- 12 нау. 2020 00:00
- 205
Кенженің Ағыбай асына баруы
Кенже бірде немересі Топайды ертіп, Балқаш жақта болған Ағыбайдың асына барған екен. Бұл ас «Ағыбайдың Тасаралы» деген жерде болған. Оған Ұлы жүз, Кіші жүз, Орта жүзден көптеген беделді кісілер шақырылған екен. Бұл асқа Ақберген би де шақырылып, оның інісі Кенже шақырылмай қалыпты. Кенже асқа шақырылмаса да, ат ерттеп, Ағыбайдың асына бармақ болыпты. Сөйтіп, Кенже немересі Топайды ертіп асқа келген екен. Ас болып жатқан жерге бірден бармай, Кенже немересімен ауыл жанындағы төбенің басында отырыпты. Сол кезде Ағыбайдың бәйбішесі төбе басында отырған Кенжені көріп, шақырып келуге адам жіберді. Әлгі кісі тобе басындағы Кенжеге келіп:
— Ауылға жүріңіз, — деп ертіп келіпті.
Аста ат жарасы, палуан күресі болады. Әдетте мұндай жарыстар төбелессіз тарамайды екен. Кенже аста болған ат жарысының, палуандар күресінің бәйгелерін тең бөліп, үлестіріп беріпті. Қайтатын кезде Ағыбайдың бәйбішесі:
— Не аласыз? — десе, Кенжекең:
— Мен бұл астан бір нәрсе алайын деп келген жоқпын, — дейді.
Кенже Ағыбай батырдың тақиясын ырым ғып немересі Топайға берген екен.
Оқуға кеңес береміз:
Наурызбайдың жолбарысты өлтіруі
Құрманқұлдың Наурызбайдың ерлігіне риза болуы