Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Керек кәсіп бәрі де...
Керек кәсіп бәрі де... /9 - сынып/

Мақсаты: Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен қиындылығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Міндеті: Қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.

Жоспар:
I. Ұйымдастыру:
1) Шоуға қатынасатын қонақтар мен оқушылардың дайындығын бақылау, қадағалау.
2) Тәр/сағ. тақырыбын, мақсаты мен жүрісін таныстыру.

II. Негізгі бөлім:
1) Кештің құрметті қонақтары, мамандар мен кәсіпкерлері
Кітапханашы;
Кәсіпкер - тігінші;
Машинист;
Өрт сөндіруші;
Кәсіптік лицейдің мұғалімімен пікірлесу. Мамандармен пікірлесу.
2) «Өнерлі қонақтар»

III. Қорытынды.
Би «Көңіл ашар», Орындайтындар: Асылбек, Мөлдір, Сүндет, Айдана.
1 – жүргізуші: Ыбырай Сахиев
2 - жүргізуші : Асылан Мәтенов
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, бүгінгі кештің сыйлы қонақтары!
1 - жүргізуші. «ХАБАР» телеарнасындағы «Кеш қалмаңыз!» бағдарламасының желісімен 9 в сыныбында өткелі отырған «Керек кәсіп бәрі де...» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - жүргізуші Ең алдымен бүгінгі шоудың жүргізушілерімен таныс болыңыздар! Мектебіміздегі дене тәрбие пәнінің мұғалімі, 9 сынып жетекшісі Сахиев Ыбырай Базарбайұлына қошемет көрсетейік!

1 - жүргізуші. Білімді, парасатты, мектеп мақтанышы болып жүрген Мәтенов Асылан Мерекешұлына да үлкен қошемет!
2 - жүргізуші Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

1 - жүргізуші. Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды. Зал ішінде ең мықты мамандар, шебер кәсіпкерлер қонаққа келіп отыр. Оларда өз мамандықтары жайлы сөз алады.
2 - жүргізуші Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық.

Әсем: Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата - анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта - ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата - анам көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме дейді. Сөйтіп мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата - анам бұл талабымды құптайды. Ж. Айдана: Ел жастары кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, ел экономикасын түлетуге аса қажет мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты мамандықты таңдаған жөн деп ойлаймын. Сонымен қатар шет тілін оқып үйренуге, осы тілде шетелдіктермен мүдірмей сөйлесетіндей деңгейде болу қажеттігін ұғынғанын қалаймын. Бұл нарық талабы. Менеджмент пен менеджерлікті меңгермей нарық көшіне ілесу мүмкін емесі жастар жадында жүрсе деймін.

А. Айдана: Компьютерді жетік меңгерумен қатар, интернетке шығудың қыр - сырын меңгерген дұрыс деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білсең тіпті жақсы. Әрине алдымен ана тілін жетік меңгеруім керек. Менде техник - программист мамандығын қалаймын.

1 - жүргізуші. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.
2 - жүргізуші Барлық кәсіптің де оңайы жоқ дейсіз ғой?

1 - жүргізуші. Асыланның бұл сұрағына жауап іздеп көрелік. Ендеше бейне экранға назар аударыңыздар. Кешіміздің алғашқы қонағы:
Алтын Жұмаш Төлеуқызы Кітапханашы Өмірдегі ұстанымы:
«Адам ынтамен жұмыс істейтін болса, онда жұмысы анағұрлым жеңіл және нәтижелі болады».

2 - жүргізуші Алтын апайды қошеметпен сахна төріне шақырамыз!
(Алтын апай өз пікірін айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап береді)
Жадыра: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер!
«Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық аброй кеткізер» - деп атақты күрішші Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай, өз кәсіптерінің нәсібін жеп жүрген ауылымыздың кәсіпкерлері мен маман иелерінің еңбектері өте зор!
Сағыз селолық округ әкім аппаратынан алынған деректер бойынша, ауылымызда 20 кәсіп орындар мен 137 тіркелген жеке кәсіпкерлер бар екен. 9 в сыныбында мамандыққа бағдарлау бағытында ұйымдастырылып отырған «Керек кәсіп бәрі де...» атты ашық тәрбие сағатына бейне материалды дайындаған болатынмын. Себебі менің болашақта таңдап отырған мамандығым журналист мамандығы. Сол мамандыққа өзімді бейімдеу мақсатында жұмыстар жүргізіп келемін. Бейне экранға назар аударайық.

Дайындаған: Ы.Сахиев

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама