабаққа назар аудару.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазақ тілі сабағымызды бастайық. Бүгін наурыздың жиырма төртісі. Бүгін сабақта біз БиС технология Ауызша сабақ - 1 картасы бойынша жұмыс істейміз.
Сабағымыз бес кезеңнен тұрады: Слайдтардағы кезеңдерін көрсетіп, оқып шығамын. 1, 2, 3, 4, 5, 6. (3 минут)
Ортаға сынып көшбасшысын шақырамыз, Алишер, шығағой.
- Біз үлгілі оқушы боламыз ба? (Иә)
- Біз Қазақстанның мақтанышы боламыз ба? (Иә)
– Біз қазақ тілінен жақсы нәтижеге жетеміз бе? (Иә) (1 минут)
Өткен тақырыптарды «Қарама - қарсы» сұрақтар бойынша қайталап шығайық Бір рет қол шапалақтайық!
Сұрақтар:
1. Сен нешінші сыныпта оқисың?
2. Сен қай мемлекетте тұрасың?
3. Әбілхан Қастеев кім болған?
4. Отан туралы қандай мақалды білесің?
5. Қазақстанның көне қалалары қандай?
6. Оңтүстік аймағы неге бай?
7. Мемлекеттік рәміздер нешінші жылы қабылданды?
8. Есімдіктің неше түрі бар?
9. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
10. Мемлекеттік рәміздері қандай?
11. Республикамыздың бас қаласы қай қала?
12. Реттік сан есімнің жұрнақтары қандай?
13. Етістіктің неше шағы бар?
14. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері қандай?
15. Түркістан қаласы қандай қала?
16. Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдерді білесіңдер?
17. Сарыарқа жері Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
18. Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
19. Абай Құнанбаев кім болған?
20. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
21. Қазақта қонақтарды кім қарсы алады?
( - 7 - 8 минут)
1 - кезеңнің қорытындысын шығарайық. Санап шығайық неше (+) шықты, (.....- ден ) кем болмау керек, сонда 63 пайызға шығамыз. 1 - кезеңді үлкен немесе кіші белгісімен аяқтадық,, 63 пайызға шықтық па? шықтық. Нәтижелеріңіз өте жақсы болды. ( 1 минут)
2. Енді балалар, екінші кезеңге көшеміз. Сабақ тақырыбын мақсатын айтамын.
Бүгінгі сабақ тақырыбы «Кең - байтақ Қазақстаным» (Тақтада слайд - тақырыбы. (Слайд 1)
Сабақтың эпиграфы: Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Мағынасын орысша айтып беру мақал
(Слайд - 2)
Бүгін сабақта осы тақырып бойынша жұмыс істейміз, жаңа сөздермен танысамыз, мәтінмен жұмыс істейміз және Ауызша сабақ - 1 картасы БиС технология бойынша әр түрлі тапсырмаларды тез және жылдам орындауға үйренеміз.
Мұғалім:
Әр адамның туған жері, Отаны болады, біздің Отанымыз - Казақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, егеменді мемлекет. Қазақстанның жері кең - байтақ, әдемі және бай. Еліміз Еуразия құрлығында орналасқан. Тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Нұр - сұлтан қаласы. Нұр – сұлтан қаласы бұрын Астана деп аталған.
Бұл – әдемі, бүкіл әлемге әйгілі қала. Еліміздің табиғаты, жері кең - байтақ, бай және әдемі.... Қазақстан Республикасы бірнеше экономиакалық аймаққа бөлінеді.: Батыс, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік, Орталық. Әр аймағы өзінше бай және тамаша.
(50 сөз) ( 3 минут)
(Слайд - 1)
Балалар, тақтаға назар аударып, осы тақырыпқа қатысты тірек сөздерімен танысып шығамыз. Мұғалім тірек сөздерді оқиды, мағынасын айтып береді., оқушылар бір рет қайталап шығады, хормен (Слайд - 4)
Түйіскен жерлерінде - на стыке
Орын тепкен - расположен
Шығанақ - залив
Мыс - медь
Түсті металл - цветные металлы
Әйгілі - известный
Сыңғырлаған бұлақтар - звенящие родники.
кең - байтақ - широкий, обширный - 13 сөз.
Осы сөздерді 45 секунд ішінде жаттап аласыңдар.
Парақшаларға осы тірек сөздерді 45 секунд ішінде жазып бересіңдер. )
Бір рет қол шапалақтайық! Уақыт басталды! Уақыт бітті! (Тірек сөздерді ашамын)
Парақшалармен айырбастаңдар, кім қанша сөз жазды, санаңдар. Кім 13 сөз жазды, сигнал кәртішкені көтеріңдер. 1 - 2 бала сөздерді оқып береді, кімде 10 - 9 сөз шықты! сигнал кәртішкені көтереді. Оқушылар айтып береді, Мұғалім матрицаға +қояды., матрица бойынша қалған балалардың нәтижелерін жазады: +,-.
2 - кезеңнің қорытындысын шығарайық: + неше шықты, егер..... оқушы + алса, 63 пайызға шықтық! 2 - кезеңнің нәтижелеріңіз жақсы! 2 кезеңді - үлкен немесе кіші белгісімен аяқтадық?
(2 - 3 минут)
3 - кезеңді бастаймыз
Енді балалар, Мәтінмен жұмыс істейміз. «Кең - байтақ Қазақстаным» деген мәтінді 4 минут ішінде ішінен оқып шығасыңдар, не туралы екен түсініп аласыңдар, содан кейін мәтінге сүйеніп менің сұрақтарыма тез және жылдам жауап бересіңдер.
1 рет қол шапалақтайық!. Уақыт басталды. (4 минут). Каждый раз говорю сколько осталось минут ( 4 минут)
Уақыт бітті.
«Перекрестный опрос» - мәтін бойынша «Қарама - қарсы сұрақтар»
1. Қазақстанның жері қандай? (кең - байтақ)
2. Қазақстан неше экономикалық аймаққа бөлінеді? (5)
3. Батыс Қазақстанда қандай теңіз, өзен бар? (Каспий теңізі. Жайық өзені)
4. Бұл өлкенің жер асты неге бай?(мұнай мен газға бай)
5. Бұл жерде қандай өндіріс кең орналасқан?(мұнай өндірісі)
6. Солтүстік Қазақстан неге мол өлке? (астыққа)
7. Бұл аймаққа қандай облыстар кіреді? (Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар)
8. Солтүстік Қазақстанда қандай кен орындары бар?(темір, асбест
9. Қандай атақты сұлу жерлер осы аймақта? (Көкшетау, Баянауыл)
10. Орталық Қазақстанды қалай аталады? ( Сарыарқа)
11. Сарыарқа қандай металдың үлкен қоймасы?( түсті металдардың )
12. Бұл өңірде қандай ненің үлкен қоры бар? (көмір мен мұнай)
13. Шығыс Қазақстан Қандай облыстарды қамтиды? (Семей және Шығыс Қазақстан)
14. Шығыс Қазақстан неге әйгілі? (түсті металл және электрстанцияларымен )
15. Мұнда қандай әсем көлдер бар? (Зайсан, Марқакөл)
16. Оңтүстік Қазақстанға қандай облыстар жатар жатады?(Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары)
17. Бұл жерде қандай таулары бар? (Алатау, Қаратау)
18. Қандай ірі көлдер бар?(Сырдария, Іле)
19. Бұл өлке неге бай? (көкөніске, мақтаға, жеміс - жидектерге)
20. Таулы аумақтарының табиғаты қандай? (Аса сұлу)
21. Қазақстан табиғаты қандай (әдемі, бай)
Енді санап шығайық неше: + неше шықты, егер..... болса, немесе одан көп 63 пайызға шықтық! Өте жақсы! 3 – кезеңді үлкен немесе кіші белгісімен аяқтаймыз (3 минут)
Слайд - 3 - кезең. Ал қазір, дұрыс жауап бермеген балаларға көмек жасаймыз
«Құтқару шеңбер», орысша айтқанда «Спасательный круг» деген тастаймыз.
Егер оқушы дұрыс жауап бермесе, қалған Оқушыларға қол көтеруге болады!
1. Қазақстанның жері қандай??
2 Еліміз қайда орналасқан?
3. Қазақстан жері неше экономикалық аймаққа бөлінеді?
4. Оңтүстік аймағы неге бай? (1 - 2минут)
Матрицаға қояды +, -?
«БОЙ СЕРГІТУ СӘТІ» (Қара жорға» биі (Интербелсенді тақтада) (1 минут)
4 - кезеңге көшеміз. Бір рет қол
Шапалақтайық!
Мәтінге сүйеніп, қате берілген сұрақтарға, дұрыс жауабын бересіңдер.
1. Қазақстанның жері өте кішкентай ма?- Жоқ, дұрыс емес. Қазақстанның жері кең - байтақ, әдемі және бай!
2. Қазақстан Республикасы Қытайда орналасқан ба?- Жоқ, дұрыс емес.......
3. Елімізде алты экономикалық аймақ бар ма?? Жоқ, дұрыс емес. Елімізде 5 эконом. аймақ бар)
4. Батыс Қазақстан астыққа бай ма? - Жоқ, дұрыс емес. Батыс Қазақстан мұнай мен газға бай
5. Оңтүстікте көмір мен түсті металдардың қоры көп пе? Жөқ, Оңтүстік аймағы мақтаға, көкөніске, мақтаға бай өлке.
6. Орталық Қазақстанды Семей деп атай ма? Жоқ, дұрыс емес,...... Сарыарқа деп атайды.......
7. Зайсан, Марқакөл өзендері Өңтүстікте орналасқан ба? Жоқ, дұрыс емес, Зайсан, Марқакөл өзендері Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.......
8. Шығыс Қазақстан облысы астыққа бай ма? Жоқ, Шығыс Қазақстан облысы түсті металдарға және электростанц. бай.
9. Көкшетау, Баянауыл сұлу жерлер Батыс Қазақстанда орналасқан ба? Жоқ, дұрыс емес, Көкшетау, Баянауыл жерлері Солтүст. Қазақст. орналасқан.
10. Біздің Отанымыз – Америка мемлекеті ме? Жоқ, дұрыс емес,......
11. Орталық Қазақстан жеміс - жидектерге бай ма? Жоқ, дұрыс емес, Орталық Қазақстан көмірге бай.
12. Нұр - сұлтан - еліміздің ең әдемі қаласы емес пе? Жоқ, дұрыс емес,......
Қорытындысын шығарайық Неше + шықты, егер..... немесе одан да көп болса, 63 пайызға шықтық! Осы кезеңді үлкен немесе кіші белгісімен аяқтадық. Өте жақсы! (4 минут)
(Смотрим по времени если есть, то можно бросить «Спасат. круг»?
«Құтқару шеңбер» «Спасательный круг» тастаймыз. )
Слайд - 4 - кезең. 2 - 3 сұрақ береміз, ал олар жауап береді. Оқушыларға қол көтеруге болады:
1. Қазақстанның жері өте кішкентай ма?- Жоқ, дұрыс емес. Қазақстанның жері кең - байтақ, әдемі және бай!
2. Қазақстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет емес? Жоқ, дұрыс емес.......
3. Еліміз Ресейде орналасқан ба? Жоқ, дұрыс емес. Еліміз Азияда орналасқан
4. Тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Алматы қаласы ма? Жоқ, дұрыс емес. Қазақстанның астанасы - Нұр - сұлтан қаласы
5 - кезеңге шықтық!
«Кең - байтақ Қазақстаным» деген мәтінді 3 минут ішінде ішінен оқып шығасыңдар, содан кейін 3 минут ішінде оқыған мәтін бойынша тақырыптық сөздерді, сөз тіркестер мен сөйлемдерді жазып бересіңдер, 50 сөзден кем болмау керек.
. Бір рет Қол шапалақтайық! Уақыт басталды! Уақыт бітті!
Қорытындысын шығарамыз: кімде 50 сөз шықты, сигнал кәртішкені көтеріңдер(Сигнал кәртішкені көтереді). 1 - 2 бала оқып береді Кімде 35 - 40, 45 сөз шықты? +,- белгілерін матрицаға қояды. 8 + алдық па? алдық, 63 пайызға шықтық па? шықтық, өте жақсы.
Сонымен 5 - кезеңді үлкен немесе кіші белгісімен аяқтаймыз, Түсініксіз сұрақтарды мұғалім өзі түсіндіреді. ( 7 минут)
6. Сонымен балалар, сабақтың барлық кезеңдерін 63 пайызымен аяқтадық па? Қазір Көріп шығамыз!. 1 - кезең: үлкен белгісімен аяқтадық, сондықтан 63 пайызға шықтық! 2 - кезең -?, 3 -?, 4 -...?, 5 -....? Сабақ тақырыбына байланысты мақсаттарымызды орындадық, әр кезеңінде өте жақсы жұмыс істедіңіздер, жақсы нәтижелерге жеттіңдер. Енді сабақ бойынша
Матрицаға сүйеніп, сіздердің білімдеріңізді бағалап шығамын: Кімде +++++ - 5, ++++ - 5,
+++ -«4», ++- 3,+ ал бір + болса - 2 бағаны қоймаймын. « 5»пен «4»- алған бағалар сан бойынша -...... кем болмау керек! сонда сабақ кезеңдері бойынша 63 пайызға шығамыз, санайды оқушылармен бірге, шықтық па? Шықтық! Өте жақсы. Бәріңізге көп рақмет айтамын келесі кездескенше сау болыңдар! ( 3 - 4минут)
Үй жұмысы: Отан, туған жер туралы мақал – мәтелдерді табу, жаттап алу.
Кең - байтақ - Қазақстаным (мәтін)
Қазақстан мемлекетінің жері кең - байтақ. Қазақстан - Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймаққа бөлінеді.
Батыс Қазақстан - Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орын тепкен. Каспий теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау шығанағы осы аймақта. Өлкенің жер асты байлықтары да өте мол. Әсіресе, мұнай өндірісі орындары дүние жүзіне кең танылуда.
Солтүстік Қазақстан – астығы мол өлке. Республикамыздағы астықтың жартысынан көбі осында өндіріледі.
Ол - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар сияқты солтүстік аудандар. Бұл жерде темір, асбест, кен орындары, Екібастұз жылу энергиясын өндіретін өндіріс орындары бар. Атақты Көкшетау, Баянауыл сияқты сұлу жерлер де осында.
Орталық Қазақстан – бұл, негізінен, Сарыарқа деп аталатын аймақ. Ол - Қарағанды, Жезқазған аумағын және Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды. Сарыарқа - Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы. Мұнда алтын, мыс, қорғасын, вольфрам, молибден, марганец сияқты металдар көп. Бұл өңірде көмір мен мұнайдың да сарқылмас қоры бар.
Шығыс Қазақстан - Семей және Шығыс Қазақстан өңірін қамтиды. Ол түсті металл және су қуатынан электр өндірумен әйгілі. Кенді Алтай осы аймақта. Мұнда Зайсан, Марқакөл сияқты әсем көлдер, бұлақтар өте мол.
Оңтүстік Қазақстанға - Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары жатады. Мұнда Алатау, Қаратау таулары, Сырдария Іле сияқты ірі өзендер бар. Бұл өлке
- мақтаға, көкөніске, жеміс - жидекке бай өлке.
Тірек сөздер:
Түйіскен жерлерінде - на стыке
Орын тепкен - расположен
Шығанақ - залив
Мыс - медь
Түсті металл - цветные металлы
Әйгілі - известный
Сыңғырлаған бұлақтар - звенящие родники.
кең - байтақ - широкий, обширный -
( 13 сөз)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама